Көптік жалғауының дұрыс жалғанбағанын көрсет



Дата02.11.2022
өлшемі25,3 Kb.
#156187
Байланысты:
морфология 60


  1. Көптік жалғауының дұрыс жалғанбағанын көрсет.
    А) Балалар. В) Құрылысшылар. С) Газеттер. Д) Кітаптар. Е) Ұндар.
    2. Түбір тұлғасы өзгеріске ұшырап біріккен сөзді тап.
    А) Алатау. В) Әкел. С) Мұратәлі. Д) Кейбір. Е) Ешқашан.
    3. Көмектес септігінің көнеленуінен қалыптасқан үстеуді белгіле.
    А) Баяғыда. В) Әрең-әрең. С) Кеңінен. Д) Жоғары. Е) Кезекпен.
    4. Күшейткіш демеулікті тап.
    А) дейін В) сайын С) –ау Д) ше Е) – ды
    5. Қосымшалы қос сөзді көрсет.
    А) Балалы-шағалы. В) Үп-үлкен. С) Қып-қызыл.
    Д) Төбе-төбе. Е) Алыс-жақын.
    6. Негізгі екі буыннан құралған еліктеуіш сөзді көрсет.
    А) Лып. В) Қыңқ. С) Тыртың. Д) Күмп. Е) Арс.
    7. Күрделі сөзді көрсет.
    А) Қабырғаңмен кеңес. В) Тіс жармады. С) Таза киім.
    Д) Сары уайымға салынды. Е) Жүріп келе жатыр еді.
    8. Заттық ұғымның атауы болатын сөзді тап.
    А) Әлдеқалай, солай. В) Көрген, көрер. С) Анау, сонау.
    Д) Демеуші, көмекші. Е) Сіз, сенен.
    9. Сын-бейне үстеулі тіркесті көрсет.
    А) Осыншама ауыр. В) Тіпті ұзақ емес. С) Бермен кел.
    Д) Ілгері кетті. Е) Бірден келді.
    10. «Арманыма» - сөзіндегі соңғы қосымшаны тап.
    А) Жіктік жалғау. В) Барыс септік. С) Тәуелдік жалғау.
    Д) Көптік жалғау. Е) Септік жалғау.
    11. Бірге жазылатын сөзді көрсет.
    А) Сыр дария, Жиренше шешен. В) Қара қыпшақ, қалам ақы.
    С) Тыйым салу, кәсіп одақ. Д) Қол таңба, оқу орны.
    Е) Бес жылдық, жылдан жылға.
    12.Жай шырайды тап.
    А) Арман өте қызықты кітап оқыпты.
    В) Жанат кең үйге кірді.
    С) Мына үй биігірек екен.
    Д) Армансыз адам қанатсыз құспен тең.
    Е) Орасан зор жетістік.
    13. Туынды түбірді тап.
    А) Жеті. В) Жол. С) Дос. Д) Айтыс. Е) Аяқ.
    14. Зат есімнен жасалған біріккен сөзді көрсет.
    А) Ендігәрі. В) Биыл. С) Әлдекім. Д) Шегара Е) Былтыр.
    15. Туынды сөзді көрсет.
    А) Соң. В) Қызғылт. С) Үсті. Д) Алыстан. Е) Қуырдақ.
    16. Өлшем атауына дұрыс жалғанған қосымшаны тап.
    А) см-ден В) смге С) ГАЗ-51 ге Д) ИЛ-86мен Е) см. Ден
    17. Мекен үстеуін тап.
    А) Жорта айтты, қасақана үндемеді. В) Ілгері жүрді, төмен түсті.
    С) Бұрын жүрді, күні-түні оқиды. Д) Үйге кетті, қатты өкінді.
    Е) Бірден сөйледі, шалқасынан құлады.
    18. Қалау райлы етістікті тап.
    А) Әкелді. В) Әкелсің. С) Әкелерсің. Д) Әкелмессің. Е) Әкелгейсің.
    19. Еліктеудің қай түрі, анықта.
    Біреу оқыс жөтеліп қалса-ақ, ала қашатындай елең-елең етіп, ойнақшып келеді.
    А) Дара бейнелеуіш. В) Негізгі еліктеуіш. С) Туынды еліктеуіш.
    Д) Күрделі бейнелеуіш. Е) Дыбыстық.
    20. Мақсат үстеулі тіркесті тап.
    А) Босқа әуре болма. В) Әдейілеп келді. С) Бірден сөйледі.
    Д) Төмен түсті. Е) Ертең барады.
    21. Есімдерден жасалған туынды етістікті белгіле.
    А) Есім. В) Елпілде. С) Қалашыл. Д) Бағала. Е) Тақ.
    22. «Мыс», «міс» - шылауларының мағынасын анықта.
    А) Лептік. В) Шектік. С) Күшейткіш. Д) Болжалдық. Е) Сұраулық.
    23. Зат есімге лайық қатарды көрсет.
    А) Етістік. В) Бейтарап сөздер. С) Еліктеу сөздер.
    Д) Көмекші сөздер. Е) Есім сөздер.
    24. Етістіктің бұрынғы өткен шақ түрін тап.
    А) Сездің. В) Сезіпті. С) Сезбек. Д) Сезермін. Е) Сезесің.
    25. Дара сын есімді тап.
    А) Жақсы-жаман. В) Биіктеу. С) Қара күрең. Д) Сары ала. Е) Тұп-тұнық.
    26. Сөйлемдегі ойға, оның айтылу тәсіліне айтушының көзқарасын білдіретін сөзді тап.
    А) Қыстырма сөз. В) Төлеу сөз. С) Одағай сөз. Д) Қаратпа сөз. Е) Төл сөз.
    27. Сұраулық шылау арқылы жасалған сұраулы сөйлемді тап.
    А) Күн бұлттанып тұр (ма). В) Ғылым таппай мақтан (ба).
    С) Әй, сен көп асқақта (ма). Д) Сен одан қорық (па).
    Е) Жабырқа (ма), сабыр ет.
    28. Барыс септіктегі сөздермен тіркесетін шылауларды тап.
    А) Қатар, бірге, қабат. В) Ма, ме, ба, бе. С) Кейін, соң, гөрі, әрі, бері.
    Д) Жайында, жөнінде, үшін, сайын. Е) Дейін, шейін, таман, қарай.
    29. Екінші жақтың көпше түрінде тұрған етістікті тап.
    А) Жатырмыз. В) Жатырсыңдар. С) Жатырсың.
    Д) Жатырсыз. Е) Жатырмын.
    30. Көңіл-күй одағайын тап.
    А) Арман. В) Айт. С) Моһ-моһ. Д) Сөйтіп. Е) Алақай.
    31. Етістің қай түрі сабақтыны салтқа айналдыратынын белгіле.
    А) Ырықсыз. В) Ортақ С) Дара, күрделі.
    Д) Салт, сабақтыЕ) Болымды, болымсыз
    32. Есімшенің болымсыз түрін көрсет.
    А) Тоқы. В) Алған жоқ. С) Барар еді. Д) Келетін-ді. Е) Ойлы.
    33. Тәуелдік жалғаудың ІІ жағында жекеше тұрған сөзді тап.
    А) Жолдасым. В) Қағазың. С) Көшесі. Д) Мектептеріңіз. Е) Қалада.
    34. Бірігіп жазылуы дәстүрге айналған сын есімдерді көрсет.
    А) Ертеңгілік, жөн-жосық. В) Ұзынды-қысқалы, ұрда-жық.. С) Ақмола, некен-саяқ.
    Д) Дүниежүзілік, бүкілхалықтық. Е) Жезқазған, Қорамсаұлы.
    35. Айқындайтын мүшесі қосалқы атау болатын сөз атауын тап.
    А) жалпылауыш сөз В) айқындауыш С) қосарлы айқындауыш
    Д) оңашаланған айқындауыш Е) анықтауыш
    36. Күшейткіш үстеумен тіркесіп тұрған сөзді көрсет.
    А) Тіпті ұзақ емес. В) Соншалық ұзақ. С) Ұзақтан келді.
    Д) Әдейі келді. Е) Онша ұзақ емес.
    37. Жұрнақты сөзді көрсет.
    А) Суында. В) Суға. С) Сумен. Д) Суды. Е) Сусын.
    38. Антоним қай сөз табынан жасалған, дұрысын көрсет.
    Өмірде қуаныш пен реніш қатар жүреді.
    А) Етістік. В) Сын есім. С) Үстеу. Д) Есімдік. Е) Зат есім.
    39. Сұраулық мағынаны туғызушы сөз табын тап.
    Сенің ойың орындалатын шығар?
    А) Етіс. В) Көмекші етістік. С) Көсемше. Д) Есімдік. Е) Зат есім, етістік.
    40. Қазақ тілінде үстеу құрамына қарай нешеге бөлінетінін көрсет.
    А) 7 В) 5 С) 3 Д) 6 Е) 2
    41. Септеулік шылау арқылы байланысқан сөздерді көрсет.
    А) Болмаған соң жетті. В) Табиғаттану сабағы. С) Бұл – Назым.
    Д) Қараңғы түн. Е) Допты алды.
    42. Жіктік жалғауының І жағының қосымшасын көрсет.
    А) –пыз, -піз. В) –сың, -сің. С) –ды, -ді. Д) –ып, -іп. Е) –ған, -ген.
    43. «Туынды сөз» тіл білімінің қай саласына жатады.
    А) Пунктуация. В) Лексика. С) Фонетика. Д) Морфология. Е) Синтаксис.
    44. Қатыстық сын есімді тап.
    А) Жақсы. В) Қап-қара. С) Әдемілеу. Д) Жаманырақ. Е) Ашушаң.
    45. Райдың қанша түрі бар екенін тап.
    А) 4 В) 3 С) 2 Д) 6 Е) 5
    46. Бірыңғай көмекші есімді қатарды анықта.
    А) Тұсы, тарағы. В) Төбесі, бұрғы. С) Ортасы, жүрісі.
    Д) Маңы, жеңіл. Е) Жаны, арасы.
    47. Зат есімнен сын есім жасап тұрған жұрнақты тап.
    А) Баспахана үйі. В) Биіктеу адам. С) Малды ауыл.
    Д) Сыпайы бала. Е) Кішкене төбешік.
    48. Дара сөзді көрсет.
    А) Өнеркәсіп. В) Ер-тұрман. С) Қарасу. Д) Өнімділік. Е) Үлкен-кіші.
    49.Сөз түрлендіруші жұрнағы бар сөзді тап.
    А) Қызғылт. В) Көрме. С) Үрле. Д) Күлкілі. Е) Бағала.
    50. Сырттай қарағанда сөз тіркесіне ұқсас сөздер тобының қатарын көрсет.
    А) Сәнді киім. В) Келе жатыр. С) Қызу еңбек. Д) Кеше келді. Е) Ақ ешкі.
    51. Күшейткіш үстеуі бар сөйлемді көрсет.
    А) Аққасқаны Қасен мен Бейсенбай зорға айырып алды.
    В) Аққасқа көлденең келіп, Көксеректі құлақ шекеден ала түсті.
    С) Шарасыздан айтқанға келісті.
    Д) Жаздыгүнгідей емес, ауыл үйлері біріне-бірі әдейі жақын қонған.
    Е) Ауыл реңі мүлдем жүдеу еді.

52. Сөйлемде кездесетін оқшау сөздің түрлерін көрсет.


Ей, сен, жаңылмасам, біздің қақпанға талай кездескен кәрі қасқыр көрінесің.
А) Тек қана қыстырма сөз. В) Қаратпа сөз, жалғау.
С) Одағай сөз, қаратпа сөз. Д) Қаратпа, қыстырма. Е) Қаратпа, шылау.
53. Еліктеудің қай түрі, анықта.
Біреу оқыс жөтеліп қалса-ақ, ала қашатындай елең-елең етіп, ойнақшып келеді.
А) Дыбыстық. В) Туынды еліктеуіш. С) Дара бейнелеуіш.
Д) Негізгі еліктеуіш. Е) Күрделі бейнелеуіш.
54. Қай сөз жіктелмейтінін көрсет.
А) Көз. В) Келгем. С) Студент. Д) Жазды. Е) Сезімтал.
55. Есім сөзден жұрнақ арқылы жасалып тұрған туынды сөзді көрсет.
А) Төзім. В) Үлкен. С) Шашпа. Д) Шолақтау. Е) Денелі.
56. Бірігу арқылы жасалған жұлдыз аттарын көрсет.
А) Мырзашөл, қосаяқ. В) Атауыз, Алакөл. С) Қаражорға, Есекқырған.
Д) Жетіқарақшы, ұлтабар. Е) Ақбозат, Темірқазық.
57. Мақсат үстеулі тіркесті көрсет.
А) Бірден сөйледі. В) Әдейілеп келді. С) Төмен түсті.
Д) Ертең барады. Е) Босқа әуре болма.
58. Барыс септіктің көнеленуінен қалыптасқан үстеуді көрсет.
А) Жаздың. В) Зорға. С) Қолма-қол. Д) Біледі. Е) Әрең.
59. Нақ осы шақтағы етістікті тап.
А) Бізге жиі келіп тұрады.
В) Үнемі сөйлесіп тұрамыз.
С) Кітап оқып отыр.
Д) Біз мұнда жиі келеміз.
Е) Кітап оқып отырады.
60. Қыстырма сөзге байланысты қойылып тұрған тыныс белгісін тап.
А) Менің бұлай ашық, мойындап – отырғаныма кейбір бала, қайран.
В) Менің бұлай ашық, мойындап отырғаныма, байқаймынкейбір бала қайран.
С) Менің бұлай ашық мойындап отырғаныма – байқаймын -кейбір бала қайран.
Д) Менің бұлай ашық мойындап отырғаныма, байқаймын, кейбір бала қайран.
Е) Менің бұлай ашық мойындап отырғаныма байқаймын, кейбір бала қайран.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет