Көрнекі құралдардың түрлерін білу мұғалімнің оларды дұрыс таңдап алуына және оқытуда тиімді түрде пайдалануға, сондай-ақ өзінің немесе балалармен бірге көрнекі құралдардың дайындап алуына мүмкіндік береді



Дата03.01.2022
өлшемі31,46 Kb.
#108189
Байланысты:
Көрнекі құралдардың түрлерін білу мұғалімнің оларды дұрыс таңдап алуына және оқытуда тиімді түрде пайдалануға


Көрнекі құралдардың түрлерін білу мұғалімнің оларды дұрыс таңдап алуына және оқытуда тиімді түрде пайдалануға, сондай-ақ өзінің немесе балалармен бірге көрнекі құралдардың дайындап алуына мүмкіндік береді.Көрнекі оқу құралдарды табиғи және суретті құралдар деп бөліп қабылданған.Математика сабағында пайдаланылатын табиғи көрнекі құралдарға айналадағы өмірден алынған нәрселер: дәптерлер, қарындаштар, шыбықтар, кубиктер т. с. с. жатады.Суретті көрнекі құралдар ішінен бейнелік көрнекі құралдар жеке бөлініп көрсетіледі: нәрселер-картинкалар (2-сурет), нәрселер мен фигуралардың қағаз бен картоннан жасалған кескіндері (3-сурет), нәрселердің немесе фигуралардың кескіндері салынған таблицалар (4-сурет). Суретті көрнекі құралдардың екінші бір түрі шартты (символдық) құралдар болып табылады: математикалық символдардың (цифрлар, амалдар таңбалары. «>», «<», « = » қатынастары таңбалары), схемалық суреттер (5-сурет), чертеждер (6-сурет). Суреттік көрнекі құралдарға сондай-ақ экрандық көрнекі құралдар да жатады, олар: оқу фильмдері, диафильмдер, диапозитівтер.

Көрнекі құралдарды пайдалану тұрғысынан алғанда жалпы кластық және жекелік деп бөледі. Жаллы кластық көрнекі кұралдарды бүкіл класс болып пайдаланады (кейде оларды демонстрациялық деп атайды), жекелік көрнекі құралмен әрбір оқушы жеке пайдаланады( Көбінесе жалпы кластық және жекелік кұралдар мазмұны жөнінен бірдей және айырмашылығы тек үлкен-кішілігінде ғана болады: геометриялық фигуралардың модельдері, кеспе цифрлар, чертеждік инструменттер т. с. с. Жалпы кластық құралды да, сондай жекелік құралдарды да, сабақта пайдалану ынғайлы болуы үшін дұрыс орындастырудың маңызы бар. Мысалы, цифрларды жалпы кластық және жекелік кассаларда, фигуралардың модельдерін конвертте сақтайды. т. с. с.

Дайындау тұрғысынан алғанда көрнекі құралдар баспахана тәсілімен немесе фабрикада дайындалған және мұғалімнің немесе балалардың өздері қолдан жасаған көрнекі кұралдар деп бөлінеді.Қолдан жасалған құралдар дайын көрнекі құралдарды толықтырады: бұлар - есептер кұрастыру үшін әр түрлі суреттер мен чертеждер құрастырмалы геометриялық фигуралар, цифрлар мен жеке сөздерді алмастыруға болатын таблицалар, көбейту мен қосудың электрлендірілген таблицалары т. б.Көрнекі құралдарды жасауға балаларды қатыстырып отырған пайдалы мұнын білімдік және тәрбиелік маңызы зор, білім мен біліктерді саналы түрде және берік меңгеруге, белгілі бір еңбек дағдыларына төселдіруге көмектеседі. Мысалы қағаздан тік бұрыштың моделін жасағанда және жылжымалы бұрыш-тың пластилинмен бекітілген екі шыбықтан моделін жасағанда (58-суретті қара), оқушы-лар бұрыштар жөнінде түсінік алады; сызық-тық және квадрат сантиметрдің, дециметрдің, метрдің модельдерін дайындағанда, оқушылар ұзындық бірліктері және аудан жөнінде көрнекі түсінік алады. Өздері қолдан жасаған құралдарымен жұмыс істегенде (мысалы. Екі таңбалы сандарды иллюстрациялауға арналған құрал, (7-суретті қара), бала еңбекті құрметтей білуді үйренеді. Қолдан жасалатын қүралдарды дайындау күрделі болмауы

эстетика әрі мектеп гигиенасының нормалары мен талаптарына сәйкес болуы тиіс.

Көрнекі құралдарды пайдалану. Оқыту процесінде көрнекі құралдар, әр түрлі мақсаттармен пайдаланылады: жаңа материалмен таныстыру үшін, білімдерін біліктерін, дағдыларын бекіту үшін, материалдың қаншалықты игерілгенін тексеру үшін.

Көрнекі құрал білім көзі ретінде қолданылғанда, ол елеулі мәселеде - жалпылама қорытынды жасауда - негіз болып табылатының атап көрсетіп, негізгі емес қосалкы мәнін көрсетіп отыруы тиіс. Мысалы, тік төртбұрыштардың модельдерінің өлшемдерін (үлкен - кішілігін) түрліше етіп алу керек-бұл қарама-қарсы қабырғаларының тең болуы кез келген тік төртбұ рыштардың ортақ қасиеті екендігін оның қабырғаларының ұзындығына байланысты болмайтының балалардың көруіне мүмкіндік береді. Сөз болса қабылдауды күшейтеді, сондықтан мұғалім оқушының байқағандарын бағыттап отыратындай дәл сұрақтар қойып отыруы керек.Жаңа материалмен таныстырғанда мұғалім көбінесе беріле тін білімдерді нақтылау мақсатымен көрнекі құрал пайдаланады. Бұл жағдайда көрнекі құрал сөзбен берілген түсініктеме лерді иллюстрациялау қызметін атқарады. Мысалы. есептін шығару жолын балалардың іздеп табуына көмектесе отырып мұғалім есепке схемалық сурет немесе чертёж салады: есептеу әдісін түсіндіргенде түсініктемесін нәрселермен іс-әрекет жасап және тиісті жазуларды жазып көрсетеді т. с. с. Мұнда түсініктеменің өз мәнісін көрнекі құралмен істелетін жұмысқа және түсіндіруге оқушылардың өздерін қатыстыра отырып, иллюстрациялап, көрнекі құралды дер кезінде пайдалану маңызды.Есептер шығару т.б. әдісін ашып айқындауда қозғалысты әсіресе айқын көрсетіп отыру керек, (қосу - жылжытып қосып қою, азайту - алып қою, жылжытып бөліп қою т.б.) түсініктемені суретпен (чертёжбен) және тақтаға математикалық жазулармен жазып көрсете отырып, мұғалім тек балалардың материалды қабылдауын ғана жеңілдетіп қоймай, соңымен бірге жұмыс дәптерлеріне орындау үлгісін де көрсетеді. мысалы: дәптерге чертежі мен шешуін қалай орналастыру керектігін, әріптердің көмегімен периметрді (ауданды) қалай белгілеу керектігін т.б. көрсетеді. Сондықтан чертёждер мен жазуларды тақтаға сауатты орындау, оларды тақтаға әдемілеп орналастыру және олар барлық балаларға жақсы көрінетін болу жағын қадағалап отыру қажет.

Жаңа материалмен таныстыруда және әсіресе білімдері мен біліктерін бекітуде көрнекі құралмен істелетін жұмысты, оқу шылардың өздері алып көрсетіп, іс-әрекеттеріне тиісті түсінік темелерді беріп отыратындай етіп (қосуды өткенде нәрселер жиындарын біріктіріп, шыбықтарды пайдаланып, тұйықталған және тұйықталмаған сынық сызықтарды модельдеуді т. с. с.) ұйымдастыру керек. Материалдың игерілуі бұндай жағдайда едәуір жоғарылайды, өйткені жұмысқа түрліше анализаторлар (көру, қозғалу, сөйлеу, есту) қатысады. Мұнда балалар тек математикалық білімдерді ғана меңгеріп қоймай, көрнекі кұралдарды өздігінен пайдалану білігін де игереді. Мұғалім балалардың көрнекі құралдарды өзіндік жұмыста пайдалануын мейлінше мадақтап отыруы керек.

Білімдер мен біліктерді бекіту кезеніңде алуан түрлі жаттығулар ушін анықтағыш таблицалар, ауызша есептеу таблицалары суреттер, схемалар, балалардың есептер құруына қажетті чертеждер кең түрде қолданылады. Өлшеу дағдыларын қалыптастыру үшін, чертеждік-өлшеу аспаптарын пайдаланып, сы зуға және өлшеуге берілген жаттығулар енгізіледі. Көрнекі түрде қабылданғанды модельдеу, сурет салу, сөзбен сипаттау жолымен суреттеп көрсетуді қолдану ұсынылады. Көркені құралдарды кейде оқушылардың білімдері мен біліктерін тексеру үшін пайдаланады. Мысалы, балалардың көпбұрыш ұғымын қалай игергендігін тексеру үшін, оларға көрсетілген түрдегі көпбұрышты шыбықтардан құрастыруды ұсынуға болады. Таратып берілетін дидактикалық материалды пайдаланып (кесінділер, көпбұрыштар сызылған карточкалар т. б.), мұғалім кесінділердің ұзындығын өлшейді көпбұрыштын ауданың және периметрін өлшеуді т. б. білетін-білмейтінің тексереді. Көрнекі құралдарды пайдаланудың тиімділігінің негізгі шарты сабақта көрнекі материалды жеткілікті және қажетті мөлшерде қолдану болып табылады (қажетінше, шамадан тыс емес). Егер көрнекі құралдар қажет емес тұста қолданылатын болса, онда балалардың зейіні қойылған- міндеттен басқаға ауып оның зияны тиеді. Практикада осындай фактілер кездеседі: мысалы, бірінші класс оқушысы арифметикалық есептерді шығарғанда арифметикалық амалды (қосуды немесе азайтуды) тандап алуға үйретіледі. Мұғалім бұл мақсат үшін бұтаға конып отырған құстар мен оған ұшып келіп қонған құстардың (немесе керісінше, одан ұшып кетіп бара жатқан құстардың) суретін пайдаланады, оқушы осы суретке қарап сандарға ешбір арифметикалық амалдар қолданбастан есептің жауабын құстарды жай санап шығып-ақ табады. Бұл жағдайда пайдаланылған көрнекіліктін көмегі тимейді, қайта керісінше, есеп шығара білуін, яғни есеп шартында берілген сандарға қолданылатын. амалды тандап ала білуін қалыптастыруда бөгет жасайды. Екінші бір мысал: балаларға есепте кездесетін таныс емес нәрселердің (метро, завод, трамвай т. с. с.ауыл балаларына; ферма, көлік, мая, үйме т. с. с.- қала балаларына) суретін иллюстра циялап көрсету қажеттігі түсінікті. Алайда таныс нәрселер кескінделген суретті балаларға көрсетудің қажеті жоқ.



Оқыту процесінде нәрселік және бейнелік көрнекі құралдар дан шартты (символды) көрнекілікке дер кезінде көшіп отыру дың маңызы бар. Мысалы, егер жаңа түрдегі есепті шешу мен алғаш таныстырған кезде есептің мазмұның нәрселермен іс-әрекет жасау арқылы иллюстрациялайтын болса, кейінірек есепті қысқаша жазу жеткілікті болады. Егер есептеу әдісімен таныстырғанда балалар ең алдымен нәрселермен тиісті іс-әрекет жасауға сүйенетін болса, кейін есептеу әдісін жазуға сүйенсе болғаны т. с. с. символдың көрнекілік ролі балалардың матема- тикалық білімінің артуымен және оқушылардың ойлау қабілеті-нің дамуымен бірге өсіп отырады, символдық көрнекілік (схем лар, чертеждер, математикалық жазулар т. с. с.) математиканы көрнекі оқытудағы негізгі құрал болып табылады.

 

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет