Көшпенділер



Pdf көрінісі
бет106/316
Дата30.11.2023
өлшемі2,53 Mb.
#194198
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   316
Әдеби KZ
 
 
сауыт. Күн сәулесімен шағылысады. Жуандығы білектей, түбіріне жұмырықтай 
қорғасын құйған, үлкендігі баланың басындай, зілдей қайың шоқпарын үйіріп, көк 
орай шалғында бір жамбастап жатқан Ақжол биді көргеннен-ақ ақырған: 
— Қатын болмасаң шық қазір, өлер жерің осы! — деген. 
— Батыр-ау құба жонда бұныңыз не? Жекпе-жекке шығар болсаңыз қалың ел 
бар емес пе? — деген Ақжол бидің қара мұртты жас серігіне: 
— Әй, мына қара шоқпарым ең алдымен өзіңе тимесін десең, былай тұр! — 
деп зекіген. 
Қобыланды батырдың өшпенділігі тым тереңде екенін білетін Ақжол би 
онымен сөз таластырып әуре болмаған. «Құдайдың жазғаны осы болса оны да 
көрейін» деп шідерімен оттап жүрген Ақжанбасын алдырған. Шарт киініп, бөтен 
қарулары болмағандықтан түлкі, қасқыр соғуға деген қайың сойылын ұстап атына 
мінген. Сол-ақ екен долы мінезді Қобыланды Көксеңгірге қамшыны басып жіберіп 
қарсы шапқан. Ақжол атын тебініп үлгіргенше сала құлаш кеуделі Көңсеңгір 
арқырап жетіп келген. Ақжол сойылын да жөндеп сілтей алмай қалды. Нардай 
биік тұлпардың үстіне қарай соққан сойылы сауыт киген Қобыландының тек бүйір 
тұсынан барып тиді. Қара Қыпшақ батыры тұлпарының қарқынын тоқтатпастан 
Ақжанбасты кеудесімен қақтыра ырғытып бұзау бас қара шоқпармен өзінен сәл 
төмендеу Ақжол биді дәл төбесінен қос қолдап ұрды. Ақжол биі түбінен кескен 
теректей дізерлей қалған Ақжанбасының үстінен күрс етіп құлап түсті. Дулығасыз 
түлкі тымақ киген, мылжа-мылжа болған төртбақ денесі анандай жерге дейін 
домалап кетті. 
Қобыланды батыр бұрылып артына қараған жоқ, нөкерлерін соңынан ертіп
Көксеңгірді ойнақтатқан бойы, іп-лезде көзден ғайып болды. 
Ойламаған оқиғадан шошып кеткен Ақжол серіктері дереу қалың Арғынға ат 
шаптырды. Бас сүйегі күл-талқан боп, миы әр жерге шашырап жатқан аяулы бидің 
нардай денесін алдарына өңгеріп Орда-Базарға қарай беттеді. 
Әбілқайыр бұл кезде хан сарайында Бақты-Қожа уәзірмен оңаша отырған. 


114 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   316




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет