Көшпенділер



Pdf көрінісі
бет101/316
Дата30.11.2023
өлшемі2,53 Mb.
#194198
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   316
Әдеби KZ
 
 
қырандай болыңдар. Ажал сағаты келгенше монғолдың ұлы тағына қауіп-қатер 
туғызатын жауларыңды құрта беріңдер. Сөйтсеңдер бұл жалғаннан әлгі қырандай 
армансыз өтесіңдер, — деп сөзін бітірген. 
Осы аңыз қазір Әбілқайырдың құлағында шыңылдап тұр. Оның ойынша дүние-
жалған маңызы арғы бабасы Шыңғысхан өсиетіндей ұрпақтарының мәңгі құлпыра 
беруінде. «Ерте ме, кеш пе, бәрібір ажалдан құтыла алмайсың, ал сенің атыңның 
ұзақ не қысқа тұруы тек ұрпақтарыңның өмірімен байланысты. Сол 
ұрпақтарыңның өмірін ұзартуға сен өз борышыңды, әлгі қырандай, өтеп кетуге 
міндеттісің. Аурусың ба, ауру емессің бе, егер сенің алтын тағыңа ие болар 
немере-шөберелеріңе Моғолстан, Самарқанттардан қауіп туар болса сол қауіпті 
сен көзіңнің тірісінде құртып кет! Иә, солай»... 
Хан сарайына кірісімен-ақ, Әбілқайырдың қалай ойға шомып кеткенін 
Қобыланды айтпай-ақ білді. Амал жоқ, үн-түнсіз ұзақ күтуге тура келді. Жасы егде 
тарта бастағанмен де ол әлі қызба, шыдамсыз мінезінен айырыла қоймаған-ды. 
— Хан ием, — деді ызбарлы жуан даусын шамасынша ақырын шығарып. 
Терезеге қарап тұрған Әбілқайыр селк етіп жалт бұрылды. Дағдыланған оң қолы 
болат қанжарының алтын сабына барып та қалды. 
— Мен сіздің қасыңыз емеспін... 
«Иә, иә, бұл менің қасым емес. Ақжолдың қасы...» Әбілқайыр лып етпе сезімін 
батырына оңай аңғартып алғанына жаман өкінді... «Осыншама жұртты өзіме 
қаратсам да, осылай болмашы бірдемелерден елегізіп қаламын. Шіркін жаны 
құрғыр неткен тәтті едің...» 
— Жай ма, батырым? 
— Жай емес, хан ием, баяғы бір Ақжол би жайы да... Қобыланды мен Ақжол 
жанжалы ең алдыменен Әбілқайыр ханға қайсымыз ықпалымызды көбірек 
жүргіземіз деген бақталастықтан басталған. Иә, әрқайсысы өзін Яссауи мешітінің 
күмбезіндей зор санайтын екі рудың екі батыры жанжалдасса, оның артында 


109 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   316




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет