Көшпенділер



Pdf көрінісі
бет285/316
Дата30.11.2023
өлшемі2,53 Mb.
#194198
1   ...   281   282   283   284   285   286   287   288   ...   316
Әдеби KZ
 
 
сыпайлармен келіп, тал түсте оны тұтқын етеді де, қала қақпасының кілтімен бірге 
Сауранды шапқалы келген Қасым сұлтанның қолына тапсырады. Бұрындық хан 
мен Қасым сұлтанның арасындағы қырғи қабақтық міне осы Махмуд-Сұлтанның 
қолға түсуінен бастап бұрынғысынан да шиеленісе түседі. 
Қасым сұлтан мен Мұхамед-Мазит-тархан Сауранға кіргеннен кейін, Ақ 
Орданың бір кездегі екінші астанасын қайтып алғандарына шаттанып, жеңіс тойын 
тойламақ болды. Бұл тойға Бұрындық хан да келді. Қырмызы кілемге бөленген 
Махмуд-Сұлтанның диван сарайына орналасып, ақ мамық жастықты шынтақтай, 
күміс тай кесемен кестамды 
1
сіміріп отырып, өзінің өр мінезіне салып, ол 
нөкерлеріне лепіре: 
— Махмуд-Сұлтанды алып келіңдер, — деп бұйырды. 
Махмуд-Сұлтанның орнына әмір-эль-умера Қасымның өзі келді. 
— Махмуд-Сұлтанды неге әкел дедіңіз, тақсыр хан? — деді Қасым, ханға диван 
дәстүрімен тәжім етіп болғаннан кейін. 
— Тыныш жатқан қазақ елін шапқан да Махмуд-Сұлтан батыр ғой, — деді 
Бұрындық Қасымға жауар бұлттай түйіле қарап. — Батырлық әлде қатындық мінез 
көрсетер ме екен, көз алдымда оның басын алдыртайын деп едім. 
Қасым даусын көтермей салмақты үнмен жауап берді. 
— Басыбайлы сатып алған құл, не болмаса құнсыз кетер қан майданда 
кездескен ұл емес қой Махмуд-Сұлтан... Ол Әбілқайыр ханның немересі, Махмуд-
Шайбанидың жалғыз інісі. Оның басын алу үшін Тағанақ кеңесі жиналмаса да, 
Тұрымтай кеңесі жиналуы керек. 
Құлаған тезек қаптай боп, дөңкиіп ақ мамық жастықты шынтақтай жатқан 
төртбақ Бұрындық, кенет тез қимылдап шарт жүгініп отыра қалды. Қалың қабағы 
түксиіп, қанды көзі шатынап: 
— Махмуд-Сұлтан үшін Тағанақ кеңесі де, Тұрымтай кеңесі де мына мен 
өзіммін, — деді ол. 
1
К е с т а м — көне түркі елі дайындаған ішімдік. 


306 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   281   282   283   284   285   286   287   288   ...   316




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет