Көшпенділер



Pdf көрінісі
бет76/316
Дата30.11.2023
өлшемі2,53 Mb.
#194198
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   316
Әдеби KZ
 
 
асқа осыдан үш күн бұрын келуге тиісті еді. Маңдайына басқан жалғыз аты 
Ақбақайын бәйгеге қоспақ болатын. 
Ақбақайдың қашқан қасқырды қалай қуып жететінін бір-екі рет көрген ат 
сыншысы Қаптағай: 
— Жүйрігіңді сынап көр. Мен бірдеме білсем, Ақбақай ұятқа қалдырмайды, — 
деп Ораққа өзі ақыл берген. 
Орақ атын бәйгеге қоспақ болған, бірақ әлденеге: 
— Жақсы, асқа келейін, — деген, тек біреу-міреу қастық етіп жүрмесе... 
Қаптағай бұл жолы жылқышының сөзіне көңіл аудармаған. Тек Орақ 
уәделескен уақытында асқа келмегеннен кейін ғана «со шіркінге біреу-міреу 
қастық етіп жүрмесе еді?» деп қобалжи бастаған. Сондықтан да шыдай алмай
жылқыдағы Ораққа әдейі кісі жібергелі тұр. 
Жылқышының келуін тағы бір адам шыдамай күтуде еді. О да Орақтың жалғыз 
атын бәйгеге салатынын білетін. Бұл күткен — бүкіл Дәшті Қыпшақтың әміршісі 
қатігез хан Әбілқайырдың келіні, басына қара жамылып сонау төбе басына шығып 
күншығыстан көзін алмай телміре қалған, Шах-Будақ сұлтанның жесірі — Аққозы-
Бегім. Құса болған ажарына қарасаң, жүректегі жұлдызы өшкендей. Жоқ, Орақ 
пен бұның арасында құдай алдында күнәлі дер, не ауыл арасында өсекке ілігер 
ештеңе болған жоқ. Тек, біраздан бері бір-біріне құмартқан ыстық жүректер, 
көріскендерінше шыдай алмай алас ұруда. Осыдан төрт күн бұрын асқа мінетін 
атын алуға келген Аққозыға Орақ тағы өзінің өлердегі сөзін айтқан. 
Елінен бала жасынан еріп келген Ораққа Аққозы: 
— Құдай алдында күнәкар, жұрт алдында қарабет болғым келмейді. Ерімнің 
асы өтсін, — деген аққұба беті балбұл жанып, — содан кейін қайын атамнан 
рұқсат сұраймын, көнсе шариғат алдында қосылам. 
— Көнбесе ше? — деген Орақ қобалжи. — Бар әлемнің тең жартысын билеп 
тұрған, аузынан жалын атқан Әбілқайыр хан келінін есігінің алдында жүрген 
құлына береді дегенге сену қиын... 


81 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   316




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет