Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы – бірыңғай
қаржы жүйесінің құрамды бөлігі жəне айрықша сферасы болып табылады, оның орталықтандырылмаған бөлігін құрайды.
Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының біршама екі
дербес қосалқы буыны болады:
1) материалдық өндіріс сферасының (нақты сектордың) шаруа-
шылық жүргізуші субъектілерінің қаржысы
2) өндірістік емес сфераның (қызметтер сферасының) ұйымдары
мен мекемелерінің қаржысы.
Өндіріс сферасының қаржылары өндірістік компанияларда, фирмаларда, корпорацияларда, шаруашылық қызметті ұйымдастырудың басқа нысандарында орталықтандырылмаған ақшалай қорларды қалыптастыру мен тиімді пайдаланудың, сондай-ақ қаражаттарды аталған шаруашылық жүргізуші субъектілердің жоғарғы органдарының мақсатты жəне резервтік қорларына орталықтандырудың мəселелерін
шешеді.
Достарыңызбен бөлісу: |