Көшпенділер



Pdf көрінісі
бет190/316
Дата30.11.2023
өлшемі2,53 Mb.
#194198
1   ...   186   187   188   189   190   191   192   193   ...   316
Әдеби KZ
 
 
Бос қол қайтқан себебін сұраған әкесіне сұлтан: «Итаяқтағы жуындыдан 
бұралқы төбетті қуып жіберіп өзі жалай бастаған арлан тазыдай, біреудің бауыр 
баспақ аруын әбдірашит сұлтаннан тартып алып өзім иемденгім келмеді» деді. 
— Ал, Рабиу-Сұлтан-Бегімді неге босаттың? — деді Жәнібек. 
— Ұлықбек мырзаның аруағын сыйладым. 
«Түсіп қалған мұзалимның 
1
биігі жаман. Тоят ала алмай қалған әйелдің күйігі 
жаман» деп қарайтын сорақы заманның Жәнібек те бас иген перзенті. Бірақ 
баласының жауабы миына қона кетті. 
— Дұрыс еткен екенсің, адам қартая бастағанда жауымнан кегім қайтпай 
қалады-ау деп көп ойлайды екен. Менікі де сол болар... — дей салды. Сөйтті де 
Қасымға тағы қарады. — Көзім тірісінде өмір деген өткелдің қыл көпірдей 
сынынан өте бер... Істеп жүргендерің теріс болса да өзің пішіп, өзің сөккенің 
ұнайды... Оқасы жоқ, құс ұша түзеледі. 
— Құс дұрыс қанаттана алса, түзу ұша алады. 
— Дұрыс айтасың, — Жәнібек баласына тағы тесіле қарады да қойды. 
Осылай талас-тартыста тағы төрт жыл өтті. Қазақ елі Шу, Сарысу бойын әбден 
мекен етіп алды. Әдеттегідей жұрт жайлауға көшкелі жатқанда, бір күні Жәнібек 
Қасымды тағы шақырды. 
— Мүмкін Мұхамед-әкім эль Таразидың тойына Бұрындық ағаңмен сен 
барарсың? — деді ол. 
— Барсам барайын. 
Мұхамед-әкім эль Тарази Жаңғы шаһарында тұратын аты-шулы саудагер. Түбі 
араб. Бір шеті Үнді, Қытай, Монғолия, Тибет, екінші шеті Византия, Түркия, Мәскеу, 
Киевке дейін жүздеген түйемен жылда екі-үш рет керуен жүргізетін, қытай жібегі, 
манат, шағиы, үнді шайы, жемісі, Киев кендірі, қызыл бидайы, Дәшті Қыпшақ 
малы, тері-терсек, жүн-жұрқасы, Стамбулдың қолөнершілері істеген білезік, жүзік, 
күміс ыдыс, алтын жалатқан құман, зер жүргізген жайнамазына дейін сатып, сауда 
1
М ұ з а л и м — көне түркі тілі, қызмет дәрежесі деген мағынада. 


205 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   186   187   188   189   190   191   192   193   ...   316




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет