Көрнекілік: суреттер,слайд,бүктеме,журналдар Тәрбиелік шараның кезеңдері


Сара Алпысқызының өмірбаяны,қызметі,марапаттары



бет3/4
Дата10.11.2016
өлшемі402,85 Kb.
#1440
1   2   3   4

1.Сара Алпысқызының өмірбаяны,қызметі,марапаттары.

Сара Алпысқызы 1941 жылы 12-ақпанда Қарағанды облысының Қызылжар ауылында дүниеге келген. Білімі-жоғары,мамандығы-инженер-экономист. Президент Н.Назарбаевтың зайыбы,3 қыздың анасы және немере,шөберелерінің әжесі.

Сара Алпысқызы «Бөбек» қорының негізін қалаушы.Жетім және мүгедек балаларды қамқорлыққа алып,олардың білім алып,тәрбиеленуіне үлкен мән берді. «Бөбек» қоры 1992 жылы 27-наурызда құрылды. Осы қордың көмегімен әр облыста «Үміт» балалар үйлері,емдеу-сауықтыру орталығы,отбасылық үлгідегі балалар үйлері ашылды.Сара Назарбаеваның бастамасымен елімізде балаларды қорғау туралы заң қабылданды.Жоғары оқу орындарында,колледждерде оқып жатқан ата-анасы жоқ,тұрмыс жағдайлары төмен отбасы балаларына үнемі көмек көрсетілуде.

«Бөбек» емдеу-сауықтыру орталығына еліміздің барлық жерінен балалар барады.Балалардың дұрыс ем қабылдап,жақсы дем алуларына дәрігерлер,тәрбиешілер,мұғалімдер жұмыс жүргізеді.Осы орталықта емделген Қарағанды облысының қызы Аида былай деп алғысын білдірген екен: « «Бөбекке» келгеніме ризамын.Мұнда өте көңілді және қызықты.Мен алдымен барлық тәрбиеші апайларға,аспазшыларға,ұстаздарға алғысымды білдіремін.Тәрбиешілер бізге өз анамыздай қамқорлық көрсетті.Осындай орталық ашып,бар баланы қанатының астына алған Сара Алпысқызына алғыс айтамын!».

Астана қаласының тұрғыны,4-сынып оқушысы Әли мына өлең шумағын арнапты:

Жолдама алып мектептен,

Алыс жақтан келдік біз.

Айқара ашып есігін,

«Бөбек» бізді қарсы алды.

Сара Алпысқызы осындай ерен еңбектері үшін орден,медальдармен марапатталды. «Алтын жүрек» халықаралық сыйлығының лауреаты атанды.



2. Ел анасы-Сара Алпысқызы

Жанбота:Туған күн құтты болсын,Сара апайым!

Тілегімді мен сізге таратайын.

Әрқашан ортамызда жүріңізші,

Әдемі қалпыңызда қарапайым.



Егор: Құтты болсын бүгінгі мейрамыңыз,

Денсаулық пен бақыт тілегіміз.

Қажымасын ешқашан қайратыңыз,

Жүз жасаңыз,бар бақытты сезініңіз.



Талжан: Құрметтейді туған ел, Соғады оның жүрегі,

Адалдықтың тірегі. Сан бөбектің анасы.

Елін ойлап жүреді, Өзі халық баласы.

Бақыты үшін сәбидің. Еңбегіңмен ересен,

Биіктеп сен барасың.

Владимир:Өзгерткен ұрпақ санасын, Аяжан:Жасап,жайнап жүріңіз,

Ақылшысың,данасың. Біз-өсірген гүліңіз.

Құрметтейді туған ел, Құтты болсын,жан апа,

Жақсы көріп Сарасын. Мерекелі күніңіз.



Ислам: Отбасы,Орда нұры,от анасы, Нұрай:От анасы деймін-ау,ел анасы,

Жетімге жылу берген Сара апасы. Еңбегі-жер мен көктің нақ арасы.

Еңбегі ерен болған,елге сіңген, «Алтын жүрек» сыйлығы иегері,

«Бөбек» қоры –жетімнің бас панасы. Жетімнің ең алғашқы сүйенері.



Жүрсін: Өзің дара тұлғасың, Дильназ: Сара апа,қадір тұтар қасиетіңіз,

Мен үшін өзің данасың. Бізге қымбат әр айтқан өсиетіңіз.

Мейірімді жүзбен қарайсың, Сіздің әрбір ісіңізден үлгі алып,

Айналайын,Сара ана! Әрқашанда алдыңызда бас иеміз.

Ұқсайды дархан көңілің,

Ұлан байтақ далаға.



Алихан:Сара Алпысқызы,біз үшін дара тұлғаң, Ерсін: Сара апа,жанашырсың,

Мейірімнен жаратылған. Өнегелі тәрбие,біліміңмен.

Өзіңізді үлгі етеді, Шәкіртіңе жол ашылсын,

Шәкіртің талап қылған. Із салған іліміңнен.



Әли: Аяулы да алтын жүзді,апашым, Әлихан:Жас жүректі мейірімге бөледі,

Жүрегіммен мәңгі бірге боласың. Апа,Сізге тілек айтқым келеді.

Сен-асқарсың,сен-аспансың,биіксің, Сіз құрған қор сәбилерге сая боп,

Сен-дархансың,сен-жомартсың,данасың! Сіз құрған қор жетімдерді жебеді.



3.Өзін-өзі тану әлемі

«Өзін-өзі тану» сабағының ерекшелігі сендерді мейірімді болуға,сыйласа білуге,ұжымшылдыққа үйретеді. «Жүректен жүрекке» кезеңінде жақсы тілектер айтып, бірімізге біріміз көтеріңкі көңіл сыйлаймыз.

Жетті де Сізден шыққан жүрек сөзі,

Барша жұрт танып жатыр өзін-өзі.

Сіздің пән болашаққа жолды ашып,

Мейірім мен қайырымның болды көзі.



*«Өзін-өзі тану әлемі» бүктемесі,кітаптар,журналдар бойынша әңгіме жүргізу

Ән ( «Ортақ бізге жер шары» әні әуенімен)

Бүгінгі күн мереке, Ана біздің күніміз,

Сара апа туған күн. Ананың біз гүліміз.

Мерекемен құттықтап, Барлық баланы қуантып,

Қолды қатты соғыңыз. Ұзақ өмір сүріңіз!

4.Жүректен жүрекке

*Сара Алпысқызы мен үшін кім? (топтастыру әдісі)

-Ел анасы -«Бөбек» емдеу-сауықтыру

-«Бөбек» қорын құрушы орталығын ашушы

-«Өзін-өзі тану» кітабының авторы -3 қыздың анасы

-«Алтын жүрек» сыйлығының иегері -Немерелерінің әжесі

-«Үміт» үйін ашушы -Президент зайыбы



-Отбасылық үйлер ашқан -Дарынды балаларды қолдаушы

Бір өзіңсің бүкіл елдің анасы,

Барлық бала,барлық жанның панасы.

Құшағыңа қалай ғана сыйды екен,

Бүкіл елдің «Қазақ» атты баласы.

Алақаның аялы,құшағың кең,

Сендей адам табылмас жер бетінен.

Бөбектердің жол тауып жүрегіне,

Құшағыңа сыйдырдың көңілің кең.

Сендей жанды өмірге алып келген,

Батыр ана өмірде бақытты екен.

Елбасымыз халықтың басы болса,



Бөбектерге бақытты сыйлаған сен.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет