Көшбасшылық теориясы пәнінен емтихан сұрақтары Адами машықтарды жазыңыз


Адаптивті көшбасшылықтың күшті және осал тұстарын жазыңыз



бет5/82
Дата21.05.2023
өлшемі1,49 Mb.
#177330
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   82
Байланысты:
Емтихан көшбасшы 6В05146- биология

Адаптивті көшбасшылықтың күшті және осал тұстарын жазыңыз.



Адаптивті көшбасшылықтың бірнеше күшті тұсы бар. Біріншіден, көшбасшылықты бірқатар аспекті мен әрекеттен тұратын күрделі интерактивті процесс ретінде қарастыратын ерекше ұстаным. Екіншіден, басқа көптеген көшбасшылық көзқарастан айырмашылығы – адаптивті көшбасшылық теориясы көшбасшылықты ізбасарлардың адаптивті жұмыс істеуіне ең жақсы мүмкіндіктер ұсыну үшін басшылар қабылдайтын амал-әрекет ретінде сипаттайды. Үшіншіден, адаптивті көшбасшылық адамнын адаптациясы мен дамуы үшін олардың өз құндылықтарына қарсы шығуына және икемдеуіне жетекшілердің қалай көмектесе алатынын сипаттауымен ерекше. Төртіншіден, адаптивті көшбасшылык адаптивті өзгерісті женілдету үшін көшбасшы мен адамдардың не істеуі керектігі жайлы нұсқаулықтардын пайдалы әрі практикалык жиынтыгын ұсынады. Тагы бір артыкшылыгы - адаптивті көшбасшылык осы процесте колайлы ортаның атқарар манызды рөлін ерекше атап етеді.
Адаптивті көшбасшылықтың осал тұстары да жоқ емес. Ең әуелі, адаптивті көшбасшылықтың тұжырымдары мен қағидаларын негіздейтін эмпирикалық зерттеулер өте аз. Екіншіден, адаптивті көшбасшылық процесін тұжырымдау әлде де нақтылықты қажет етеді. Процестің басты факторлары мен олардың өзара қалай үйлесетіні әлі де түсініксіз. Үшіншіден, адаптивті көшбасшылық нұсқаулықтарының ауқымды аясы себебінен оларды интерпретациялау тым көп уақыт пен күшті қажет етуі мүмкін. Бұған қоса, ұсынылған көшбасшылық мінез-құлықтарының абстрактілі сипаты зерттеу барысында талдауды немесе практикада қолдануды қиындатады. Тағы бір айта кетерлігі, адаптивті көшбасшылық теория жүзінде көшбасшылықтың моральдық аспектілері мен қоғам игілігі үшін өзгерістің маңызын мойындағанмен, ол адаптивті жұмысты істеудің қалайша осы қоғамдық тиімді нәтижелерге алып келетінін көрсетпейді

  1. Адаптивті көшбасшылықтың сипаттамасын жазыңыз.



Адаптивті көшбасшылық бірқатар аспектіні, оның ішінде ситуациялык кедергілерді, көшбасшының мінез-құлқын және адаптивті жұмысты камтитын күрделі процесс. Бұл процесте адамды адаптивті жұмысқа тартуға назар аударылады. Адаптивті қиындықтарға қарсы тұру үшін жұртшылық- ты (ізбасарларды) жұмылдыруға түсірілген осынау бірегей екпін адаптивті көшбасшылықты тұлғалық қасиеттерге (2-тарау), машықтарға (3-тарау), мінез-құлыққа (4-тарау) және шынайылыққа (9-тарау) негізделетін өзге көшбасшылық ұстанымдарынан мүлде ерекше етеді. Адаптивті кошбасшы- лык адамнан ортаның өзгерісіне жауап ретінде талап етілетін адаптация мен көшбасшынын осынау өзгеріс кезінде оларға қалай қолдау көрсете алаты- нына негізделеді.
Адаптивті көшбасшылык процесі былайша жұмыс істейді: біріншіден, басшы ситуацияның күрделілігін түсініп, қатысушылар арасында туып- даған тұлғааралык динамиканың толыққанды көрінісіне капыту ниетімен шиеленісті ситуациядан бір сәтке алшақтайды. Екіншіден, адамдар өзге- рісті бастан кешіп жаткан кез келген ситуацияда немесе контексте көш- басшы әлгі өзгерістің техникалык, әлде адаптивті сипаттағы киындыкты тугызганын анықтау үшін бастапқы бағалау жұмысын жүргізеді. Киындык техникалык сипатта болса, кошбасшы бул проблеманы өзінің күш-қуаты мен тәжірибесі немесе ұйымның ережелері мен процедуралары аркылы ше- шеді. Ал кедергілер адаптивті болган жагдайда кошбасшы адаптивті про- цесті ілгерілету үшін кошбасшыга тән бірнеше нақты мінез-құлық түрін пайдаланады. Адаптивті көшбасшылық құрамына бірқатар көшбасшылық мінез- кулык пен әрекет кіргенімен, оларды пайдалануда кандай да бір белгіленген тәртіп жок. Көшбасшылықтың осындай түрі барысында мундай болмыс- бітім бір уакытта әрі өзара байланысты деңгейде көрініс табады. Оның кей- бірі процестін басында, ал кейбірі процесс соңында маңызды болуы мүмкін. Кейбір маңызды көшбасшылық мінез-құлық түрлеріне дистресс денгейін қалыпта ұстау, қолайлы орта қалыптастыру, бағыт-бағдар көрсету, адамнын назарын маңызды мәселелерге шоғырландыру, дербестік беру, сондай-ақ копшілік кабылдамаған немесе когамнан қолдау таппаган адамдардын пікі рін ескеру жатады.
Қорыта айтканда, көшбасшы ізбасарлардын адаптивті жұмыспен айналысуына комектесу ниетімен жогарыда аталган барлық мінез-құлық түрін пайдалануға әзір болгандыктан, адаптивті көшбасшылыктын пайдасы бар деуге әбден болады.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет