Конститутция 3 сөж



Дата10.03.2023
өлшемі15,55 Kb.
#171842
Байланысты:
Конститутция 3 сөж. Мелдебек Дана


Конститутция 3 сөж

  1. Жеке тұлғаның құқықтық жағдайының басты элементтерінің бірі – азаматтық. Республика Конституциясының ережелерін талдаудан келіп шығатыны: азаматтық тұлғаның Қазақстан мемлекетімен конституциялық- құқықтық байланысын білдіреді, ол ұзаққа созылатын және орнықты байланыстармен, олардың өзара құқықтары мен міндеттерінің жиынтығы болуымен сипатталады.

Азаматтықтың арнайы - өзіндік қағидаларына мыналар жатады:
1. азаматтықтың бірыңғайлығы және теңдігі қағидасы – Азаматтықтың бірыңғайлығы туралы конституциялық қағида мемлекеттің біртұтастығынан келіп шығады және Республика азаматтарының бірыңғай конституциялық құқық субъектілікке негізделген, бірыңғай құқықтық мәртебеге ие екендігін білдіреді. Азаматтықтың теңдігі қағидасы ҚР азаматтығын алу жолына қарамастан Республика азаматтарының құқықтары, бостандықтары мен міндеттерінің теңдігін білдіреді
2. азаматтықтың еріктілігі қағидасы – азаматтық алу және одан шығу ерікті түрде жүргізіледі;
3. азаматтықтың тұрақтылығы қағидасы - тұрған жеріне, отбасылық жағдайына, жас шамасына қарамастан ҚР азаматтығы тұрақты болып табылады;
4. бір азаматтық қағидасы – Қазақстан Республикасында азаматтық біртұтас, қос азаматтық мойындалмайды;
5. ҚР азаматтығынан айыруға болмайтындығы қағидасы – ҚР Конституциясына сәйкес Республиканың азаматын ешқандай жағдайда азаматтығынан, өзінің азаматтығын өзгерту құқығынан айыруға болмайды;
6. азамат пен мемлекеттің өзара жауаптылығы қағидасы – азаматтық байланысы жеке тұлға мен мемлекеттің арасында өзара құқықтар мен міндеттер туындап, өзара жауаптылық жағдайын белгілейді;
7. қан және топырақ құқығының үйлесімдігі қағидасы - ҚР азаматтығын тууы бойынша алу кезінде тиісті мәселе ата-анасының азаматтығына қарай және ҚР аумағында тууына қарай шешілуі мүмкін;
8. ҚР азаматын басқа мемлекетке бермеу қағидасы. Азаматтық институты Республика егемендігінің, тәуелсіздігі мен конституциялық құрылысының айқындаушы белгісі болып табылады, өйткені мемлекеттің азаматтарынан тұратын Қазақстан халқы ғана "мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы" болып табылады және "билікті тікелей республикалық референдум және еркін сайлау арқылы жүзеге асырады, сондай-ақ өз билігін жүзеге асыруды мемлекеттік органдарға береді".
2. Мен Қазақстан Республикасының азаматымын. Мен бұны өзімнің жеке куәлігім арқылы дәлелдей аламын.
3. Азамат- белгілі бір мемлекете саяси,тұрақты,құқықтық байланысы бар тұлға.
Адам – бұд Қ.Р азаматтығы жоқ адамдар, бұлар Қ.Р азаматы емес, сондай ақ өзге мемлекеттің азаматтығында болмайтын адамдар.
Ерекшелітері:

  1. Кейбір лауазымдарды ( сот , президент және т.б) тек Қ.Р азаматы ғана иеленеді

  2. Мемлекеттік құпиямен байланысты жұмысқа тек Қ.Р азаматы ғана кіре алады

  3. Қазақстанда шет ел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар еркін жүріп тұру құқығы шектеледі

  4. Жалпыға бірдей әскери мідеттілік тек Қ.Р азаматына ғана міндеттеледі

  5. Шет ел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар Қ.Р саяси өміріне араласа алмайды.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет