Көпқылтандылар класы Көпқылтанды құрттар



Дата02.03.2022
өлшемі19,24 Kb.
#133900
Байланысты:
6- апта.Полихеттер класы ОСӨЖ


Көпқылтандылар класы
Көпқылтанды құрттар , полихеттер (лат. Polychaeta) – буылтық құрттар типіне жататын құрттар. Бұлар кембрий кезеңінен белгілі. Жер шарында кең тараған 5 мыңнан астам түрі бар, көпшілігі теңізде тіршілік етеді. Денесінің ұзындығы бірнеше мм-ден 3 м-ге (Eunіce gіgantea) дейін жетеді. Басым көпшілігі белсенді жүзіп, ал кейбіреулері су түбіне бекініп, немесе топырақты қазып тіршілік етеді, “үйшік” немесе түтікшелер жасайды. Паразиттік тіршілік ететін түрлері де кездеседі. Денесі бас, тұлға және аналь (пигидия) бөлімдерінен тұрады. Бас бөлімі екі пигменттен тұрады: ауыз алды немесе бас қалқаншасы – простомиум және ауыз сегменті – перистомиум. Тұлғасы біркелкі бөлшектелген гомономды сегменттерден (5 – 800) тұрады, олардың әр қайсысының бүйірінде параподия (жұптасқан өсінділер) деп аталатын жалған аяқтары орналасқан. Құйрық бөлімі 5 – 6 өте жіңішке сегменттерден тұрады, онда целом қуысы және параподиялары болмайды. К. қ-дың денесі бір қабатты эпителиймен қапталған. Эпителий өзінің сыртқы жағына жұқа кутикула бөліп шығарады. К. қ-дың ішкі мүшелері екінші реттік дене қуысының ішінде орналасқан. Целом қуысының негізгі қызметі – тірек, зәр шығару, тасымалдаушы, әрі онда ұрық клеткалар дамып жетіледі. Ас қорыту жүйесі алдыңғы ішек бөлімінен (ауыз қуысы, жұтқыншақ, өңеш) және ұзын ортаңғы, қысқа артқы ішектен тұрады. Еркін жүзетіндерде жұтқыншағының ішкі қабырғасында хитинді өткір тісшелері не жақ пластинкалары болады. К. қ., негізінен, денесімен, тек кейбір түрлері параподияларында орналасқан желбезек арқылы тыныс алады. Қан айналу жүйесі – тұйық, яғни қан басты тамырлардан майда тамырларға және капиллярларға өтіп, олардан қайтып басты тамырларға оралып келеді. Зәр шығару жүйесі – метанефридиальді. Денесінің әрбір сегментінде оң және сол жақтарында зәр шығару каналдары орналасқан, олардың алдыңғы ұшы түтік тәрізді кеңейіп целом қуысына, екінші ұшы сыртқа ашылады, осындай жүйені сегменттелген жүйе деп атайды. Жүйке жүйесі жұп жұтқыншақ үсті немесе ми және жұтқыншақ асты ганглияларынан, жұтқыншақ маңындағы сақина – коннективадан және құрсақ жүйке тізбегінен тұрады. Еркін тіршілік ететін түрлерінде сезім мүшелері жақсы жетілген. К. қ-дың 2 немесе 4 көздері көз ұяшығында орналасқан, оны жан-жағынан эпителий қабаты жапқан. Эпителий тор қабықтың қызметін атқарады. Кейбір түрлерінде көздері күрделіленіп, терісінен бөлектеніп, көз көпіршігіне айналған. Оның мөлдір және тор қабығы, шыны тәрізді денесі және көз жанары болады. К. қ. – даражыныстылар. Жыныс диформизмі байқалмайды. Жұмыртқалар сырттай ұрықтанады. Араларында жыныссыз көбейетіндері (мыс., Nereіdae, Eunіcіdae) де бар. К. қ-дың дамуы метаморфоз арқылы өтеді. Дамуындағы басты ерекшеліктері: зиготаның спиральді, детерминативті бөлінуі, трохофора дернәсілінің пайда болуы; мезодермалық жолақтың ажырауынан мезодерманың түзілуі болып есептеледі. К. қ. 2 класс тармағына бөлінеді: 1) кезбешілер (Errantіa) – еркін жүзіп немесе жорғалап жүретін жыртқыштар. Бұлардың кейбір түрі тікентерілілердің паразиттері, негізінен, балықтардың қорегі. 1940 ж. Nereіs dіversіcola Каспий т-не жерсіндірілген; 2) отырғыштар (Sedentarіa) – ін қазып немесе “үйшік” жасап, солардың ішінде тіршілік ететін ұсақ организмдермен, детритпен қоректенетін жануарлар.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет