Корпорацияның қаржы саясаты
Қаржы саясаты қаржыны корпорацияның құрылтай құжатында белгіленген стратегиялық және тактикалық мақсатқа жету үшін қолданылатын мақсатты бағыт.
Қаржы саясатының мағынасы келесі буындардан құралады:
- қаржыны басқарудың жоғары кірістілікті және коммерциялық тәуекелдерден қорғауды ұштастыратын оңтайлы тұжырымдамасын әзірлеу;
- ағымдағы кезеңде қаржы ресурсы пайдаланылатын негізгі бағыттарды анықтау;
- қойылған мақсаттарға жетуге бағытталған практикалық іс-әрекеттерді жүзеге асыру.
Қаржы саясаты мәселелердің ұзақ шешілетінін және оның ерекшеліктерін негізге ала отырып қаржы стратегиясы мен тактикасына жіктеледі.
Достарыңызбен бөлісу: |