3. Қазақстан Республикасы сайлау құқығының тәртібі.
Дүние жүзі мемлекеттерінде сайлау жүйесінің тепе тең және мажорлық екі жүйесі бар.
Тепе тең сайлау жүйесі алған дауыстар мен жеңіп алынған мандаттар арасындағы тепе теңдік принципіне құрылады. Тепе тең жүйенің жұмыс істеуі үшін бірқатар ерекше шарттардың болы қажет. Бірінші, үлкен аумақтық сайлау округтерін құру қажет. Екінші, тепе тең жүйенің тиімді жұмыс істеуі үшін кемінде қалыптасқан екі партияның болуы қажет.
Мажорлық сайлау жүйесінің: абсолюттік көпшілік және біршама көпшілік деген екі жүйесі бар. Бұл орайда мажорлық жүйеде, 1) егер оларға сайлаушылар тізіміне енгізілген бірінші тур сияқты, екінші турда да азаматтардың 50 проценттен астамы қатысса, сайлау өткен болып есептеледі; 2) егер кандидатқа берілген дауыстар саны дауыс беруге қатысқан сайлаушылар санының 50 процентінен асса, ол сайланған болып есептеледі.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Қ.И. СӘТБАЕВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ҚАШЫҚТЫҚТАН БІЛІМ БЕРУ ИНСТИТУТЫ
Қазақстан Республикасындағы сайлау Республика азаматының сайлау және сайлану құқығын еркін жүзеге асыруына негізделеді.
Бәсең сайлау құқығы ол ҚР азаматтарының ҚР Президенті, ҚР Парламентінің, мәслихатының депутаты немесе жергілікті өзін өзі басқару органына мүше болып сайлану құқығы.
Белсенді сайлау құқығы ол Республиканың 18 жасқа толған азаматының сайлауда дауыс беруге қатысу құқығы.
ҚР Парламентке депутаттарды төте және жанама сайлау құқығы белгіленген.
Төте сайлау құқығы принципі Президентін, Парламент Мәжілісінің және мәслихаттарының депутаттарын, жергілікті өзін өзі басқару органдарының мүшелерін азаматтардың тікелей сайлауынан көрінеді.
Жанама сайлау құқығы Парламент Сенатының депутаттарын сайлауға таңдаушылардың, яғни мәслихаттардың депутаты болып табылатын республика азаматтарының қатысатындығынан көрінеді.
Мемлекеттік органдардың бірыңғай жүйесіне:
Аумақтық сайлау комиссиясы;
Учаскелік сайлау комиссиялары кіреді.
Округтік сайлау комиссиясы;
Республиканың Орталық сайлау комиссиясы;
ҚР сайлауға әзірлік пен оны өткізуді мемлекеттік сайлау органдары ұйымдастырады. Бұл органдар бірыңғай жүйе құрады. Сайлау комиссияларының өкілеттіктерінің мерзімі бес жыл.
Референдум тікелей демократия, яғни халықтың мемлекеттік мәселелерді шешуге тура қатынасу нысандарының бірі болып табылады. Конституциялық құқықта референдумның түрлері: императивтік, консультативтік, конституциялық, заң шығарушылық, міндеттеушілік, факультативтік, мемлекеттік, жергілікті.
Достарыңызбен бөлісу: |