Көрнекіліктер: Мазмұнды суреттер Ойын шарты



бет3/4
Дата02.02.2020
өлшемі4,43 Mb.
#56976
1   2   3   4
Байланысты:
ДИД НОВ


Содержимое разработки


  

Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің

13 бөбекжай-бақшасы МКҚК



«Бірге достым ойнайық, логика еліне аттана! »

Мектепке дейінгі жастағы балаларға арналған танымдық-дамытушылық дидактикалық ойындар мен логикалық ойындар жиынтығы.





Құрастырғандар:

Акауова А.К.

Ибраева Ж.Ж.

Уралбаева А.Е.

Қостанай 2017 ж

Түсінік хат

5-6 жас мектепке дейінгі балалардың танымын дамытудың жаңа сатысы болып табылады. Бұл жаста балалардың танымдық жүйесі белсенді түрде дамиды. арналған таным-дамытушылық бағдарламасы

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрінің 2016 жылғы «12» тамыз №499 бұйрығымен бекітілген «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы» мен «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына» сәйкес әзірленді. Қазақстан Республикасында болып жатқан әлеуметтік-экономикалық өзгерістер мен еліміздің білім беру саласының әлемдік білім кеңістігіне шығуы - білім беру саласында, соның ішінде мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға уақыт талабына сай өзгерістер енгізуді талап етіп отыр.

Қазіргі таңда адамзат қоғамына ғылыми жаңалықтар мен инновациялық технологиялар қаншалықты маңызды болса, мектеп жасына дейінгі баланы тәрбиелеу мен оқыту саласын да заман талабына сай, уақыт сұранысын қанағаттандыратын жаңа бағдарламалармен, технологиялармен қамтамасыз ететін кез келді.

«Таным» саласының негізгі міндеті мектепке дейінгі жастағы балаларды таным – түсінігі қалыптасқан, айнала қоршаған ортаның бір тұтастығын түсінетін және ақпаратты өмірлік маңызы бар проблемаларды шешуді қолдана білетін тұлға ретінде қалыптастыру.

«Бірге достым ойнайық, логика еліне аттана» атты танымдық-дамытушылық дидактикалық ойындар мен логикалық ойындар жиынтығы.



мақсаты: Балабақшаның ересектер тобында тәрбиеленушілердің назарын айналадағы заттар мен құбылыстардың арасындағы сандық байланысқа аудара отырып, матиматикалық ойлау қабілетін қалыптастыру. Мектепке дейінгі жастағы балаларды оқытудың табысты болуы ұсынылып отырған материалдардың мазмұнына және көбіне оның берілу тәсіліне байланысты. Жаңа материалды игеруді баланың білімін белсендіруден бастау қажет. Ол ойын түріндегі жаттығулар түрінде ұйымдастырылады және 2-5 минут уақыт алады.

Тәрбиеші ұйымдастырған оқу қызметінің негізгі бөлігін ойын элементтерімен кезектестіріп отырады.



міндеттері:

  1. Зейін, есте сақтау қабілеті, қабылдау, шығармашылық қабілет, ой-қиялы мен жан-жақты ойлау қабілеті сынды танымдық процестерді дамыту.

  2. Баланың танып-білуге деген қызығушылығын күшейтуге бағытталған оқу процесіне ынтасын ояту.

  3. Ақыл – ой әрекетін талдау.

  4. Мектепке дейінгі жастағы балаларды матиматикалық терминдерді белсенді түрде қолдануға, оқу барысында алған білімі мен қабілетін пайдалануға үйрету.

  5. Санау, әртурлі топтардағы заттарға сандық және сапалық тұрғыдан баға беру, олардың арасындағы байланысты анықтауға үйрету.

«Бірге достым ойнайық, логика еліне аттана» әдістемелік құрал 5-6 жасар бала қоршаған ортаны өз іс-әрекеттері мен айналасындағылардың әрекеттері арқылы;

күтілетін нәтижелері:

Өзінің не істеп отырғанын түсінеді; белгілі бір білім қоры бар:

  • сандық және цифрлық қатарды орналастыра алады;

  • жиындармен (теңдіктер мен теңсіздіктер шығару) орындалатын амалдарды орындай алады;

  • заттың саны заттардың арасындағы қашықтыққа, кеңестіктегі орналасқан орны мен санау бағытына бағынбайтынын түсіндіреді;

  • бөліктің бүтіннен кем болатынын түсінеді.


Математикадан дидактикалық ойындар

«Біреу және көп» дидактикалық ойыны № 1

Мақсаты: «Біреу және көп» ұғымын ажырата алуға үйрету.

Тәрбиеші балалардан заттардың арасынан бір және көп заттарды табуды өтінеді. Мысалы: сағат біреу-ойыншық көп; тақта біреу-парта көп; бір аквариум-көп гүл.

Үшбұрыш үйшікке кіріп, жарықты жағып, сонда тұра бастады. Бір уақытта біреу есікті қағады. Үшбұрыш: «Бұл кім?» деп сұрайды. Шаршы көрінеді. Балалар оны атайды, егер балалар атын атауға қиналса, тәрбиеші өзі атайды. Бәрі бірге оның бұрыштарын санайды, барлық қабырғаларының бірдей екендігін атап өтеді


«Шаршы құрастыр» дидактикалық ойыны № 2
Мақсаты: Балаларды бөлшектерден бүтін бір зат құрастыруға үйрету.

Балалар ақ шаршының үстіне бөліктерге бөлінген түрлі-түсті шаршыны құрастырып қояды. Бөлшектерден бүтін бір зат жасайды. Балалар қиналған жағдайда тәрбиеші оларға көмектеседі. Шаршының қанша бөліктен тұратынын санайды, құрастырылған шаршының түсін айтады.

1-нұсқа: әрбір бала өзі жеке жинайды.

2-нұсқа: шаршыны топ болып жинайды (қайсысы жылдам?).

3-нұсқа: жеке немесе топпен, кім тез бітсе, күрделірек түрін беру.

«Зат неге ұқсайды?» дидактикалық ойыны № 3
Мақсаты: Геометриялық денелер мен фигуралар туралы білімдерін бекіту; айналадағы заттардың геометриялық пішінін ажырата білу дағдыларын дамыту. 1-нұсқа. Тәрбиеші геометриялық пішінді немесе геометриялық денені балаларға көрсетеді, ал балалар оның қоршаған ортадағы қандай затқа ұқсайтындығын табады немесе естеріне түсіреді.

2-нұсқа. Тәрбиешінің үстелінің үстінде геометриялық пішіндерді немесе заттар мен суреттер жатыр. Бала суретті не затты таңдай отырып, оның қандай пішінге ұқсайтындығын айтады. Өзінің жауабын түсіндіреді.



«Айырмашылығын тап» дидактикалық ойыны №4
Мақсаты: Балаларға екі суреттің немесе заттың айырмашылығын таба білуге; өз ойын айта білуге үйрету; ақыл-ойларын дамыту; шыдамдылыққа, досының жауабын тыңдай білуге дағдыландыру. Мазмұны. Бұл ойында тәрбиеші сенсориканы, көлемді, кеңістік қатынасын, санын салыстыру үшін белгілі бір мақсатты көздейді. Ары қарай салыстыратын заттардың санын арттыра отырып, бірнеше нұсқаларын қатарынан істеуге болады. Ойын өткен материалды бекітуге арналған. Тәрбиеші балалардың сөйлемді дұрыс байланыстырып сөйлеуін қадағалайды. Балалар екі сайқымазақты салыстырады. Салыстыруда мына сөздер пайдаланылады: кең – тар, қалың – жұқа, ұзын – қысқа.
«Біреуі артық» дидактикалық ойын № 5
Мақсаты: «Біреу – көп» ұғымын бекіту; ойлау қабілеттерін дамыту; заттарды топтастыра білуге үйрету. Мазмұны.1-нұсқа. Балалар барлық карточкалардың арасынан бір зат бейнеленген карточканы тауып, атауын айтады, содан кейін көп зат бейнеленген карточканы көрсетеді. Бір бала жауап береді, қалғандары тексеріп отырады. 2-нұсқа. Барлық балаларға карточка үлестіріледі (карточкалар қайталанбайды). Барлық балалар өз карточкасы бойынша жауап береді. Бір партада отырған екі бала бірдей дұрыс жауап қайтарса, олар жұлдыз алады. Қай партада жұлдыз көп болса, солар жеңеді. 3-нұсқа. Балалар өз бетімен партада жұмыс істейді. Жауаптың орнына балалар жай қарындашпен бір зат бейнеленген суретті айналдырып сызады. Кім тез бітсе, сол балаға тағы бір карточка беріледі. Екі немесе үш карточкаға жауап берген балалар жеңімпаз деп саналады

«Сипап сезу арқылы санау» дидактикалық ойыны №6
Мақсаты: Сипай сезіп санау арқылы қарамай-ақ екі топтағы заттарды салыстыруға үйрету (артық, кем, тең); санау дағдыларын бекіту; салыстыруда беттестіру тәсілін қолдана білу. Мазмұны.

Тәрбиеші үстелінің үстінде орамалмен жабылған заттардың екі тобы (4 кірпіш, 5 жүк машинасы) қойылады. Шақырылған бала бір топтағы заттардың санын орамалды ашпай қолмен ұстап санау арқылы анықтап, қорытынды санды айтады және осылайша екінші топтағы заттар да саналады. Қарамай-ақ, қай топтағы заттардың артық не кем екенін салыстырады. Содан кейін жабулы орамал алынады да, барлық балалармен жауаптың дұрыстығы тексеріледі. Ары қарай топтарды салыстыру арқылы неше артық, неше кем екенін анықтау, теңестіру жұмыстарын жүргізуге болады.



«Сөзді керісінше ата» сөздік ойыны №7
Мақсаты: Балаларды қарсы мағынадағы сөздерді таба білуге үйрету; көлем, кеңістіктегі ара қатынас туралы білімдерін бекіту.

Мазмұны.

Тәрбиеші көлемді, кеңістіктегі бағытты немесе сандық қатынасты анықтайтын сөзді атап, допты бір балаға лақтырады. Бала осы сөзге қарсы мәндес сөзді атап, допты қайтадан тәрбиешіге лақтырады (үлкен – кіші, кең – тар, ұзын – қысқа, биік – аласа, қалың – жұқа, сол жақта – оң жақта, жоғары – төмен, аз – көп, қалыңырақ – жұқарақ, ұзынырақ – қысқарақ, кеңірек – тарырақ, т.б.


«Аңдарды қоректендір» дидактикалық ойын №8
Мақсаты: 1саны, және цифры туралы алғашқы білімдерін бекіту; қоршаған орта туралы білімдерін кеңейту.

Мазмұны.

Тақтада аңдардың суреті ілінген, ал тамақтың суреті тәрбиеші үстеліне қойылған.

- Марат, қалай ойлайсың, бананды қай аңға береміз? Апарып бер. Сен пілдің баласына неше банан бердің? Осы цифрды ата және көрсет. Басқа аңдармен де осындай жұмыс жүргізіледі.

- Ал аю нені жақсы көреді? Әрине, балды.

- Жолақтары бар карточканы алыңдар. Солдан оңға қарай жоғарғы жолақты, содан кейін төменгі жолақты саусақтарыңмен жүргізіңдер.

- Енді жоғарғы жолақтың сол жағына бір аюды қой.

Тәрбиеші бірнеше баладан неше аюдан қойғандарын сұрайды.

- Төменгі жолаққа сол жақтан оңға қарай балы бар көп бөшкелерді қойыңдар (фишкалар).

Тәрбиеші бірнеше баладан жекелей сұрайды:

- Қонжықтар нешеу?



«Ненің баласы?» дидактикалық ойыны № 9
Мақсаты: Балалардың «үлкен», «кіші» ұғымдары туралы түсініктерін бекіту; жабайы және үй жануарлары туралы білімдерін кеңейту.

Мазмұны. Үлкен және кіші ойыншықтар бөлек тұрады. Бала үлкен ойыншықты таңдап алады және оған кішкене ойыншықтарды іріктеп алады (немесе керісінше). Өзінің таңдап алған жұбын атайды.

Мысалы: ит үлкен, ал күшік кішкентай.



«Цирктің әртістері» дидактикалық ойыны. № 10

Мақсаты:балалардың 2 саны және цифры туралы алған білімдерін бекіту.

Мазмұны.

1-нұсқа.

Ковралан тақтада жануарлар бейнеленген суреттер әр жерге орналасқан. Тәрбиеші бүгін циркте тек мұнда 2-ден ғана бар әртістер өнер көрсететінің айтады. Балалар суретті таңдап, оларды бөлек қойып санайды, көрсетеді, цифрды атайды.



2-нұсқа.

1-нұсқада көрсетілгендей, бірақ бұл жерде мазмұнды суреттер қосылады. Балалар 2-ден болатын заттарды әртістерге таратады. Барлығына жеткендігі тексеріледі, цифрды атайды және көрсетеді.

- Қандай заттар бір-бірден қалды? (1цифрын көрсету, атау).

3-нұсқа.

2-нұсқаға ұқсас, бірақ тапсырма күрделенеді. Жұп заттардың суреттері түсіне, көлеміне қарай іріктеліп алынған: ұзын, қысқа секіртпе үлкен, кіші барабан (тәрбиеші өз нұсқаларын ойлап табуына болады.) Тәрбиеші бір нұсқаны таңдайды.



«Жыл атасы» дидактикалық ойыны № 11
Мақсаты: Балаларды жыл мезгілдері және айларымен таныстыру; 1-ден 3-ке дейінгі сандар қатары туралы алған білімдерін бекіту.

Тақтада Жыл атасының суреті. Балалар жыл мезгілдерін атайды, оларды санайды.

- Қазір жылдың қай мезгілі?

Тәрбиеші қазір қай ай екенін сұрайды, балалар қайталайды. Әрбір жыл мезгілінде 3 айдан бар екенін айтып, күз айларын атайды.

Үлестірмелі материалдармен жұмыс.

- Бүгін жыл атасы бізбен күз туралы әңгімелескісі келеді. Ол бізге сары карточка әкеліпті.

- Не үшін сары карточка әкелді?

Әрбір карточкада керекті санды қоюға арналған күз айларына сәйкес келетін тор көз бар.

Тәрбиеші айды атайды, балалар керекті цифрды бос орынға қояды. Одан кейін тәрбиеші цифрды атайды, ал балалар айды атайды.

«Қанқызын тап» дидактикалық ойыны № 12
- Бізге егістіктен қанқыздары ұшып келді. Олар бір-біріне өте ұқсас. Барлығы оларды ылғи да шатастырады. Олар өздерін бір-біріне ұқсамайтындай етіп жасауларын сұрайды. Оларға көмектесеміз бе? Әрбір қанқызында дақтары оң және сол қанатында бірдей болатындай жаса. Сол жақта неше дақ, оң жақта неше дақ бар екенін сана. Барлығы қанша? Цифрды көрсет.

- Екінші қаңқызында сол жағындағы дақтар оң жағына қарағанда артық болсын. Сол жағында неше жақ, оң жағында ше? Барлығы неше дақ? Цифрды көрсет.

- Үшінші қаңқызындасол жақтағы дақтары оң жаққа қарағанда кем болатындай жаса. Сол жақта неше дақ, оң жақта ше? Барлығы неше? Көрсет.

- Біздің қаңқыздарымызға енді «жасырыну керек», әйтпесе тоңып қалады (топ бөлмесінің әр жеріне қойылады).

- Сендер оларды таба аласыңдар ма?
«Зат неге ұқсайды?» дидактикалық ойыны № 13
(2-сабақтың нұсқасын қараңыз).

- Буратиноның үйіндегі қандай заттар тіктөрбұрышқа ұқсайды?

- Міне, барлық қонақтар мерекелік дастарқан басына жиналды. Кім Буратиноға жақын отыр?

- Кім Буратинодан алыс отыр?

- Кім Карабас-Барабасқа жақын отыр?

- Кім Карабас-Барабастан алыс отыр?

Үлестірмелі материалмен жұмыс.

- Паровозда неше тіктөртбұрыш және дөңгелек бар? Не артық?



«Сиқырлы қалта» дидактикалық ойыны № 14
Мақсаты: Балаларды заттарды қолмен ұстап, санауға үйрету.

1-нұсқа – затты қолмен ұстап санау.

2-нұсқа – қандай зат екенін ұстап көріп, анықтау.

Тәрбиеші балалардың ортасына «сиқырлы қалтаны» әкеледі. Балалардың арасынан бір баланы таңдап алады. Ол бала көзін жұмып, қолын «сиқырлы қалтаға» салып, кез келген түймелері бар жолақты таңдап алып, қолын «сиқырлы қалтадан» шығармаған бойы түймелерді саусағымен санайды. Қалтадан қолын шығарып, санын айтады. Балалар тексереді және түймелердің санына (1-5) сәйкес цифрларды көрсетеді. Ұл балалар Ілиястың, қыздар Айсұлудың неше түйме қадағандығын анықтайды.

Балалар әкесіне кафель төсеуге көмектесуді ұйғарады. Бірнеше кафель жерге құлап, сынып қалды. Балаларға оны жинауға көмектесуді сұрайды.

«Шаршы құрастыр» дидактикалық ойыны №15
Үлестірмелі материалдармен жұмыс.

Тәрбиеші тапсырманың орындалуын қадағалайды. Егер бала орындауға қиналса, оған көршілес партадағы бала көмектеседі. Мұғалім күрделі шаршыны дұрыс құрастырған бір партадағы балаларға жұлдызша беріп, мадақтайды.

- Ілияс пен Айсұлу жануарлардың әрқайсысын өз үйлеріне орналастырмақшы.

Тәрбиешінің үстеліне жануарлардың суреттері, ал тақтаның әр бұрышына үйшіктер қойылған.



«Жануарларды орналастыр» дидактикалық ойыны №16
Мақсаты: Балаларды тақтада және қағаз бетінде бағытты таба білуге үйрету.

5 бала кезекпен тақтадағы тапсырманы, ал қалғандары үстелдің үстіндегі парақ қағазда фишкамен орындайды.

- Оң жақтағы жоғарғы үйшікке ақтиінді орналастыр.

- Сол жақтағы төменгі үйшікке мысықты орналастыр.

- Төменгі оң жақтағы үйшікке аюды орналастыр.

- Жоғарғы сол жақтағы үйшікке қасқырды орналастыр.

- Барлық аңдарға үйшіктер жетті ме?

- Неше үйшік екенін санаңдар. Осы санды цифрмен көрсетіңдер.

- Неше аң? Цифрмен көрсетіңдер.

- Қай сан артық? 4 пе, әлде 5 пе?

- Аңдардың қайсысы артық? Неге?

Балалардың нұсқалары әртүрлі болуы мүмкін. Балалардың өз ойларын айтуына мүмкіндік беру.



«Ертегі кейіпкерлерінің жұбын тап» дидактикалық ойыны № 17
Мақсаты: Балаларды «жұп» ұғымымен таныстыру.

Тақтаға мультфильмнің кейіпкерлері әр жерге ілінген.

Балалар бір мультфильмнің екі кейіпкерлерін тауып, оларды жұптастырып қоюлары тиіс. Содан кейін балалар неше жұп болғанын, қайсысы жұпсыз екендігін анықтайды.

- Балақай мен Карлсон далаға шығуға дайындалды. Олар өздерімен бірге нені алу керектігін ойланды (спорт құрал – жабдықтары көрсетілген сурет).

- Оларға таңдауға көмектесіңдер. Өз таңдауыңды түсіндір.

- Балақай шаңғы тебуді ұйғарды. Шаңғыны ең қысқасынан ең ұзынына қарай тақтаға қойып шығыңдар. Барлық шаңғының ұзындығын айтып беріңдер. Балақайға шаңғы таңдап беріңдер.

Педагог балаларға заттарды қатар қою немесе беттестіріп қою арқылы салыстыруға болатындығын естеріне салады.

-Енді балақайға шаңғы таяқтарын таңдауға көмектесуіміз керек. Оларды да ең қысқасынан ұзынына қарай қойып шығыңдар. Шаңғы таяқтарын ұзындығы бойынша атаңдар. Олар қандай?


«Ненің жұбы болады» дидактикалық ойыны. №18
Мақсаты: Балаларға қандай заттардың жұпсыз болуы мүмкін емес екендігін көрсету, «жұп» ұғымын бекіту.

Тәрбиеші киімдер мен аяқ киімдер бейнеленген суреттерді көрсетеді.

Балалар жұпсыз болмайтын заттарды атайды: шұлық (носки), аяқ киім, қолғап, т.б. Олардың неліктен жұпсыз болмайтындығын түсіндіреді.

- Егер Карлсон жай, ал балақай жылдам жиналса, олардың қайсысы далаға бірінші шығады?

- Ал қазір Карлсон сендерді таудан шанамен сырғанауға шақырады. Алайда бір шанаға тек екі бала ғана отыра алады, ал үшіншісі - «артық». Кім жылдам қимылдаса, сол шанаға отыруға үлгереді, кім баяу – «үшінші артық адам» болады.

«Сандар шатасты» дидактикалық ойыны. №19
Мақсаты: Сандар қатарындағы сандардың орны жайлы білімдерін нығайту.

Балалар тәрбиешінің берген бұйрығы бойынша көздерін жұмады.Тәрбиеші сандардың орнын ауыстырады немесе алып тастайды.Балалардың көздерін ашып, сандар қатарындағы өзгерісті тауып, оны жөндейді.

Тақтада Айболит және одан алыстау әр жерде аңдар ілінген.

- Айболитке емделу үшін қанша аң келді?

- Айболит бәріне жақындауды сұрайды. Енді аурулардың саны неше болды? Неге осынша?

- Қане, тексеріп көрейік (санайды).

- Әр ауру Айболитке бәрінен бұрын жақын келгісі келді.Қалай ойлайсыңдар, Дәрігер Айболит дауласпас үшін аңдарға қандай ақыл берді? (Кезекке тұру).

- Кім бірінші? Кім екінші?

- Қане, аңдар естеріне сақтау үшін, олар реті бойынша нешінші екенін бірге санап көрейік (бірінші, екінші, үшінші...)

- Мүйізтұмсық өзінің нешінші екенін ұмытып қалыпты, қанеки, көмектесіп жіберіңдер.

- Түлкі де баласын тербетуге кетіп, келгенде өзінің нешінші екендігін ұмытып қалыпты.

- Арыстан ұялы телефонымен сөйлесіп тұрып, дұрыс естімей қалыпты. Ол нешінші еді?

Айболит барлығын емдеп, үйлеріне жіберді
«Не өзгерді» ойыны №20
Мақсаты: Көру арқылы ойлау қабілеттерін арттыру.

Мазмұны: Тәрбиеші екі жолақты карточканы тақтаға іліп, бірінші жолағына бір алмұрттың суретін, екінші жолағына көп алманың суретін іледі де, балалармен бірге салыстырады. Содан кейін, керісінше, бірінші жолаққа көп алманы, екінші жолаққа бір алмұрттың суретін іледі. Бұдан не өзгергенін сұрайды.

«Дауыстап санау» дидактикалық ойыны № 21
Ойынның мақсаты: Дауыстап санауға, қорытынды санды есте сақтауға үйрету.

1-нұсқа.

Тәрбиеші үстелді бірнеше рет соғады. Балалар іштерінен санайды. Тәрбиеші 2-3 баладан қанша рет соғылғанын сұрайды, балалар тақтаға цифрымен көрсетеді.

Егер жауаптар әртүрлі болса, тағы да соғып, қайта санатады.

2-нұсқа.

Балалар жауап бермейді, дыбыстың санына байланысты цифрды көрсетеді.

Тәрбиеші балаларға екі түрлі үйдің суретін көрсетеді.

- Үйлердің бір-бірінен қандай айырмашылығы бар? (Биік – аласа, тар – кең, үлкен – кіші).



«Адасқан цифрлар» дидактикалық ойыны № 22
Мақсаты: баланың ойлау жылдамдығын арттыру.

Мазмұны: Тәрбиеші 2, 4, 6, 7, 3, 5, цифрлары жазылған карточкаларды тақтаға іледі, балалар қалып қойған санды атайды.

«Сиқырлы қапшық» дидактикалық ойын № 23
Қапшықта геометриялық пішіндер:

Балалар қолымен ұстап, сезу арқылы қандай пішін екенін айтады.

4.Таяқшалардан әртүрлі пішіндер құрастыру. 5.Тәрбиеші 7 санына байланысты 7 күн, 7 түс, 7 шелпек ұғымдарын түсіндіреді.

«Жеті» - көсеу баяғы,

Жалғыз оның аяғы.

7 цифрын жазып үйрену, . 7 санының құрамын ажыратып, дәптердегі өзіндік жұмыстарды орындату.



«Суретші қай жерде қателесті?» дидактикалық ойыны № 24
Мақсаты: Балалардың ойлау қабілетін дамыту, суреттегі сәйкессіздікті таба алуға үйрету.

Ойынның мазмұны.Тәрбиеші суретшінің «Қыс» тақырыбына сурет салғанын айтады. Балалардан оның бәрін дұрыс салғандығын тексеруді сұрайды. Балалар қыс мезгілінде болмайтын көріністерді тауып, оның қай мезгілде болатынын айтады.
Сөздік ойыны № 25
1-нұсқа.

Тәрбиеші жыл мезгілдері туралы сөйлемді таңдайды. Ол сөйлемді бастайды, балалар аяқтайды.

Күзде жаңбыр жауады, ал қыста...(қар жауады).

Көктемде ағаштар бүршік жарады, ал күзде...(жапырақтар түседі).

2-нұсқа. (көлем туралы).

Бұта аласа, ал ағаш...(биік).

Бұлақ тар, өзен...(кең).

Тәулік бөліктері туралы.

- Біз таңертең жаттығу жасаймыз, ал... түскі ас ішеміз.

- Біз кешке тамақ ішеміз, ал... жаттығу жасаймыз.

- Түнде біз ұйықтаймыз, ал... серуендейміз.

- Таңертең ертеңгілік ас ішеміз, ал... ұйықтаймыз.

- Күнді күндіз көреміз, ал жұлдызды...көреміз.

«Заңдылығын тап» дидактикалық ойыны № 26
Мақсаты: Балалардың логикалық ойлауын, заңдылықты қоя білу дағдыларын дамыту.

Тәрбиеші 9 тор көзден тұратын, олардың алтауы заттармен кезектесіп отыратын кесте бар. 3 зат үстелдің үстінде жатыр. Орналасу заңдылығын анықтап, заттарды өз тор көздеріне қояды. Егер балалар тапсырманы дұрыс орындап, өз әрекеттерін түсіндіруде қиналатын болса, онда тәрбиеші оларға көмектеседі.



«Не жоқ?» дидактикалық ойыны № 27
Мақсаты: Балалардың зейінін, есте сақтау қабілетін дамыту.

Балалар көздерін жұмады, тәрбиеші шырша ойыншығын жасырады. Балалар қай ойыншықтың жоқ екенін табады. Содан соң тәрбиеші екі ойыншықты алып тастайды, үшінші рет ойыншықтар алынбайды, орындары ауыстырылады.



«Өз орныңды тап» дидактикалық ойыны № 28
Мақсаты: Цифрлардың сандар қатарындағы орны, көрші сандар туралы білімдерін нақтылау.

Тәрбиеші балаларға 0-ден 10-ға дейінгі цифрларды таратып береді. (балалар цифрлар болады). «Цифрлар» музыка ырғағымен билеп жүреді. Музыка тоқтасымен балалар тез бір қатарға тұра қалады. Қалған балалар «цифрлардың» орындарын дұрыс тапқандықтарын тексереді. Содан кейін тәрбиеші бірнеше баладан аталған сандардың көрші сандарын атауды сұрайды.



«Жыл атасы» дидактикалық ойыны № 29
Тақтада – жыл мезгілдері бейнеленген 4 карточка, балаларда – 1 көк карточка.

- Жыл атасы бүгін бізге қандай карточканы қалдырады? Неге олай ойлайсыңдар? (Қалған карточкалар алынып тасталынады).

- Қыстың алғашқы екі айы қалай аталады?

- Оларды өз орындарына қойыңдар.

Бір бала тапсырманы тақтада, қалғандары партада орындайды.

Түнде аяз күшейіп,

Күндіз тамшы тамады.

Күн білінбей ұзару,

Бұл қай кезде болады?

(Ақпан)


- Ақпан айы қай айдан кейін болады?

- Қыс айларын атаңдар.

Содан соң тәрбиеші балалардың бір-біріне сұрақ қоюын сұрайды. Бір бала кез келген айды белгілейтін цифрды көрсетеді, ал қалғандары қай ай екенін айтады. Келесі кезекте бала айды атайды, қалғандары осы айда белгілейтін цифрды көрсетеді.

«Зат неге ұқсайды?» дидактикалық ойыны № 30
Тәрбиеші сопақшаның бөлме ішіне жасырынып қалғанын айтады. Балалар бөлме ішінде сопақша пішіндегі заттарды атайды.


«Қолымда не бар?» ойыны № 31

Мақсаты. Мынадай ұғымдарды пысықтау: ұзын – қысқа, жуан – жіңішке, үлкен – кіші, оң – сол, кеңістік түсінікті пысықтау, қимылды, түйсіну сезімдерін дамыту.

Керекті материалдар. Табиғи материалдар: ұсақ тастар, жаңғақтар, таяқшалар және т.б.

Ойынның мазмұны. Бала қолын артына ұстайды. Тәрбиеші оның қолыңа үлкендігі түрліше, бірақ тегі бірдей екі затты, мысалы, үлкен және кіші тасты ұстатады. Бала қолына қарамастан, оң қолында үлкен тас, сол қолында – кіші тас бар екенін айтуға тиіс. Балалар оның жауабының дұрыстығын тексереді. Енді тәрбиеші екінші баланың колына жуандығы әр түрлі, ұзындығы бірдей екі қарындаш ұстатады. Топ алдына шақырылған әрбір бала бір-біріне ұқсас 2-3 жаттығу орындайды. Ешқандай қателік жібермеген балалар жеңімпаздар болып есептеледі.

«Не өзгерді?» ойыны. № 32

Мақсаты. Баланың қөру қабілетін, зейінін жетілдіру, оны толық жауап беруге, сөздік қорын молайтуға үйрету.

Керекті материалдар. Үлкен және кіші жапырақтар: алма (алмұрт, қарбыз, және т.б. ойыншықтар).

Ойынны4 мазмұны. Балалар екі командаға бөлініп. әр команда тәрбиешінің кезекті сұрақтарына жауап береді. Тәрбиеші сұрақ қоймастан бұрын текшеге бірнеше зат қояды. Мысалы: алма, үлкен сары алмұрт және кішкене көк алмұрт, қарбыз. Бұларды балалардын бәрі көреді. Осыдан кейін ойнаушыларға, айталық, бірінші команданың балаларына көздерін жұмұды ұсынады. Бұл кезде тәрбиеші үлкен алманы қояды. Не өзгерді? Тәрбиеші шақырған бірінші команданың баласы: «Үлкен сары алма жоқ» деп жауап беруі тиіс. Енді, заттарды ауыстырып, келесі командаға сұрақ қояды және т.с.с. Көп сұраққа дұрыс жауап берген команда жеңімпаз атанады.

Ойын 3-4 минутқа созылады.



«Дүкен» ойыны № 33

Ойынышық таразысына дүкенші бала сатып алушының сұраған нәрсесін өлшеп беріп тұрады. Керек нәрселер: (таразы, қалақша, күріш шырын, бидай т.б.Сатушы баланың дүкеншілер киетін бас киімі болу керек. Ойынның барасында сусымалы зат пен сұйық заттын өлшену айырмасына жаттығады, демек, сұйық заттар белгілі көлемдегі ыдыспен өлшенеді, сусымалы заттар таразыға салынып өлшенеді. Ойынның мақсаты – сұйық затпен сусымалы заттын қалай өлшенетінін балаларға үйретіп, жаттықтыру.



«Көзімді жұмып, қолыңмен анықта» ойыны № 34

Мақсаты: Ұзын – қысқа, жуан – жіңішке, үлкен – кіші ұғымдарын бекіту.

Керекті материалдар: карындаштар, таяқшалар, кітаптар, доптар, қуыршақтар және т.б.

Ойынның мазмұны. Бұл ойында балалар қолымен ұстап қөру арқылы (бұлшық ет сезімі) қарындаштың ұзын-қысқалығын аңықтауы тиіс. Ол үшін ұзындығы әр түрлі қарындаштар алынады. Тәрбиеші балаларға алдымен жұп заттарды, жұп қарындашты көрсетеді. Балалар оларды мұкият қарап, ұзындығын, көз мөлшермен салыстырады. Тәрбиеші бір баланы шақырып, оған: «Көзімді жұм. Менің саған ұзын әлде қысқа қарындаш ұстатқанымды аңықта» дейді. Көзі жұмұлы бала қарындашты сипап, оны жаңа ғана көрген қарындашымен ойша салыстырады да, өзінің қолында қарындаштың қайсысы тұрғанын аңықтайды. Жауап берген соң көзін ашады. Қай жағдайда болсын - бала дұрыс жауап берсе де, қате жауап берсе де көрсетілген қарындаштар бір-бірімен тағы да салыстырылады. Тәрбиеші осылайша 4-5 баланы топ алдына шығарып, қарындаштың келесі жұбын көрсетеді де, оларды салыстырған соң, балаларға: «Көздеріңді жұмындар. Ал енді ашындар да, менің қолымдағы қандай қарындаш екенін айтындар» дейді. Бұл жолғы қарындаштардың түсі мен пішіні бірдей, ұзындықтары әр түрлі болуға тиіс. Кітап, дәптер, қиындыларқалындығы жөнінен доп және басқалары – үлкен-кішілігі бойынша салыстырылады.

Ойын 4-5 минутқа созылады.



«Зейінді бол» ойыны № 35

Мақсаты: Биік – алса ұғымдарын пысықтау.

Жаттығудың мазмұны. Тәрбиеші биік және аласа заттарды немес осындай заттар бейнеленген суреттерді көрсетеді. Биік заттар көрсетілгенде балалар орындарынан тұрады, аласа заттар көрсетілгенде – бастарын төмен түсіреді. Мысалы: «Телевизия мұнарасы» - орындарынан тұрады. «Өрт бақылайтын мұнара» - орындарынан тұрады. «Иттің күркесі» - бастарын төмен түсіреді және т.с.с.

Жаттығу 2-3 минутқа созылады.



«Қапшықта не бар?» ойыны № 36

Ойынның мақсаты: балалардың сезім мүшелері арқылы ойлау қабілетін арттыру.

Ойынның мазмұны: Тарбиеші кішкене қапшыққа бірнеше кішкене ойыншықтар салып, бір баланы тақтаға шығарып, көзім жұмып, тұрған қапшықтың ішінен бір ойыншықты алып, алған затының неден жасалғанын, қандай зат екенін айтып беруі керек. Егер айта алмаса орнына отырғызып, басқа бір баланы шығарады. Келесі сабақта басқа ойынның түрін ойнауғаболады. Геометриялық фигураға байланысты «Екі дөнгелек» деген ойын ойнауға болады. Алаңға бірінің ішіне бір орналасқан екі шеңбер сызылады. Үлкен шеңбердің диаметрі5 метр де, кішісінікі 2-3 метр болғаны жөн.

Ойынға қатысушылартең екі топ командаға бөленеді. Олар екі шеңберге орналасады. Ішкі шеңбердегілер шабылдаушы жақ болады. Олар қарсыластарын үлкен шеңбердің сыртына қарсыласының бір аяғы шықса да жеткілікті. Ал өздері сыртқы шеңберге шықпауы тиіс. Бірақ қарсыласын өз шеңберіне тартып алуға болады. Тек шеңбер ішіне сырттағы ойыншының екі аяғы бірдей кіруі шарт. Тартысқа 3 минутуақыт беріледі. Осы уақыттың ішінде қай команда шеңбердең көп ойыншы шығарса, сол жеңіп шығады.



Дидактикалық ойын: «Екінші қолымда қанша?» № 37

Материалдар: (түйме, моншақ, 1 тиындық теңгелер)

Бір оқушы тақтаға шығып: Менің қолымда бәрі 4 түйме бар, ал сол қолымда 2 түйме деп қолын ашып көрсетеді. Ал оң қолымда қанша түйме бар?



Ойынның мақсаты: балалардың ойлау қабілетін, байқампаздығын дамыту, бекету.

Балалар сабақта жалығып кетпеуі үшін, өтілген сандарға байланысты бірнеше сабақта ойынды қайталуға болады.



Дидактикалық ойын «Ұқсасын тап» № 38

Мақсаты: Геометриялық пішіндерге ұқсас заттарды топтастыру.

Тақтаға геометриялық пішіндер суреті ілінеді,стол үстінде заттар бейнеленген суреттер,солардың ішінен геометриялық пішіндерге ұқсас ұқсас заттарды іріктеу,

Дидактикалық ойын «Дұрыс таба біл». № 39

Тақтаға сандық белгісі бар карточкалар ілінеді. Карточкада қандай сандық белгі болса, бала өз конвертінен сонша үшбұрыш, төртбұрыш немесе көпбұрыш санап алып алдына қояды. (Қандай фигураны алып қою керектігі ескертіледі).



Дидактикалық ойын «Не жоқ?» № 40

Мақсаты: Есте сақтау қабілетін дамыту.

Стол үстінде бірнеше ұсақ ойыншықтар тұрады. Әр ойыншықты көрсетіп атату, сосын ойыншықтардың бетін жауып, біреуін көрсетпей алып тастау. Не жоғын айту.

Дидактикалық ойын «Қалт етпей қағып ал, жауабын тауып ал». № 41

Мақсаты: Ойлау қабілетін жетілдіру.



Балалар дөнгелене тұрады. Тәрбиеші допты бір балаға ляқтырып: «Екі мен үш» дейді де «+» таңбасын көрсетеді. Допты қағып алған бала «бес» деп жауап беруі керек. «-.» таңбасымен де осылайша ойналады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет