2-жүргізуші: Жеңіс…Ия, оны сан миллиондаған адамдар минуттап, сағаттап, сарыла күтті емес пе?Ақыры, олардың үміті мен сенімі ақталды.Тілектері орындалды. Бірақ, сол Жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Жеңіс жолында Отан үшін от кешіп миллиондаған асыл азаматтар мерт болды. Жаумен жан аямай шайқасып, ерліктің ерен үлгілерін көрсетті. Ана, жарын жоғалтып -жесір, бала әкесінен , анасынан айырылып -жетім атанды. Фашистердің тұтқын лагеріне қаншама ана мен бала айуандықпен азаптап өлтірілді. Ал, тылда қалған қарттар, аналар мен бесіктен белі шықпаған балалар соғыстың қайғы – қасіретін арқалай жүріп бірде аш, бірде тоқ тынбай жұмыс істеді. Бірақ ешкімнің сағы сынбады. Небір сын сәттерде Отан үшін отқа кеудесін тосқан қазақ халқының батыр қыздары мен ұлдары да болды. Соның ішінде Кеңес Одағының Батыр қыздары Шығыстың қос шынары Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Маметова туған жерді қасиет тұтып, Отанын қорғауда үлкен ерлік көрсетті. Олардың ерлік істерін ешкім де, ешқашан да ұмытпауға тиіс.
/Тыл ардагерлерін атап өту/
1-вед. «Все для фронта, все для Победы!» под таким лозунгом приближали победу старики и дети, оставшийеся в тылу. Они работали в поле, в рудниках, стояли у станков, вязали теплые вещи фронтовикам. Хочется отметить неустанный труд наших земляков, работников тыла с Бакинского сельского округа. Это: Ергалиева Рыспике, , Сидоркина Палагея Петровна, Акжигитова Жумаш Омаровна, Белова Вера Михайловна, Бондаренко Федосья Тимофеевна, Орынбасарова Нурлыгали, Рубенко Александр Антонович, , Зяблицев Леонид Никитович.
Достарыңызбен бөлісу: |