Көркем әдебиеттегі психологизм, онын көркемдік бейнелеу кұралдары монолог, iшкi монолог, «ой ағысы», пейзаж, портрет, көзқарас, (мимика) ымдау, (жест) ишара, түс көру, күнделік т б



Дата16.12.2022
өлшемі31,99 Kb.
#163033
Байланысты:
Документ Microsoft Word
1242759829 (копия), ответы, stud.kz-92858, Антонимдер. 5 сыныпқа арналған сабақ жоспары., Т2 4 СЫНЫП 1-апта ОҚУШЫҒА, 1-тақырып

Көркем әдебиеттегі психологизм, онын көркемдік бейнелеу кұралдары – монолог, iшкi монолог, «ой ағысы», пейзаж, портрет, көзқарас, (мимика) ымдау, (жест) ишара, түс көру, күнделік т.б. - бүлардын бәрi даралык сипатқа ие болып, әдеби процесте өзiндiк зандылығымен дамуын бiз М.Әуезов шығармаларынан көреміз.
М.Әуезов - әдеби түс көру тәсілінің табиғи мүмкіндігіне, көркемдiк куатына, спецификалық кең ауқымдылығына және мағыналык, эстетикалык мiндет-қызметiне терең мән берген суреткер. Әсіресе, Әуезовтiң түс көру тәсілін көркемдік жана сатыға, жоғары сапаға көтере бiлгендiгi куантады. Мәселен, «Қасеннiн құбылыстары» атты психологиялык очерк түс көруден басталады. «Ойпыр-ай, не деген, не деген биік. Көрiп пе ем осыны бұрын, көрмеп пе ем? Не қылған қап-кара?... Не қылған құлазыған жалғыздык... Тау зорайып, пiшiнi суып аспандап барады. Аяғының астына қарай алар емес... Төменгі жағы көз алдында құлазып, шаншылып тас құзға айналып барады. Ар жағы? Қарай алмай көзін жұма берген сиякты. Кап-кара бол, азнап ашылып бара жатыр. Тұнжыраған түпсiз қара қуыс... Ажал иiсi аңқиды».
Жаман түс көріп жан тәсiлiм ете жаздаған Қасен түсінен шошынып, қара терге түсiп жатыр. Әлгi алқымнан алған ажал түс екендігін әйелiнiң даусынан кейiн ғана көз жеткізген Қасен ендi ғана ес жиып: «...керегі не, өлiп тiрiлгендей болдым...» - дейді. Түстегі үрей мен қоркыныш кейiпкердiн iшкi жан әлемiндегi әлдебір қобалжуды, көңіл түкпiрiндегi күдік пен күмәнді әшкерелеп қана қоймай психофизиологиялык кұбылыстарды да /жылау, жан қысылу, терге малыну, үрейден айғайлап ояну, бастырылып дауыс шығара алмау т.б. секiлдi әртүрлi сезiмдiк-эмоциялык әсердi бастан кешіру/ бейнелейді. Көркем шығармадағы түс мiндеттi түрде негiзгi оқиғаға, кейіпкердің тағдырына тiкелей немесе жанама түрде болса да психологиялык, көркемдiк қызмет атқаратыны айғақ. Түс - ол пафос. Алғашында түс бейне бір кездейсок көрiнген деталь секiлдi болғанымен ол шығарманың көркемдік табиғатымен біте қайнасып, оқиғанын iшкi даму логикасымен тығыз байланыста болады. Және түс кейіпкердің сол сәттегі психологиялык жағдайынан да жан- жақты хабар береді.
Туындының идеялык түп қазығын, көркемдік тұтастығын осынау сәтімен табылған психологиялык бейнелеу кұралының бірі - әдеби түс көру ұстап тұр. Және ол кейiпкердiн болмыс - бiтiмiн, iшкi ой иiрiмдерiнiн құпия қалтарыстарын психологиялык, сезiмдiк тұрғыдан әшкерелеп, характерлiк қызметiн қоса атқарады. Шағын очерк дэстүрлi түс табиғатын түбiрiнен жаңаландырып, адамзаттың ойлау жүйесiндегi күрделі үдерiстердi бейнелейдi. Очерк публицистикалык емес, психологиялык очерк болғандықтан да онда осындай коркынышты, тосын (кошмарный сон) түстердің көрініс табуы және кейiпкердiң iшкi жан дүниесiнен, кұпия сырларынан сыр тартуы да табиғи. Мұндай үрейлі түстер негiзiнде кылмысы бар, өзге тугiлi өзiнен де жасыратын жұмбақ сыры бар кейіпкерлерге тән кұбылыс. Өйткені түн тiлi сыр жасыра алмайды және жалғандыкка да бара алмайды. Ол адамнын саналы кезiнде сырт көзден жасырып жүрген бүкiл кұпиясын жариялап, қапияда сыр алдыртып кояды. Кешегі байлык, мансап, құрмет көзден бұлбұл боп ұшып, қазақ даласына ене бастаған жана өмiрге кекілі толмаған ұлтшыл интеллигенция өкілі Қасеннің қайғы-қасіреті, рухани жалғыздығы, келешегiнiң күмәнді болуы, осы екi жолдын кайсысын ұстарын білмей дағдаруы бәрі осы түс арқылы ашылады. Онын шын бет пердесі, арамзалык iс-жоспарлары, кылмыстары, оның бойындағы үрейi осы түстегі қап-қара құла түз, түпсіз, тұңғиық қаранғылык қоршауындағы Алатау бейнесімен байланыстырыла психологиялык параллелизммен бейнеленеді. Кейіпкер басындағы екі ұдай сезiм қайшылықтарын суреттеуде түс - тау секілді символикалык тәсiлдердi сәтті пайдалана білген жазушы психологиялык жағдайды өз тарапынан талдап, таратып, түсіндіруге жүйрiк. Ескі мен жаңаның, жарық пен қараңғылықтың қақтығысы, ой мен іс-әрекеттiң қайшылығы осы түсте әшкереленеді.
М.Әуезов түс көру тәсiлiнiн ғасырлар бойы калыптаскан дәстүрлi түрiн, жаттанды жоруларын, онын сан алуан түсiндiрмелерiн сол қалпында колдана бермеген. Түстін дәстүрлi символикасы шығарманың сынын кетiретiнiн жақсы сезiнген жазушы түс тәсіліне тән күрделi түрлiк, мазмұндық, құрылыстық (структуралык) қасиеттердi табиғи жаратылысымен жаза білуде үлкен шеберлік танытады. М.Әуезов - әдеби түс көруді өз мақсатына орай орайын тауып ойнатып, орнын тауып, ой айтамын десе де икемге келе беретін көркемдiк еркiндiгiн, мол мүмкіндігін асқан талғампаздыкпен, терең бiлiмдарлықпен, хас қаламгерлік шеберлікпен қолдана білген жазушы. Әйтсе де жазушы әдеби түстi өз табиғатынан бөліп жарып әкете де қоймайды. Түсті «Қасеннің құбылыстары» атты психологиялык очерк пен «Абай жолы» роман-эпопеясында ғана аса талғампаздықпен қолдануы соның куәсi болса керек.
М.Әуезовтің адамзат баласына тән табиғи және психологиялық кұбылыстарды асқан шеберлікпен бейнелеудегі көркемдік жаңалығын таза теориялық тұрғыдан таныған жазушы Зейін Шашкин болды. Ол өзiнiң «Мұхтармен кездесулерiм» атты мақаласында былай дейді: «...Мұхтар Әуезов қазақ прозасында бұрын ешкiм баспаған тынды игерді!.. Адамның iшкi жан күйін, тебiренiс толқынын беру үшiн жазушы айқын образдарды, нактылы дәлме-дәл сөздердi тапқыр колданады. Бұл ретте Әуезов өзінің психологиялык суреттеудің нағыз шеберi екенiн танытты, қазақ прозасындағы психологиялық мектептiң шын мәнiндегi көш басшысы бола бiлдi⟫.
Адамның жан-жүйесiн, iшкi дүние кұрылысын тереңнен таныған М.Әуезовтің әдеби техниканың тiлiн, психологиялық бейнелеу құралдарының көркемдiк қасиетін шеберлікпен меңгергендігін біз «Абай жолындағы» әдеби түс көруді талдауларынан жақсы танимыз.
Айталык, атақты «Абай жолы» романындағы «Кайтканда» деп аталатын алғашкы тарауда түс бар. Жалғыз ұлы қайтыс болып, келiнi екеуi қалған қарт батыр Қодар: «Түс шiркiн жұбаныш па, тәңір-ай!» - деп ойлағанымен өзі де сол күнi түсiнде баласын көрiп, қам көнiл болып оянған. Ал, келiнi Қамқа болса түсті кәдімгідей медеу кереді: «Әкем екеуін неге жылай бересiңдер, мен тiрiмiн ғой. Мен, мiне келдім ғой. Қойшы, Қамка! Қабағынды ашшы!» деп, осы бір түрлi сай-сүйегiмдi босатты! - дейді Қамқа. Осы кезде Қамқанын да, Қодардын да кездерiнен үнсiз жастар біртін-біртін соракытып ағып отыр еді»?
Автор кейiпкерлерiнiн сол сәттегі жан киналысын, бірінің жалғызы, бiрiнiң жан жары Құтжаннан айрылғаннан кейiнгi айыкпас кайғысын, соның жүрекке салған жарасы мен салмағын осы түс арқылы жеткiзiп отыр. Ата мен келін арасын ажырамастай етіп отырған да осы ортақ қайғы. Алайда олардын абыройы ел, аруақ алдында да таза екендiктерiн автор осы түс арқылы мойындатқызбай ма, бізге? Автор елдiң накақ жаласына жауапты сөзбен дәлелдеп, ақталмайды, ол ортак түс арқылы астарлап сездіртеді де қояды. Осы шағын эпизод арқылы түс өзінің көркемдік, характерлік, философиялык, қоғамдык мiндетiн де мінсіз атқарып тұр.
Бөжейге құн орнына берiлген кішкентай Кәмшат тағдырының трагедиямен тәмәмдалуы да кейiпкердiн түсiмен тұспалданып, талданады. Суйiндiк ауылынан естiп келген әңгімесін Абай Зере мен Ұлжанға айтқанда Кәмшаттың шешесі Айғанымның сол күнгi түсiн еске алып: «Түс көрдім. Кәмшат жер ошаққа жығылып қалып, үсті-басы лаулап жанып барады екен» - дедi.
Шынында да тап сол сәтте қатал салттың кұрбаны болған құртақандай қыз күйіп-жанып ауырып, әл үстiнде жатады. Тағдыр тәлкегіне титтейiнен ұшыраған бүлдіршін шешесiнiң түсiндегiдей түкке тұрғысыз текетірес отына «лаулап жанып» өмірден етеді. Байқасақ, ұлы суреткер сол заманның қатігез дәстүр-салтын әшкерелеу үшін тек түстi, түс символикасын шеберлікпен пайдаланады.
Айғанымның түсi мұнда екi бiрдей көркемдiк қызмет атқарып тұр. Бiрi-бауыр еті баласының мүшкіл халін сезген ана жүректiн сезiмталдығы, махаббаты мен сағынышы болса, екiншiсi - сол кезеңнiң әлеуметтік жағдайынын іріп-шіруiн, қатал салт- дәстүрдің қылмысын әшкерелеу. Сондай-ак, бұл түстiң бас-аяғы бар, олардын шекарасы анықталған бір тұтас дүние. Түстін атқарып отырған қызметi де айқын.
