Көшпенділер



Pdf көрінісі
бет109/316
Дата30.11.2023
өлшемі2,53 Mb.
#194198
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   316
Әдеби KZ
 
 
— Сонда өзіңіз қайсымызды лайық дейсіз? 
Уәзірдің де күткені осы сұрақ еді. Енді ол асықпай, әңгімені тереңнен қозғады. 
— Хан иемнің өзге балалары бір төбе, сен де бір төбесің. Топ қарғаның ішінде 
қоңыр қазымсың. Бірақ ханның ақылды баласының бас жауы өзінің әкесі деген. 
Ал сенің әкең емес, анаң бас жауың... 
Сүйіншік шошып кетті. 
— Ол мүмкін емес, — деді даусы дірілдей, — бір ана баласын жақсы көрсе, ол 
менің анам! 
— Болар жігітке дүниеде анасының жақсы көруінен қиын бөгет жоқ, Рабиу-
Сұлтан-Бегім ханым сенен аналық махаббатын аямайды, сені көзінің 
қарашығындай сақтағысы келеді. Сол үшін алтын таққа Күшкінші сұлтанды 
отырғызуға бар. 
Сүйіншік сұлтанның екі көзі шатынап, ерні кезеріп кетті. 
— Алтын тақты қимаған ананың махаббаты маған неге керек? Жақсы көремін 
дегені бос сөз екен ғой, түсіндім, шын жақсы көрері Күшкіншік болды! 
Осы сәтте Бақты-Қожа уәзір шын сырын ашты. 
— Хан тағына жетем деген адамда туыс та, туған да болмайды. Кейде ата-
ананың, бір туған бауырларының өлігінің үстінен аттап, хан тағына жетуге тура 
келеді. Өйтпесең сенің өлігіңнің үстінен көп бауырларыңның біреуі аттап өтеді. 
Хан тағы тек тастай берік, жан аямас мықтының орны. Қажырсыз адамның ел 
билегені, өгізге мініп жылқы баққанмен бірдей. Егер осы жолда қажырлы бола
аламын десең мен сенімен бірмін, — деп бір тоқтаған уәзір. 
«Бола аламын!» деп уәдесін берген Сүйіншік. Осы сөзден кейін жатса-тұрса да 
хан тағы оның көз алдынан кетпей қойған. Мансапқор, ақылға бай емес бала 
жігітті зәр ішкендей жағдайға жеткізіп ап, зұлымдығына найза бойламас уәзір, хан 
тапсырмасын орындауға кіріскен. «Саған алтын тақты қиғысы келмейтін анаңның 
мынандай да күнәсі бар, егер хан тағына жеткің келсе осы күнәсін дақ етіп, ең 
алдымен Рабиу-Сұлтан-Бегімнен құтыл» деген. 


117 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   316




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет