Корпаративтік басылым бжзқ



Дата07.02.2022
өлшемі21,9 Kb.
#83785
Байланысты:
мақала


Корпаративтік басылым БЖЗҚ


Зейнетақы Қоры –зейнетақы төлеуге арналған мақсатты қор. Зейнетақы қоры қаражаты салымшылардың міндетті және ерікті зейнетақы жарналары, жұмыс берушілердің, жеке еңбек қызметімен айналысушы азаматтардың міндетті сақтандыру жарналары есебінен құралады. Зейнетақы қоры мынадай арнаулы міндеттерді атқарады:
сақтандыру жарналарын жинайды; қызметкерлер мен басқа да азаматтардың жұмыста жарақат алып зақымдануы салдарынан немесе кәсіптік сырқатқа ұшырауы салдарынан болған мүгедектік бойынша немесе асыраушысынан айрылуына байланысты мемлекеттік зейнетақы есептеу үшін олардың денсаулығына зиян келтірілгеніне кінәлі жұмыс берушілер мен азаматтардан ақша өндіріп алады;
-қор қаражатын капиталға айналдырады, сондай-ақ, оған ерікті жарна тартады;
-салық органдарының қатысуымен қорға міндетті сақтандыру жарналарының уақытылы және толық түсуін бақылайды;
-сақтандыру жарналары бойынша барлық санаттағы төлемшілердің -мемлекеттік деректер қорын ұйымдастырады;
-қор құзыретіне қатысты мәселелер бойынша үкіметаралық ынтымақтастықты жолға қояды.
Зейнетақы қорының қаражаты:
-жұмыс берушілердің сақтандыру жарналарынан;
-жеке еңбек қызметімен айналысушы азаматтардың сақтандыру жарналарынан;
-әскери қызметшілерге және зейнетақы төлеу жөнінен оларға теңестірілген азаматтарға, мемлекеттік зейнетақы мен жәрдемақы төлеуге, олардың отбасыларына әлеуметтік зейнетақы төлеуге, балаларға, жалғызілікті аналарға жәрдемақы төлеуге, Семей ядролық сынақ полигонындағы сынақтардан зардап шеккендерге, экологиялық апат аймақтарындағы азаматтарға берілетін жеңілдіктерге, т.б. арналып, елдің республикалық бюджетінен бөлінген қаражаттан;
ерікті жарналардан құралады.
“Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы” Заңға сәйкес елде міндетті және ерікті зейнетақы жарналарын жинау міндеті жүктелген жинақтаушы Зейнетақы қорылары құрылды. Олар өз кезегінде мемлекеттік жинақтаушы Зейнетақы қорылары мен мемлекттік емес жинақтаушы Зейнетақы қорыларына ажыратылды. 2001 жылы аяғында елімізде 16 жинақтаушы Зейнетақы қоры тіркелді. Олардың қаражаты 182,4 млрд. теңге болды. Сонымен қатар заңды тұлғалар мен жеке тұлғалардың ерікті зейнетақы жарналарын тарту қызметін жүзеге асыруға және қосымша зейнетақы төлеуге құзыретті жабық акционерлік қоғам тұрпатындағы мемлекеттік емес ерікті Зейнетақы қорылары да құрылып, жұмыс істей бастады.
БЖЗҚ – Қазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы жүйесінің барлық қаржылық және ақпараттық ағындарының сенімді бірыңғай басқарушысы және операторы.
«БЖЗҚ» АҚ-ның зейнетақы активтері 2020 жылдың наурыз айында 11,3 трлн теңгеден асып түсті (жыл басынан бергі өсім 4% пайызды құрады). Зейнетақы активтерін әр түрлі валюталардағы сенімді қаржы құралдарына инвестициялау тұрақты инвестициялық кірістілікті, сондай-ақ шетел валюталарына қатысты теңге бағамының өзгеруі тәуекелдерінен қорғауды қамтамасыз етеді. Зейнетақы активтері құрылымының 33,7%- дан астамы шетел валютасына номинацияланған қаржы құралдарынан тұрады. Олардың басым бөлігі (портфельдің 30,6%- ға жуық көлемі) - АҚШ долларында.
Қоржынды валюталық әртараптандырудың, инвестициялар географиясы мен қаржы құралдары спектрін кеңейтудің арқасында халықтың зейнетақы жинақтарындағы таза инвестициялық кіріс үлесі тұрақты түрде өсуде.
2020 жылдың басынан бері таза инвестициялық кіріс 332,34 млрд теңгеден асты (2019 жылдың осы кезеңінде 66,8 млрд теңге). Наурыз айының бірінші жартысында салымшылардың шоттарына аударылған инвестициялық кіріс 192,45 млрд теңгені құрады (2019 жылдың осы кезеңінде 54,74 млрд теңге).
Зейнетақы активтері бойынша жинақтардың сақталуы мен кірістіліктің теңгерімді деңгейін ұзақ мерзімге қамтамасыз ету мақсатында, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі БЖЗҚ зейнетақы активтерін басқарушы ретінде ұлттық валюта - теңгемен де, шетел валютасымен де инвестициялар қабылдайтын әртараптандырылған инвестициялық портфельді қалыптастыру тұжырымдамасын ұстанады.
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының салымшылары электронды үкімет порталында инвестициялық кірісі көрсетілген зейнетақы жинақтарының жағдайы туралы ақпаратты ала алады.
Зейнетақы жинақтарының негізгі сомасы міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) бойынша қалыптасты және соңғы 12 айда 17% - ға ұлғайып, 10,8 трлн теңгені құрады. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы 257 млрд теңге (өсім 25%), ал ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы 2 млрд теңгеге (өсім 6%) жуық.
Айта кетейік, «БЖЗҚ» АҚ жарналарының барлық түрлері бойынша жеке зейнетақы шоттарының жалпы саны - 10 498 852 бірлік (ЖСН жоқ, деректемелері толық емес техникалық шарттарды есепке алмағанда) болды. Өткен жылдың наурыз айынан бастап өсім 3%. ЖЗШ-лардың басым бөлігін міндетті зейнетақы жарналары – 9,9 млн (өсім 3%), одан кейін міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары – 514 мың шотты (өсім 6%) құрады. Ең үлкен өсім ерікті зейнетақы жарналары бойынша байқалды, 2020 жылдың 1 наурызына БЖЗҚ-да ЕЗЖ бойынша 55 221 шот болды, бұл 2019 жылғы көрсеткіштен 12% жоғары.
БЖЗҚ-ның техникалық шарттар бойынша жұмысын атап өту маңызды. Бұған сәйкестендірілмеген салымшылардың (алушылардың) ЖЗШ-лары жатады, мұндай шоттарда жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) жоқ, сондай-ақ тегі, аты, әкесінің аты мен туған күні бойынша қате деректемелер көрсетілген (ЖСН жоқ ЖЗШ). 2019 жылғы 1 наурыздан бастап 2020 жылғы 1 наурызға дейін БЖЗҚ қызметкерлері осындай 20 мыңнан астам шоттарды анықтап, олардың жалпы санын 11% қысқартуға қол жеткізілді. Осылайша ағымдағы жылдың 1 наурызына БЖЗҚ-да 186, 8 тыс. техникалық шарт қалып отыр.
Салымшылардың (алушылардың) МЗЖ бойынша жеке зейнетақы шоттарындағы орташа жинақ көлемі (техникалық шарттарды есепке алмағанда) 1,11 млн.теңгеге жетті, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 12% жоғары.
2020 жылдың алғашқы 2 айында салымшылардың шоттарына жалпы көлемі 175,2 млрд. теңге зейнетақы жарналары түсті, бұл 2019 жылдың алғашқы 2 айындағы көрсеткіштен 20% артық. Төлемдер 32,1 млрд.теңгені құрады, олардың басым бөлігі жасына байланысты (12,2 млрд. теңге), ҚР шегінен тыс жерлерге ТТЖ-ға кету бойынша (8,4 млрд. теңге), сақтандыру ұйымдарына аударымдар (5,4 млрд. теңге), мұрагерлерге (5,2 млрд. теңге) берілген төлемдерден тұрады. Салымшылардың (алушылардың) шоттарына аударылған таза инвестициялық кіріс 139,9 млрд.теңге мөлшерінде есепке алынды.
Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізілді. Дәл осы күннен бастап Сіздің жұмыс берушіңіз Сіз үшін ай сайынғы табысыңыздың 5 пайызына тең жарна төлеуге міндетті болған. Айта кету керек, жұмыс берушілер МКЗЖ-ны зиянды (аса зиянды) өндіріс түрлері бойынша және сол өндірістерде қызмет ететін адамдарға ғана төлейді.
Бұл ретте төлемдер нақты жүргізілген және қызметкер кіріс алған жағдайда жұмыс беруші уақытылы есептемеген және аудармаған МКЗЖ сомаларын Мемлекеттік кіріс органдары өндіріп алады немесе жұмыс беруші МКЗЖ төленетін қызметкерлердің пайдасына уәкілетті орган белгілеген есептелген өсімпұлмен әрбір кешіктірілген күнге (Мемлекеттік корпорацияға төленетін күнді қоса алғанда) аударуға тиіс. Жоғарыда көрсетілгенге сәйкес есептелген МКЗЖ мен өсімпұлдың толық және уақытында төленуін бақылауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік кірістер органы жүзеге асырады. Бұл ретте қызметкердің пайдасына аударылған МКЗЖ қызметкердің БЖЗҚ-да МКЗЖ есепке алу үшін ашылған ЖЗШ-сы бар болған жағдайда, БЖЗҚ-дағы қызметкердің жеке зейнетақы шотына аударылуы мүмкін екендігіне назарыңызды аударамыз. Ал МКЗЖ-ны есепке алу бойынша ЖЗШ БЖЗҚ-ның зейнетақы қағидаларында көзделген нысан бойынша салымшы жазған өтініш негізінде ашылады. 
Соңғы уақытта Қазақстан азаматтары ақшасыз аударымдар жасау барысында әр түрлі банк қосымшаларын жиі пайдалануда. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры бұл үрдістен қалыс қалмай, өз қызметтерін әр түрлі электрондық сервистерге ауыстырып жатыр. Осылайша Қор өз жүйесін мемлекеттік органдармен ғана емес, екінші деңгейдегі банк жүйелерімен де ықпалдастыруды қолға алды.
Ерікті зейнетақы шоттарына жарналарды Kaspi.kz мобильді қосымшасы арқылы аудару – БЖЗҚ салымшылары үшін керемет жаңалық болды. Қазіргі уақытта Kaspi.kz қосымшасын пайдаланатын кез келген азамат ерікті зейнетақы шотына жарналарды ешқандай комиссиясыз аудара алады. Бұл үшін оның жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) және Kaspi.kz қосымшасы жүктелген әрі интернетке қосылған смартфоны немесе планшеті болса жеткілікті. Әрі қарай жарна аудару өте тез, жеңіл әрі ыңғайлы. Бұл үшін Kaspi.kz қосымшасына кіріп, «Төлемдер» бөліміндегі іздеу жолағына – «Ерікті зейнетақы жарналары» деп жазу керек. Бұдан кейін ЖСН бағанын толтырып, қажетті соманы енгізсеңіз болғаны.
Айта кетелік, өзіңіздің ғана емес, кез келген үшінші тұлғаның – мысалы, жұбайыңыздың, ата-анаңыздың, туған-туыстарыңыздың, тіпті жас балаңыздың да ерікті зейнетақы шотына жарна аударуыңызға болады. Бұл үшін оның жеке сәйкестендіру нөмірін енгізсеңіз жетіп жатыр. Ерікті жарналарды кәмелетке толмағандардың атына да аударуға болады. 
Бұдан басқа ерікті зейнетақы шотын өзіне-өзі қызмет көрсетуші Halyk Bank терминалы арқылы да толықтыруға мүмкіндік бар. Мұндай құрылғылар аталмыш банктің әрбір бөлімшесінде орнатылған. Бұл жерде төлем сомасының 0,3 пайызы көлемінде комиссия ұсталынады (комиссия 100 теңгеден төмен болмайды).
Сонымен қатар ерікті жарналарды дәстүрлі тәсілмен – екінші деңгейдегі банктердің кассасы немесе «Қазпошта» АҚ бөлімшелері арқылы төлеуге болады. Бұл жағдайда да тиісті комиссия қарастырылған.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет