Көшпенділер



Pdf көрінісі
бет156/316
Дата30.11.2023
өлшемі2,53 Mb.
#194198
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   316
Әдеби KZ
 
 
Ханның көңілін көтерейін дегендей ол, құйрығы мен бас терісі жерге сүйретіліп 
бір нөкердің ерінің алдына бөктеріліп келе жатқан жолбарыс терісін көрсетіп: 
— Қандай үлкен жолбарыс, — деді сәл езу тартып күлімсіреп, — егер қарсы 
шапқан кезінде қолыңыз дірілдеп кетіп садақты тарта алмай қалсаңыз ғой, жарып 
тастауы кәміл еді. Бір ажалдан батырлығыңыз құтқарды. Бұл ажалдан аман 
қалғаныңызға зор қуаныштымын. Сіз көрінбей кеткеннен-ақ «Ақсарбас!» 
садақаны айтумен болдым. 
Қарсы шапқан жолбарысқа оқ кеудесінен, не басынан, әйтеуір қарсы жағынан 
тиер еді, ал өлген жолбарыстың жебе өкпе тұсынан қадалған-ды. «Қарсы шапқан 
жолбарыстың» деген сөзінен Бахтияр-баһадурдың жолбарысты мұның өзі 
өлтірмегенін сезіп қалғанын хан бірден ұқты. Бірақ мыңдаған жауынгерлердің 
жеңісін өз жеңісі санап әдеттенген хан, «жолбарысты батыр Саян өлтірді» деу- 
ге аузы бармады. Әйтсе де баһадурдың сөзін түсінгендігін білдіре, ол қай-тадан: 
— Егер батыр Саян қолға түссе босатып жіберіңдер, — деді. 
— Құп тақсыр. Ал екінші мәртебе қолға түссе ше? 
— Онда басын алыңдар. 
Бахтияр-баһадур езу тартты да қойды. Батыр Саянның ханды жолбарыстан 
құтқарғанына енді ол тіпті күмәнданбады. «Ажалдан аман алып қалғаны үшін, хан 
да оны бір рет өлімнен құтқаруын борыш санайды. Ал екінші рет қолға түссе. 
Істеген жақсылығы үшін қастық. Жақсылық та, жамандық та саудаға түскен, шіркін, 
қу заман!» Дегенмен, аламан жігіттерден сескенген Әбілқайыр бұдан былай қарай 
бұл маңға аңға шықпады. Бір апта өткеннен кейін, мыңдаған салмен сау-саламат 
Сейхун дариясының оңтүстік жағасына жүзіп шықты. Су киімдерін кептіріп 
тынығып жатқандарында, үш күн бұрын осы арадан Жәнібек пен Керейге 
қосыламыз деп Андижан маңайындағы қазақ руларының өтіп кеткенін естіді. Хан 
қашқан елдің соңынан түре қуып, қырып тастауға әскеріне атқа қонуға бұйрық 
берді. Әскері әбігерленіп, дайындалып жатқанда Самарқантты алған Мұқамет-
Жөкінің сыйлыққа жіберген көші жетті. (әттең не керек, әбусейіт Қорасаннан 


167 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   316




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет