Көшбасшылық теориясы пәнінен емтихан сұрақтары Адами машықтарды жазыңыз


Этика анықтамасын Кольбергтің моральдық даму кезеңдерімен жазыңыз



бет80/82
Дата21.05.2023
өлшемі1,49 Mb.
#177330
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   82
Байланысты:
Емтихан көшбасшы 6В05146- биология

Этика анықтамасын Кольбергтің моральдық даму кезеңдерімен жазыңыз.



Батыстық дәстүр тұрғысынан алғанда, этика туралы теорияның дамуы Платон (б.з.д. 427–347) және Аристотель (б.з.д. 384–322) заманынан баста-лады. Этика сөзінің түп-төркіні гректің «әдет-ғұрып», «жүріс-тұрыс», «мі-нез» деген мағына беретін ethos сөзінен шығады. Этика адам немесе қоғам қалаулы деп санайтын не орынды деп тапқан мораль және құндылықтар-мен байланысты. Сонымен қатар этика адамдардың ар-ұяты мен олардың ниетіне қатысты болады. Этика теориясы нақты ситуацияда ненің дұрыс, ненің қате, ненің жақсы, ненің жаман екенін ажыратуға бағыт-бағдар сіл-тейтін ережелер мен қағидалардың жүйесін қамтамасыз етеді. Ол сондай-ақ ар-ұятты, парасатты адам қандай болуы керектігін түсінудің негізін салады. Көшбасшылыққа қатысты айтар болсақ, этика «Көшбасшы дегеніміз кім және ол не істейді?» деген сауалға жауап іздейді. Бұл көшбасшы мінез-құлқының сипаты және оның парасатымен байланысты. Кез келген шешім қабылдайтын ситуацияда этика мәселесі жасырын не ашық түрде қатар жү-реді. Мұндай жағдайдағы көшбасшының таңдауы мен әрекеті оның этика принциптеріне негізделеді. Көшбасшылардың таңдауына оның моральдық дамуы да әсер ете-ді. Мысалы, журналистикадағы 24 үлгілі көшбасшы туралы зерттеуінде Плезанс (2014) «өзгелерге қамқор болу мен құрметтеу, кәсіби міндет, зиян тигізбеу және проактив қоғамдық қарым-қатынас секілді моральдық даму-дың әлдеқайда жоғары сатыларын сипаттайтын ұғымдарға елеулі көңіл бөлі-нетінін» аңғарды. Адамдар моральдық мәселелер туралы қалай ойлайтынын түсіндіретін анағұрлым кең таралған теория – Кольбергтің моральдық даму кезеңдері туралы теориясы. Кольберг бір топ жасөспірімге дилеммалар се-риясын (оның ішіндегі ең танымалы – «Хайнц дилеммасы») таныстырып, кейін олардан сұхбат барысында дилеммаға байланысты таңдауын негіз-деуді сұрады. Содан соң осынау мәліметтен моральдық пайымдауды жіктеу жүйесін ойлап тауып, оларды алты кезеңге бөлді: 1-кезең – тіл алу және жа-залау, 2-кезең – индивидуализм мен ықпалдасу, 3-кезең – тұлғааралық бірлік пен үйлесімділік, 4-кезең – қоғамдық тәртіпті сақтау, 5-кезең – қоғамдық келісім және адам құқығы және 6-кезең – әмбебап принциптер (13.1-кесте). Кольбергтің моральдық даму кезеңдері 1-ДЕҢГЕЙ: ПРЕКОНВЕНЦИОНАЛДЫ МОРАЛЬПайымдау жеке мүддеге, жазадан қашуға және ынталандыруға негізделеді2-ДЕҢГЕЙ: КОНВЕНЦИОНАЛДЫ МОРАЛЬПайымдау қоғамның көзқарасына не үмітіне негізделеді3-ДЕҢГЕЙ: ПОСТКОНВЕНЦИОНАЛДЫ МОРАЛЬПайымдау ар-ұжданға және әділ қоғам құруға негізделеді1-КЕЗЕҢТіл алу және жазалау «Ережеге бағынсам, жапа шекпеймін»3-КЕЗЕҢТұлғааралық бірлік пен үйлесімділік«Мен жақсы болуға және басқалардың үмітін ақтауға тырысамын 5-КЕЗЕҢ Қоғамдық келісім және адам құқығы«Мен өзгелермен баршамызға пайдалы іс үшін бірлесе жұмыс істеймін»2-КЕЗЕҢ Индивидуализм және ықпалдасу«Сіз маған мына шаруаны іске асыруға жәрдемдессеңіз, мен сіздің өтінішіңізді орындайын»4-КЕЗЕҢҚоғамдық тәртіпті сақтау «Мен қоғамдағы қағидаттарды қолдаймын әрі оған бағынамын»6-КЕЗЕҢ Әмбебап принциптер«Мен әділдік туралы ішкі әрі әмбебап принциптеріме сүйеніп әрекет етемін
Кольберг алғашқы екі кезеңді – преконвенционалды мораль, одан кейінгі екеуін – конвенционалды мораль, ал соңғы екеуін постконвенционалдымо-раль деп жіктейді. 1денгейАдам моральдық пайымдаудың преконвенционалды деңгейінде әрекет-тердің моральға сай екенін тікелей салдары арқылы бағалауға бейім. Мо-ральдық пайымдаудың преконвенционалды деңгейі екі кезеңнен тұрады. 1-кезең – тіл алу және жазалау. Адамның бұл кезеңіне эгоцентризм тән, ол моральды өзіне қатысы жоқ секілді көреді. Ережелерді билік бекі-тіп, жоғарыдан нұсқайды. Ережелерге бағыну маңызды. Өйткені бағынса, жазаланбайды. Мысалы, бала «ұрлық жасау – жаман қылық, өйткені соның кесірінен түрмеге қамалуың мүмкін» деп ойлайды.2-кезең – индивидуализм және ықпалдасу. Бұл кезеңде адам өзінің жеке мүддесіне қарай моральдық шешім шығарады. Адамға пайдасын тигізетін әрекет – дұрыс әрекет. Бәрі салыстырмалы, демек, әр адам өзі қалаған ісі-мен айналысуға ерікті. Адамдар өзін қоғам (қауым) құндылықтарымен сәй-кестендірмейді (Crain, 1985), бірақ олар бір-бірінің қажетіне жарауға дайын. Мысалы, адам: «Сіз маған мына шаруаға жәрдем берсеңіз, мен сіздің анау өтінішіңізді орындайын» деуі мүмкін.
2 денгей Бұл деңгейдегілер әрекеттің моральға қаншалықты сай екенін қоғамда қалыптасқан көзқарас пен талап тұрғысынан саралайды. Беделін іштей сезі-неді, бірақ оған күмән келтірмейді. Беделі сол топта қалыптасқан нормалар-ға негізделеді. Кольберг моральдық пайымдаудың конвенционалды деңгейі-не тән мынадай екі кезеңді атап көрсеткен: 3-кезең – тұлғааралық бірлік пен үйлесімділік. Бұл кезеңде адам басқа-лардың үміт үдесінен шығатындай моральдық таңдау жасайды және өзін «жақсы» адам ретінде ұстауға тырысады. «Жақсы» көріну әрі қауымның (қоғамның) этика стандарттарына сай болу маңызды. Мысалы, оқушы: «Мен көшірмеймін, өйткені жақсы оқушы мұндай іске бармайды» деуі мүмкін. 4-кезең – қоғамдық тәртіпті сақтау. Бұл кезеңде адам жалпы қо-ғамның қамын ойлап, моральдық шешім шығарады. Қоғам бағытынан жа-ңылмас үшін адам заңды сақтауы, билікті құрметтеуі және қоғам қағидала-рын ұстануы керек. Мысалы, адам түн ортасында жолда көлік болмаса да бағдаршамның қызыл түсіне өтпейді, себебі қоғамда бекітілген жол-көлік ережесін сақтау қажет.
3 денгейПринципті деңгей деген атаумен белгілі бұл деңгейде адам өзінің мінез-құлқына бағдар болатын этикасы мен моралін қалыптастырады. Посткон-венционалдыморалистер өз этикалық принциптеріне – әдетте өмір, еркін-дік және әділет сықылды адамның негізгі құқығынан тұратын принциптерге сүйеніп өмір сүреді. Кольберг моральдық пайымдаудың постконвенционал-ды деңгейінің құрамына екі кезеңді жатқызады. 5-кезең – қоғамдық келісім және адам құқығы. Аталған кезеңде адам қоғамдық келісімге немесе мінсіз қоғам қандай болуы керек деген өз көз-қарасына сүйеніп, моральдық шешім қабылдайды. Дұрыс қоғамда өмір мен еркіндік секілді құндылықтарды қолдап, заңды өзгертудің әділдіктен айны-мауы қадағаланады (Crain, 1985), бірақ топтағы пікір мен құндылықтың әр-түрлі болатынын мойындайды. Әлеуметтік шарттылықтардың маңызы зор,алайда қоғам оны өзара келіскені жөн. Мысалы, қатерлі ісікке шалдығып, өлім аузында жатқан ұлының еміне ата-анасының қаражаты болмаса, мем-лекет оған араласып, емін төлеуі керек. 6-кезең – әмбебап принциптер. Бұл кезеңде адамның моральдық па-йымдауы әділет туралы ішкі әмбебап принциптерге негізделеді. Шешім соған қатысы бар әр тараптың көзқарасын ескеріп, құрметпен қабылдануы қажет. Тіпті заң нормаларымен қарама-қайшы келсе де, адам өз ішіндегі әділдік сезіміне сүйенеді. Әділдіктен айнымау үшін кейде әділетсіз заңдар-ға бағынбауға тура келеді деп есептейтін азаматтық құқық белсендісі осыған мысал болады. Кольбергтің моральдық даму моделі тек әділет құндылықтарына мән бергені, тек ер адамдардан тұратын топқа жүргізілген эксперимент ретінде жыныстық әркелкілікті сақтамағаны, индивидуалист мәдениет өкілдерінен ғана іріктеп, мәдени әралуандықты ескермегені, адам өз принциптерін заң немесе қоғам принциптерінен жоғары қоятын постконвенционалды мораль-ды жақтағаны үшін сынға ұшырады (Crain, 1985). Осынау сыни пікірлерге қарамастан, бұл модель адамның этикалық көшбасшылығының негізі неден қалыптасатынын түсінуде аса маңызды.



  1. Этика теорияларының салаларын жазыңыз.



Этика мен көшбасшылықты зерттеу мақсатына орай этика теориясы-ның екі жалпы саласын – көшбасшының жүріс-тұрысы туралы теориялар-ды және көшбасшының мінезі туралы теорияларды (13.2-кесте) қарастыруға болады. Басқаша айтқанда, этика теориялары көшбасшылыққа көшбасшы-ның әрекеті мен оның адам ретінде кім екенін саралау үшін қолданылады. Осы тараудың өне бойында біздің этика және көшбасшылық туралы пікір-таласымыз әлгі екі сала – жүріс-тұрыс пен мінез төңірегінде өрбиді. Көш-басшының жүріс-тұрысына қатысты этика теориялары, өз кезегінде, екі түр-ге – көшбасшы әрекетінің салдарына мән беретін және көшбасшы әрекетіне әсер ететін парыз бен ережелерге назар аударатын теориялар (13.2-кесте) болып бөлінеді. Телеологиялық теориялар (грек тілінде telos «мақсат», «нә-тиже» деген мағына береді) ненің дұрыс, ненің бұрыс екендігі туралы сұ-рақтарға «Адамның әрекеті күткен нәтижеге алып келе ме?» деген сауалға көңіл бөлу арқылы жауап береді. Телеологиялық тұрғыдан қарағанда, «Не дұрыс?» деген сұраққа нәтижеге немесе қорытындыға қарай жауап беріле-ді. Нәтижесінде адам әрекетінің салдары белгілі бір қылық жақсы не жаман екенін айқындайды. Соның салдарын бағалау барысында моральдық мінез-құлыққа қатыс-ты шешім қабылдаудың үш түрлі тәсіліне жүгінеді (13.1-сызба): этикалық эгоизм, утилитаризм және альтрузим. Этикалық эгоизм бойынша адам зіне зор игілік әкелетіндей әрекеттенуі керек. Бұл бағдардағы көшбасшы өзі ләззат алатын іспен айналасып, мансап қуады. Жеке бас мүддесі транзак-циялық көшбасшылық теориясымен тығыз байланысты этикалық позиция болып саналады (Bass&Steidlmeier, 1999). Этикалық эгоизм кейбір бизнес контексінде, мысалы, компания мен оның қызметкерлері кірісті арттыру мақсатына жету жөнінде шешім қабылдағанда жиі көрініс табады. Мәселен, жоғарылағысы келетін, командасы компаниядағы ең мықтылардың арасы-нан ойып тұрып орын алғанын қалайтын орта деңгейлі менеджер этикалық эгоизм тұрғысынан әрекет етуші ретінде сипатталуы мүмкін. Этика теориясының салаларыЖүріс-тұрыс Мінез қыр-сырыСалдары (телеологиялық теория) y Этикалық эгоизм y Утилитаризм Ізгілікке негізделген теорияПарыз (деонтологиялық теория)Екінші телеологиялық тәсіл – утилитаризм бойынша, біз мейлінше көпшілікке мейлінше зор игілік сыйлайтындай әрекет етуіміз керек. Бұл көзқарас бойынша, қоғамға келетін пайданы неғұрлым арттырып, қоғамның шығынын соғырлым кемітетін әрекет – моральдық тұрғыдан дұрыс әрекет (Schumann, 2001). АҚШ үкіметі федералдық бюджеттің қомақты бөлігін зардабы ауыр ауруды емдеуден гөрі, алдын алуға бөлгенде, қаржыны халық-тың басым бөлігіне қатысты оң нәтиже көрсететін бағытқа салу арқылы ути-литарлық көзқарасқа сай әрекет етті. Утилитаризмге жақын, алайда этикалық эгоизмге қарама-қарсы телео-логиялық тәсілдің үшіншісі – альтруизм. Бұл көзқарасқа сәйкес, өзгелердің мүддесін қорғауды мақсат тұтатын әрекет – моральға сай әрекет болып са-налады. Осы тұрғыдан алғанда, көшбасшыны жеке бас мүддесінің кереғар-лығына қарамай, басқалардың мүддесін қорғауға шақыруы мүмкін (Bowie, 1991). Шынайы трансформациялық көшбасшылық (8-тарау) альтруистік принциптерге негізделеді (Bass&Steidlmeier, 1999; Kanungo&Mendonca, 1996). Альтруизм сондай-ақ қызмет етуші көшбасшыға тән қасиеттерді көрсетуде шешуші рөл атқарады. Альтруистік этиканың жарқын мысалын өмірін кедей-кепшікке көмектесуге арнаған Тереза ананың еңбегінен бай-қауға болады. Қандай әрекет қандай нәтижеге алып келетінін талқылайтын көзқараспен салыстырғанда, деонтологиялық теория гректің deos сөзінен шығатын «парыз, борыш» мағынасын білдіреді. Яғни белгілі бір әрекеттің этикаға сәйкестігі тек оның (технологиялық) салдарына емес, сонымен қа-тар жалпы әрекеттің дұрыстығына байланысты болады. Шындықты айту, уәдеде тұру, әділ болу және өзгелерді құрметтеу – мұның бәрі салдары қан-дай екеніне қарамастан, дұрыс әрекеттің мысалы болып саналады. Деонто-логиялық көзқарас көшбасшының әрекетіне және оның дұрыс қадамға бару жөніндегі моральдық міндеті мен жауапкершілігіне мән береді. Көшбасшы-ның оны істеуге моральдық құқығы болса, ешкімнің құқығын бұзбаса және өзгелердің моральдық құқығына қол сұқпаса ғана оның әрекеті моральға қайшы келмейді (Schumann, 2001).1990 жылдардың соңында АҚШ Президенті Билл Клинтон антты аяқас-ты етіп, Ақ үйде тағылымдамадан өтушімен көңілдес болғаны үшін Конгресс алдында жауапқа тартылды. АҚШ Өкілдер палатасы оған осы әрекеті үшін импичмент жариялады, бірақ кейін оны АҚШ Сенаты ақтап алды. Біраз әуре-сарсаңға түскеннен соң, президент ұлттық телеарнадан сөз сөйлеп, өзінің кінәсіздігін мәлімдеді. Қазір бұл Клинтонның танымал сөзінің бірі саналады. Алайда кейін істі сотта қарау барысында оның телеарнадан сөй-леген сөзінде жалған айтуы мүмкін екені мәлім болғанда, америкалықтар Клинтон (тұлға, көшбасшы, президент ретінде) шындықты айтпай, ант бұз-ды деп есептеді. Деонтологиялық көзқарас тұрғысынан, ол дұрыс әрекет ету, яғни шындықты айту этикалық жауапкершілігін атқара алмады.Телеология және деонтология теориясы этиканы көшбасшының мінез- құлқы не әрекетіне қарай сараласа, теориялардың екінші легі этиканы көш-басшының мінезі тұрғысынан қарастырады (13.2-кесте). Бұл теориялар ізгілікке негізделген теориялар» деп аталады; олар «Көшбасшы атаулы адам ретінде кім?» деген мәселеге көбірек мән береді. Осы тұрғыдан қара-ғанда, ізгілік адамның жүрегімен, мінезімен астасып жатыр. Бұған қоса, ізгі-лік пен моральдық қасиет – туабітті емес, жүре-бара тәжірибемен даритын қасиет. Моральдық жақтан лайықты адам болуды біз отбасымызда немесе қауым ортасында үйренеміз. Шығу тегі Батыс тарихындағы сонау ежелгі гректер мен Платон, Аристотель еңбектеріне барып тірелетін ізгілік теориясының танымалдығы қайтадан арта түсті. Бұл теориялармен байланысты «аретикалық» (aretaic) деген грек термині «кемелдік», «ізгілік» деген мағына береді. Аристотель сияқты ізгілікке негізделген теорияның қазіргі жақтаушылары да мораль-дық құндылықтарды шыңдауға көбірек көңіл бөлу қажет деп есептейді (Velasquez, 1992). Адамға не істеу қажеттігін айтқаннан гөрі, оларға кім болу керектігін айтқан немесе олардың анағұрлым ізгі жанға айналуына көмектескен жөн. Ендеше, адамгершілігі мол адамның қадір-қасиеті қандай? Ондай қа-сиеттер көп, әрі оның бәрі де маңызды. Аристотель жазбаларындағы си-патқа сәйкес, өнегелі тұлға батыл, сабырлы, жомарт, ұстамды, шынайы, көпшіл, қарапайым әрі адал болып келеді (Velasquez, 1992). Аристотельдің сипаттауынша, ізгі адамдар халықтың жақсы өмір сүруіне жағдай жасаған. Этиканы көшбасшылық және менеджментпен сабақтастырған Веласкестің пікірінше, менеджерлерге қайсарлық, азаматтық рух, парасат, адал ниет, шынайылық, беріктік, кеңпейілдік, мойынсұнушылық секілді қасиеттер ке-рек. Ізгілікке негізделген этика, шын мәнінде, жақсы, лайықты адам болу ту-ралы айтады. Адам жақсы құндылықты үйреніп, дамыта алады, әйтсе де бұл теория «ізгілік адамның табиғатында бар» деп есептейді. Бала кезден үйрен-ген құндылық бойға сіңіп, әдетке айналады, әрі адамның табиғатымен біте қайнасып кетеді. Шындықты айтатын адам шынайы, кедей-кепшікке қол ұшын созатындар кеңпейіл, жомарт, басқалардың ақысын жемейтін жан-дар әділ адамға айналады. Біздің ізгілігіміз, адамгершілігіміз әрекетімізден көрінеді, ал біздің әрекетіміз – адамгершілігіміздің айнасы (Frankena, 1973; Pojman, 1995)





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет