Көшпенділер



Pdf көрінісі
бет250/316
Дата30.11.2023
өлшемі2,53 Mb.
#194198
1   ...   246   247   248   249   250   251   252   253   ...   316
Әдеби KZ
 
 
Тірі жан қол тигізбеген сырлы тобатайды алғашқы сындырған Жәнібек қатты 
ұйықтап кетті. Тек таң бозарып атып келе жатқанында, бойын тағы бір күш билеп 
қайта оянды. Құшағында жатқан, таң алдында ғана маужырап ұйқыға шомған жас 
жарының бетіне қарады. Бозғыл таңмен қара торы жүзі сәл ақшыл тартып, шие 
ерні сәл ашылып, дем алған тынысы сәл естілер-естілмес боп білініп, тәтті ұйқыда 
жатыр екен. Жәнібек өзін-өзі ұстай алмай, аш белінен қысып, жас аруын өзіне 
қарай икемдей берді. Ақ білегін мойнына салып, ұзын кірпіктері астынан еріне 
еркелей қараған Жаған: 
— Кешегі өтінішіме жауап бермедің ғой, сұлтаным, — деді. 
Жағанның адалдығына риза болған Жәнібек, дәл осы сәтте бойын билеп 
кеткен қуанышын баса алмай: 
— Жарайды, айтқаныңды орындайын, — деген, келіншегін белінен құшырлана 
қысып. 
Сөйткен Жаған сұлу осы. Сондағы тілек еткен Хасен деген жігіті анау... Жәнібек 
қабағын түйіп есік алдында сәл кідірді. Өмірінің ең алғашқы қуаныш сағатында 
Жаған тумай жатқан баласына Хасенді атеке ет деп бекер өтінді ме? Расымен... 
Жоқ, жоқ, ол мүмкін емес. Жан сезімі қалай туласа да, Жаған оны баса алады. 
Былтыр өзі айтқан жоқ па еді, «мінез деген бір асау байтал ғой, талай асауды 
үйреткенде өз сезімімді өзім үйрете алмаймын ба» деп. Ол өз сезіміне өзі ие бола 
алады. «Ал ие бола алмай жүрсе қайтем? Ақылдан басқа жүрек бар ғой. Ал жүрек 
деген құрық көрмеген шын тағы жылқы тәрізді емес пе? Басына түскен құрықты 
үзіп кеткен жүйріктер аз ба? Онда... онда... жоқ, жоқ, қазір әңгіме бұл жайында 
емес. Әңгіме бір қатынның тағдырынан көрі үлкен іс хақында. Халқымның 
тағдыры туралы... Ең алдымен соны шешу керек». 
Жәнібек қабағы қайта ашылды. Ол кебісін тастап, қызыл сафьян мәсісімен 
төрге шығып төрт қабат шәйі көрпенің үстіне, ақ мамық жастықты шынтақтай 
отырды. 


269 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   246   247   248   249   250   251   252   253   ...   316




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет