Көшпенділер



Pdf көрінісі
бет61/316
Дата30.11.2023
өлшемі2,53 Mb.
#194198
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   316
Әдеби KZ
 
 
Сасқан Византияның патшасы (императоры) Алексей Комнин Стамбулды қалай 
сақтап қалуды білмей өзінің ежелгі жауы Крестшілер мен Рим папасына 
«Константинополь» (Стамбул) торкілер мен печенегтердің қолына түскенше, 
сендер алыңдар» деп жәрдем сұрап хат жазды. Расында Византияға безбүйрек 
көшпелі тағы елдердің шапқыншылығы тым қорқынышты еді. 
Византияның басына қан жауған осы бір қиын-қыстау кезеңде, печенегтер 
бірінші боп Стамбулдың іргесіне кеп тоқтады. Император Комнин «Қыпшақтар не 
дер екен? Егер олар печенегтерге қосылып кетсе, біржолата құрыдық» деп қан 
жұтып жүдеп жүргенінде, бір күні Стамбулдың солтүстік жағынан қаһарынан жан 
түршігетін Бонақ пен қанқұмар Тұғырхан қалың қолмен сау ете түсті. Олар «Жауды 
көрсет! Біз дайын!» деді. Алексей әлі де болса Қыпшақтардың күшін 
пайдаланғысы келмей, оларды кең сарайында күндіз-түні күтіп, ұрыс күнін айтпай 
кідірте берді. 
Бірақ арақ-шараптан көрі, кісі қанын ішуді ұнататын Қыпшақ хандары 
императордың сән-салтанатты кең сарайында рақаттанып жатудан безіп, 
майданға шығып, қисық наркескендерін оңды-солды сермеуге асықты. Олар 
императорға: «Біздің енді күтер жағдайымыз жоқ. Ертең күн шыққаннан кейін, біз 
не қойдың етін, не қасқырдың етін жеуіміз керек» деді. «Бұлары біз ұрыссыз бос 
жата алмаймыз, ертең күн шыға сендермен қосылып печенегтермен соғысамыз» 
дегендері еді. Зәресі кеткен Алексей соғыс күнін айтты. Бұл қанды айқас бір мың 
тоқсан бірінші жылдың Көкек айының жиырма тоғызы күні болды. Қыпшақтар мен 
Стамбулдың әскері печенегтерді мықтап жеңді. Печенегтердің көп әскері тұтқынға 
түсті. Түнімен Қыпшақтар жеңісті тойлады. Ал, таңертең тұрғандарында... Кешегі 
тұтқынға түскен печенегтердің қырылып қалғанын көрді. Тұтқындар лагері қан 
сасиды. Нағыз қой бауыздағандай гректер оларды шетінен бауыздай беріпті. 
Талай қанды айқастарды бастарынан өткізген, қастасқан жауларын аяп көрмеген 
Қыпшақтардың да қолға түскен қарусыз тұтқындарға гректердің істеген 


65 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   316




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет