Ағаш өңдеу жабдықтары — ағаш өңдеу жұмыстарында пайдаланылатын қол немесе механикаландырылған аспаптар. Оған: қоласпаптар — балта, ара, сүргі, қашау, бұрғы т.б.; қосалқы қоласпаптары — ұста балғасы, ағаш балға, қышқаш, бұрауыш, тістеуік, егу т.б.; механикаландыр ылғанаспаптар — электр ара, электр сүргі, электр қашау, электр бұрғы, электр фреза, электрлік және пневматикалық ажарлау аспаптары т.б.; механикаландырылған қосалқыаспаптар — электр және пневматикалық бұрауыш; өлшеу-белгілеуаспаптары — метр, рулетка, сызғыш, кронциркуль, ішкі өлшеуіш, деңгейлік, рейсмус, циркуль т.б. жатады. Жоғары механикаландырылған ағаш өңдеу комбинаттарында, шеберханаларда: ірі дөңгелек ағаштар мен бөренелерді тақтай етіп тілетін ағаш тілгіш рамалар; тақтайларды ені және қалыңд. бойынша қысаң білте тәрізді тақтайшаларға келтіретін дөңгелек аралар; сызықты элементтер жасайтын таспалы аралар; ағаш сүргілеу станоктары; ағаш фрезалау станоктары т.б. қолданылады.
Дереккөздер[өңдеу]
↑ Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2
Достарыңызбен бөлісу: |