Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезеңінде орта білім беру ұйымдарында оқу процесін іске асыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдар



бет2/23
Дата08.02.2022
өлшемі175,57 Kb.
#124893
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Байланысты:
345-ке өзгеріс ереже

1-тарау. Жалпы ережелер

1. Орта білім беру ұйымдарында оқу процесін ұйымдастыруға жөніндегі осы Әдістемелік ұстаным (бұдан әрі – Әдістемелік ұсынымдар) коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезеңінде қашықтан оқытуды ұйымдастырудың оңтайлы жағдайларын және орта мектепте жаңа оқу жылының ұйымдасқан түрде басталуын қамтамасыз ету мақсатында жасалынған.Әдістемелік ұстаным меншік түріне қарамастан барлық білім беру ұйымдарында пайдаланылады.


2. Орта білім беру ұйымдарында оқу процесін ұйымдастыру нысаны санитарлық-эпидемиологиялық ахуалға байланысты анықталады:
1) Білім алушылардың, педагогтердің және басқа қызметкерлердің денсаулығын сақтау мақсатында оқу процесі мектеп алдындағы, 1-11 (12) сыныптарда қашықтық форматта ұйымдастырылатын болады.
2) Білім беру ұйымдарының мектепалды, 1-5 сыныптарының білім алушылары үшін сыныпта 15 балаға дейінгі контингенті бар ата-аналарының немесе заңды өкілдерінің өтініші бойынша кезекші сыныптар ұйымдастырылуы мүмкін. Мектептерде тиісті жағдайлар болған жағдайда, ата-аналардың немесе балалардың заңды өкілдерінің өтініші бойынша білім алушылар қабылданады. Ол үшін ата-аналар 1-қосымшада көрсетілген үлгі бойынша өтініш беруі тиіс.
3) Меншік нысанына қарамастан мектептердің қызметінде санитариялық қауіпсіздік шараларын қатаң сақтай отырып, сыныптарда 15 адамға дейін балалар саны 300 адамға дейінгі шағын котингентті мектептерге штаттық режимде рұқсат етіледі.
4) сыныптардың жинақталуын 15 баладан асырмай сақтаған жағдайда ата - аналарының өтініші бойынша жалпы білім беретін мектептерде 1-ден 5-сыныпқа дейін, халықаралық мектептерде 7-сыныпқа дейін кезекші сыныптарда оқыту.
4) Сырқаттанушылық тұрақты қысқарған кезде Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысымен эпидемиологиялық жағдайға сәйкес білім беру ұйымының аралас немесе штаттық режимге біртіндеп ауысуы жүзеге асырылады.
6) Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларға арналған арнайымектеп-интернаттарда (оның ішінде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетім балаларға), мектеп жанындағы интернаттарда,балаларды жыл бойы оқытуды және сауықтыруды жүзеге асыратын оқу-сауықтыру орталықтарында ата-аналардың өтініштері негізінде, тиісті жағдайлар болған жағдайда, қатаң санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, барлық сыртқы байланыстарды шектей отырып, жабық режимде жұмыс ұйымдастырылатын болады.
7) Мектеп қашықтан оқытудан штаттық режимге ауысқан кезде білім алушылар ата-аналарының қалауы бойынша қашықтан оқытуды жалғастыруы мүмкін. Ол үшін ата-аналар 1-қосымшада ұсынылған үлгі бойынша өтініш беруі керек.
3. 2021 жылдың 1 қаңтарына дейін мектептерде мәдени-бұқаралық және спорттық-бұқаралық іс-шаралар толығымен тоқтатылады.
4. Директормен кездесулер, педагогикалық кеңестердің мәжілістері, ата-аналар жиналыстары және т.б. қашықтық форматта өтеді.
Оқу форматына қарамастан, қазақ және орыс тілдерінде оқитын оқушыларға1-11 сыныптардан бастап республикалық «Ел-Арна», «Балапан» теледидарлық сабақтары арқылы оқу мүмкіндігі беріледі. Теледидар сабақтары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми арналарында ақысыз көрсетіледі. Теледидар сабақтары қосымша білім беру ресурсы ретінде қолданылады.
Білім беру ұйымдарының жұмысы штаттық режимде: кезекші сыныптардың жұмыс істеуі, бір сыныпқа 15 балаға дейін жұмыс жасайтын мектептердің жұмысы, арнайы мектеп-интернаттардың, жалпы мектеп-интернаттардың,мектеп жанындағы интернаттар,жыл бойына балаларды оқытуды және сауықтыруды жүзеге асыратын оқу-сауықтыру орталықтарының жұмысыата-аналардың немесе балалардың заңды өкілдерінің өтініші бойынша тиісті аумақтық бас мемлекеттік санитарлық дәрігермен келісімімен жергілікті атқарушы органдардың шешімі негізінде жүргізіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет