Желтоқсан бастауы- ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан ұлы тарихтың бір белгісі. 16 желтоқсан. Бұл ерлік пен өрлік, қайғы мен қасірет мидай араласқан әрі жақын, әрі қаралы, қасіретті күн еді. Бұл қасіретті күн Қайрат, Қайыркелді, Сабира, Ләззат, Түгелбай, Ербол сынды қайсар жастарымыздың есімдерімен тарихқа жазылды.
Қарулы милиционер қыздың көк желкесінен ұрып қалады. Қыз есінен танып, сылқ етіп жерге құлайды.
Жұргізуші: Міне, өмірден тағы бір қыршын жас қызғалдақ осылай кетткен еді. Алматы музыка училишесінің студенті Ләззат Асановаға өзін-өзі өлтірді деген өтірік жала жабылған еді. Тексере келе Ләззаттың да аланда болғаны аңықталды.
1-оқушы: Қатыгездікті көрген оларға араша түсем деп жүргендердің арасында Қайрат Рысқұлбеков те бар еді. Халық басына түскен осы бір қасіретті сәтті от тілді, қайсар ақын Қацрат былай деп суреттейді:
Деп – жасқанбай жырлаған Желтоқсанның аққан жұлдызы жас сұңқар Қайрат Рысқұлбеков ең жоғары жаза ату жазасына іліккендердің бірі.
Жүргізуші: Әрбір тарихи кезең дәуір белесінде өз үнін, өз жырын, өз әуенін қалдырып отырады ғой. Бұл ән де сол желтоқсан оқиғасының боздақтарына арналған болаты.Ән « Қара бауыр қасқалдақ ».
1-оқушы: Иә, Қайраттың балаң үнінен, Махамбеттің арынын, Шәкәрімнің қайғысын, Мағжанның махаббатын, Мұқағалидің арман сағынышын, өкініш- күрсінісін сезгендей боласың, найзағай болып жарқылдап, жыр- нөсерімен күн шұғыласындай жалпақ әлемге танылған бүкіл адамзатқа жүрек нұрын шашқан. «Ұлы Қайрат, ақын Қайрат, батыр алты алаштың арысы болған Қайрат кім еді ?» деген сауал еріксіз тіл ұшына үйіріледі.
2- оқушы: Қайраттың ұстазы Асылбек аға былай деп сыр шертеді. «Жоғалған пышақтың сабы алтын, дегендік емес, Қайрат ерекше жаратылған бала еді.
Бала болып орынсыз елтең- селтеңге берілгенін көрген емеспін. Оқуын тым жақсы оқыды, 4-інен 5-і көп еді. Мінез құлқының тұрақтылығы, ақыл парасаттың айқындығы жағынан оқшау тұрды. Адын- артын болжап өмірдің сыр- қырына үнеле алатын қасиетібар еді. Отан алдындағы борышын өтіп кеген соң, өз тіршілігімен Алматы құрылыс институтынатүсіп, студент атанды.
3-оқушы:
Тұтқынға түстім жаутаңдай, Бара қалсаң сәлем айт,
Жоламай ешкім қасыма. Елдегі құрбы досыма,-
деп мұңая жырлаған албырт жас жаңа жылды қарсы алып жатқан күні туған нағашысының үйінде отырған тұтқынға алынды.
Жүргізуші:Пешенесіне жазылған аз ғана ғұмырдың соңғы сағатына дейін мына алдамшы дүниеден өмірден рақым күтіп, күдерін үзбеген сұңғыла жігіттің көңілі кім үшін,не үшін мерт болуға тиісті екенін сезе бастаған еді.
Оған бағытталған оқ кәдімгі қылмыскерге емес, тығырыққа тірелген бір қоғамның шындығын басқаша түсіндіретіндерге , яғни саяси «теріс көзқарастыларға » арналған оқ еді.Қайрат болмаған күнде де алаңда ұстаған жігіттің бірінші нөмерлі «Ұлтшыл »атанды.
Иә,ізгілік атаулыдан күдер үзіп ,ең соңғы үміті ,бар сенімі күйреген , рухани езілген балаң жігіт:
Жел кірді көңіліме жиырма бірде Кең байтақ қазақ жерінде
Айдады ерікке қоймай сол несібе. Неге ғана жүрмейміз біз есім?
деп қаты торыққан , қайсар рухты қазақ жігіті орысша, Қазақшаға судай жігерлі , отты жігіт еді. Өкінішке орай ,1988 жылы 13 мамырда Семей түрмесінде Қайрат Рысқұлбеков 21 мамыр күні таңда өмірден өтті. Қайырылып , жарық күнмен мәңгіге қоштасты. Есіл ер көзі терісінде шындықа жете алмай, қапыды жер жастанды.
Ән «Қазақ елі»