Жалпы, түстегі оқиғаны ойға құруға, оны астарлап жеткізуге автор шебер. Түстiн бiрден-бiр касиеті - көбіне шындықпен жанасатындығы, ол түстiң өзiнiң табиғатына тән нәрсе. Ұлы суреткердiн екi томындағы әдеби түстерді талдауы шығармадағы шым-шытырык оқигалар секiлдi шырқай өрлеп, күрделенiп, өзiнiң мазмұндық-көркемдік мағынасын арттырып келеді. Мәселен, Абайдың адасып, екi ағайынды жiгiттiң үйіне түсiп, ас піскенше мызғып алайын деген сәттегi түстi еске алып көрелікші. Бұл өткен түстерге мүлдем ұқсамайды, мазмұны да, көлемi де ерекше, өзiне артқан жүгі де ауыр. Бұл түстен гөрі «сана ағымына», бiрақ ойдағы емес, іс-әрекеттегі ырықсыздық, ерiкке көнбеген қимыл-қозғалыстар ағысына көп келіңкірейді. Авторды қызықтырып отырған да түстiн өзiнен гөрі түстен кейiнгi түсiнiксiз сезiм күй, сергелдең ойлар, жан әлеміндегі сан алуан эмоционалдық, психологиялық процестер. Мысалы: « -- Кел! Келшi бiр, сәулем! - дегенді анық айтқан тәрiздi.......Бiр тұман, түс iшiнде, алдағы бiр ғана сәулеге асығып, қалтырап, ұмтылып бара жатқандай. Оқшау, сұлу ән үзілген жоқ... Ән – «Топай көк». - Тоғжан! Япырау, мынау Тоғжан, Тоғжаным ғой, мынау! Дәл өзiнiң үні. Айнымаған өз ырғағы. Өз нақысы ғой. Ербол-ау, мен қайда тұрмын осы? Мынау үйде менi шақырып отырған Тоғжаным ғой! - деп, бар сабырдан айрылып, тағы да өзгеше бұзылып кеттi». Кейіпкер ұйкыда ма, әлде ояу ма? Өңі ме, түсі ме? Белгiсiз. Осылай кейiпкердiң жүйесiз ойы оның әлі толық оянбағанын байқатады. Әйтсе де оның тәртiпке келе коймаған сыртқы кимыл көрiнiстерi, көрген түсінен арыла қоймаган санасы әлгі сандырақтаған сөздерiнен сезiледi. Мұндай түс көру сарыны осы шығарма бойына бiрнеше рет қайталанады. Әйгерімді алғаш көрген осы сәті мен қыстын күні адасып, Тоғжанмен табысқан сәті. Осы екi түс елес, сандырақта да кейiпкердiң жүрегiндегi сағыныш сезімі «Мынау үйде менi шақырып отырған Тоғжаным ғой» деген сөзінен ерекше байқалады.
Абай түсiнде Тоғжанның «Топай көк» әнін салғанын естiгендей, көргендей. «Көргендей» деп отыруымның себебі Абай бұл жерде түстi толық көрген жоқ, ұйкысырап, мызғып алар бiр сәттiк мезетте көргені немесе көңілінде көптен ұялаған аяулы сезiмнiң шегiне келiп шатынай жарылып сыртқа сыр алдырған сәті, бұл. Түс пен өңнің арасындағы алақұйын сезiм мен екіұдай сезiмнiң қайсысынан ұстарын бiлмей дағдарған, қайсысына нанарын бiлмеген көңiл-күйдiң сырт әлпетке, əшейiнде сабырлы да ақылды Абайдын «шалық» тигендей тосын iс-әрекетіне, елге ерсі көрінер епетейсiз кимылын соншалықты сенiмдi әрi психологиялық тұрғыдан нанымды бередi. Тегiнде түстің өзі «ұйқылы-ояу» сәтте адамға енедi. «Сондай сәтте санамыз кіресілі-шығасылы болып, түс көрсек керек. Түс дегенiмiз ояуда көретін нәрселердiн пернесі болады. Түсiмiзде деген сол пернелердi өңiмiздегi екен деп ойлаймыз» Ж.Аймауытовтын түске берген анықтамасындағы қағиданы Әуезов қатты ұстанған тәрiздi.
Көргені өң бе, түс пе, алдану (иллюзия) ма, әлде елес пе, кiм бiлсiн? Әйтеуір Абай мұнда шындықты түспен шатастырып алады. Адамнын жан дүниесiн, оның ішкі ойлау процестерiндегi эмоционалдык, психологиялық сәттерді зерттеп-зерделеу қазақ прозасында М.Әуезовтен және тап осы эпизодтан бастау алатын секiлдi. Абайдың бұл түсі көркем өнердегі түс көру тәсiлiнiң қызмет-мiндетiн жана қырынан танытқандай, оны жаңа сапаға, жоғары дәрежеге көтергендей. Бас-аяғы жоқ түсiнiксiз түс, елес, одан кейiнгi есеңгіреу, әдемі әсерден туған алақұйын сезім (көбіне жүйесiз сана ағынына тән), түс пен өндi ажырата алмай шатасу, бәрі-бәрi түс көру тәсiлiн сөз жоқ күрделендiрiп тұр. Ең бастысы мұнда психология ғылымында басты категориялар болып саналатын түс көру, ұйқы, елес, көз байлау т.б. секiлдi патопсихологиялык кұбылыстар автордың көркемдiк талдауы арқылы көрiнiс тапкан. Мұндай екi ұдай сезiмдi суреттеуге кез-келген жазушы бара бермейді. Өйткені, ол - адам жанын, табиғатын жете танитын, адам санасындағы ерiктi және ерiксiз түрде жүзеге асатын ой ағыстарын, психологиялық процестерді терең зерттеген, дүние-танымы кең, суреткерлік шеберлiгi озық туған таланттарға, психолог-жазушыларға ғана тән қасиет, қонған бақ. Түс «Абай жолының» үлкен табысы екендiгi де даусыз. Ол- шығармадағы шоқтығы биік үзінді болып әркез бағаланып жүруi де тегiн болмаса керекті.
Автор түс туралы өз түсiнiгiн, көзқарасын кейiпкерлерi арқылы бiлдiрiп кетудi артық санамайды. Мысалы, автор Абайдың аузына мынадай сөз салады:
« - Ербол, ақылға симаса да, мен бiр сөз айтайын ба? Дәл осындай боп, түсiнде алдын көру, не соған салынған сәуегейдің, көріпкел, бақсы-балшының iсi. Немесе, кітаптар айтатын әулие, пiрдiн iсi. Мен мұның бiрi де емен. Қалайша көрдiм? Мерзiм алып, болжал етіп жүрген жәйім емес. Бiрақ ақыл-санамен жүретiн көптен басқа, осындай сергектік тағы бір жандарда болады. Ол ақындар. Осы тегi ақын болсам керек!» - дедi. Бұл жерде автор да, ақын кейіпкер де түс емес, содан кейiнгi түсiнiксiз психологиялық сезiмдiк құбылыстарды меңзеп отырған секілді. Абайдың өзіне табиғат тарту еткен сезiмталдық, зеректік пен сәуегейлiктi сезiнiп, «осы мен ақын шығармын» деген түйiнге келуi де тегiн емес.
М.Әуезовтің әдеби түс көруді талдау арқылы көркемдiк шындықты бейнелеуі де ешкімге ұқсамайды. Бейсаналылықтың сөз өнерiндегi көрiнiсi болып табылатын түстi Әуезов өзінше бағалайды және өрнектейді. Өйткені, Абайдың екi түсi де осы ырықсыздықтың ессiздiктiң көркемдiк құндылығын арттырып тұр. Егер бiз түс көру тәсiлiн талдау процесiнде сол түстiң туу механизміне мән бермей, өте шықсақ онын қандай мақсатта қолданылып отырғандығына ой жібере алмас едік. Сондықтан да түс табиғатына тән өз заңдылығын түгелдей сақтай отырып, ол арқылы ой түйіндеу, кейiпкердiң жан дүниесiн тереңдей ашып, зерделеу оңай шаруа емес.

Адамзатқа тән ырықсыздық, ессiздiк секiлдi психикалық кұбылыс табиғатын түс көру тәсiлi арқылы жазушылардың қалай-қалай кұбылтып жiберетiнiн Л.С.Выготский таңдана жазады: «... Сам Фрейд спрашивает: «Как это удается писателю?» -. Это его сокровеннейшая тайна; в технике преоделения того, что нас отталкивает... лежит истинная роetica. Мы можем предположить двух родов средства: писатель смягчает характер эгоистических «снов наяву» измерениями и затушевываниями и подкупает нас чисто формальными, т.е. эстетическими, наслаждениями, которые он дает при изображении своих фантазий...».


Әсiресе түс кору техникасын пайдаланудағы қаламгерлердiң құпиясында шек жоқ. Мұнда нағыз шеберлiк, нағыз поэтика жатыр. Жазушы өзiнiң фантазиясын бейнелеуде эстетикалық, философиялық, психологиялық құндылықтарға қол жеткiзуде, кейiпкердiң жан жүйесiн зерттеуде түс көруді талдауға ешқандай бейнелеу құралы тең келмейтiндiгi сондықтан да түсiнiктi болса керек. Ешкімге ешқандай мiндет жүктемейтiн түс кору табиғаты әр жазушының суреткерлiк қабiлетiне қарай көркем туындыда өзгеше бір көркемдік әлемді, рухани эстетикалық құндылықты бедерлейтін көркемдiк құрал бола алатыны белгiлi. Қаламгердің қиялын, айтпақ ой ниетін көркемдейтiн түстi М.Әуезов иллюзия, елес, еске алу, елестету секiлдi психологиялык элементтер арқылы шебер кестелей бiлген.
Адам еркінен тыс болатын психологиялық процестін осынау жұмбак сырын философия, психология және әдебиеттану ғылымы да зерттейді. Және түстің адамға ену құбылысын әр маман иесі өз саласы бойынша талдап, сараптайды. Оған Ф.Ницше, З.Фрейд, А.Шопенгауэр, К.Г.Юнг, Ф.Лосев, Л.Гинзбург, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев, т.б секiлдi ойшыл, ғалымдардың, жазушылардың ғылыми еңбектері куә.
Тегінде, түс көру тәсiлiн қолданған қаламгерлер екі мақсатты мұрат тұтады. Бiрi-түстiн мазмұнын психологиялық талдау тұрғысынан интерпретациялағысы келсе, екiншiлерi -сюжеттік желiге арқау болар түс көру эпизодын поэтикалық қуаты мол әдеби кұрал ретiнде қарастырады. М.Әуезов соның бiрiншiсiнiң өкілі болса керек, себебі оны түс мазмұнынан гөрi оның адамға, кейiпкердiң көңiл-күйiне еткен әсері әлдеқайда қызықтырады. Абайдың екiншi түсi-қыстың күні адасып келіп Тоғжанмен табысуы, аштық пен адасу, ауру мен ұйқы арасындағы елес пен өн мұнда да айырғысыз, шекарасы айкындалмаған күрделi де бұлдыр психологиялык түзiлiске құрыған. Кейіпкер - Абай түс көрдім деп алданады, иллюзияға салынады. Мұнда да, авторды қызықтырып отырған жәй түс мазмұны немесе оның ену-енбеуi емес, кейiпкердiң Тоғжанмен табысуы кезiндегi жан дүниесiн психологиялық тұрғыдан талдау, iшкi сезiмдерiн сыртка шығаpy, адамның есеңгіреу, сырқат, талай жылдар бойы жүрегінде сақталған сезіммен қайта қауышқандағы жағдайынан, көңіл- күйiнен сыр тарту, санадағы ойдың сыртқы iс-әрекеттерге әсері т.б, сезiмдiк эмоционалдық сезiмдердi қалт жібермей қадағалай зерттеу психолог-жазушылардың басты мұраты болса керек.
Бас-аяғы жок, шым-шытырық түс - Елесті Абай крді ме, әлде жок па? Ол жағы да жұмбақ. Біз Абайдың « - Жаным! Асылым. Барым - бiр өзiң!» - деген бiр ауыз сөзi арқылы ғана түс көрiп жатканын байқаймыз. Тек жеке-дара тұрғанда ешқандай мiндетi жок түс, түстен кейiнгi түсiнiксiз, ойсыз, жүйесіз сандырақ, екi ұдай сезім, тән мен сезiм аралығындағы әр алуан арпалыстар, солардың салдарынан ерiктi және ерiксiз түрде жүзеге асқан сыртқы iс-әрекеттер қайшылығы, қимыл-қозғалыстар, ым мен ишараттарды психологиялық дәлдікпен шынайы суреттеу жазушының осы - тұстағы ұстанған басты көркемдік тұғырнамасы.
Романдағы әдеби түстiн бiрi - Байкөкшенiң түсiндегi түлкі, төбет, бөрi, қабылан, арыстан секiлдi жыртқыштар символды бейнеде берiледi. Бiлiмсiз топ жан-жақтан таласа да білімді мынды жығады дегендей ақырында Абайдың арыстанға айналып, жеңiске жетуiн автор фантастикалық сарында ете кызғылыкты окиғаға кұрады. Түс көруші Байкөкше Абайдың-арыстанға айналып, жауларын қырып тастауын, Абай есiмiнiн ұранға айналғанын жақсылыкка жориды. Сондықтан да Байкөкшенің кісімсіп келіп, көпке жария етуi де заңды, нанымды. Сондай-ак, мұнда бiз түске тән қасиеттердiң көрiнуiне куә боламыз. Адам- Абайдың арыстанга айналуы, оның адам секілді сөйлеуі тек түс табиғатына жарасымды. Мұнда да фольклорлык туындылардағы жыртқыш кейiпкерлер қылаң береді. Түсте ғана осындай ой еркiндiгiне, қиял шексiздiгiне жол берiледi.
Қалай десек те ұлы суреткер адам жанының сана астарын, iшкi иiрiмдерiн, сезiм кұбылыстарын түс арқылы терең таниды, жан-жақты зерттейді. М.Әуезов көркем прозада түс көру тәсілін жоғары сатыға, жаңа сапаға көтерген, оның көркемдiк, сюжеттік, характерлік қызметiн айқындаған және күрделендiрген жазушы. Ол және бiр шығармада көрінген сан жағынан ғана емес, көркемдік сапа жағынан да өркендеп өсті. Түстін мүмкiндiгi мен еркiндiгi шын мәнiнде ендi көзі ашылган бұлақтай бұлқынып, жаңа бiр леп әкелгендей, әдебиетке. М.Әуезов шығармаларындағы түстер үлкен философиялық, психологиялық, әлеуметтiк-қоғамдық жүктер арқалай бастады, ойға құрыла бастады, өзiндiк өрнек-болмысымен таныла бастады.
М.Әуезов түстің прозада ғана күрделi көркемдік қызметке ие болып, өмір мен өлім туралы, түс пен өң аралығындағы арпалыстар, түстен кейiнгi толғақты ойлар, сезім сергелдендері жайлы терең ой толғайтын психологиялық талдау тәсiлi екендiгiн өз тәжiрибесi, суреткерлік шеберлігі арқылы дәлелдеді.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет