Көшеде жүру тәртібі мен қауіпсіздік ережесі. Көше ережелері туралы тыңдау



бет9/9
Дата08.11.2023
өлшемі33,49 Kb.
#190062
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Ата-аналар және оқытушылар!
Балаларға әсiресе, сең жүру кезiнде үлкендердiң қарауысыз өзенге баруларына жол бермеңiздер; оларды өзендер мен көлдердiң ашылуы кезiнде мұзда болу қауiптi екенiн ескертiңiздер. Балаларға су тасқыны кезеңiнде өзiн-өзi ұстау ережелерi жөнiнде айтыңыздар, оларға суда ойнауға тыйым салыңыздар, желiкпелiктiң жолын кесiңiздер. Жарылған мұз, салқын су, судың тез ағу қаупi өлiмге әкелуi мүмкiн. Есте сақта, су тасқыны кезеңiнде, тiптi болмашы сең жүргенде әр қашан балалармен бақытсыз жағдайлар болады.
Көктемдегi су тасқыны және сең жүру кезiнде тыйым салынады:

  • Көктем кезiнде су айдынына шығуға;

  • Сең жүрген кезде өзен арқылы өтуге;

  • Мұзы жарылған өзенге жақындауға;

  • тасқын су және опырылатын жағалауда тұруға;

  • көпiрлерде, бөгеттерде және бөгеулерге шығуға;

  • опырылған мұзға жақындауға;

  • сеңдердi жағалаудан итеруге;

  • өзеннiң немесе басқа су қоймасының тереңдiгiн өлшеуге;

  • сең үстiнен жүруге және онымен сырғанауға.

Жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіздік ережесі мен оқушылардың жүріс тұрысы
Жаз демалыс үшін өте жақсы кезең. Өзіне және өз денсаулығына пайдалы су жанында демалу үшін жүзу, судағы жүріс-тұрыс қағидасын білу қажет
Шомылуға аса қолайлы режимдер:
- тамақ ішкеннен соң 1,5 сағат уақыттан кейін шомылған жөн;
- балалар жағаларында шомылған дұрыс, олар төтенше жағдайлардың алдын алуға арналған қажетті құралдармен жабдықталған және қамтамасыз етілген;
- ұмытпаңдар, балаларға, жанында ересектер болғанда ғана шомылуға рұқсат етіледі;
Барлығы мынаны есте сақтаған жөн:
- тек рұқсат етілген және қасында ересектер болған жағдайда шомылуға болады;
- таныс емес жерлерде сүңгуге болмайды – түбінде батып кеткен бөренелер, тастар, тырбиған ағаштар болуы мүмкін;
- батпақты жерлерде, балдырлар мен ұйықтар бар жерлерде шомылмаған жөн;
- еш жағдайда үрлемелі матрастармен, автокөлік камералармен, үрлемелі ойыншықтармен жүзуге болмайды – қол астындағы құрал сынып қалуы, жыртылып қалуы мүмкін, адам күтпеген жерде суда қалады, бұл тіпті жақсы жүзе алатын адам үшін де өте қауіпті;
- қайыққа жармасуға, навигациялық жабдық белгілерінен (бакендер, буйктар мен т.б.) асып кетуге болмайды;
- дауылды ауа райында немесе қатты толқында шомылуға болмайды;
- егер де сіз қатты су ағысына түсіп қалсаңыз, ағысқа қарсы жүзбеңіз, оған сіздің күшіңіз жетпейді, бұл жағдайда ағыс бойымен жүзіңіз, біртіндеп жағаға жылжый беріңіз;
- егер тартпаға түсіп қалсаңыз, қорықпаңыз, көбірек ауа алып, сүңгіңіз және одан кері қарай бұрылыңыз;
- егер етіңіздің сіңірін тарып қалса, арқаңызға жатып жағаға қарай жүзіп, сіңіріңіз тартылып қалған жерді уқалаңыз;
- көмекке ересектерді шақыруға ұялмаңыз;
- жалған дауыс беруге болмайды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет