Көшпенділер



Pdf көрінісі
бет73/316
Дата30.11.2023
өлшемі2,53 Mb.
#194198
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   316
Әдеби KZ
 
 
Қазтуған жырау осы көтерілістің барлығын еміренте, бір жалынды үнмен жыр 
етіп мақтана толғай берді. 
Әбілқайыр жыр басталғалы алтын тағынан қозғалмай, қара сұр жүзі сәл 
қуқылданып үн-түнсіз тыңдап отыр... Ашу қысып тына қалғанын хан сырын білетін 
дос-қасы тегіс түсінуде... Тек Қазтуған жырау ғана өзгеріп кеткен хан келбетін 
аңғарар емес. Ел шапқаннан гөрі, елін қорғаған Қыпшақтың ерлігін жыр еткенде 
дарыны енді шын ашылып, кісендеулі құлашы жаңа ғана жайылғандай, толғауын 
аңқылдап соғып отыр... 
Кезекті енді Қотан жырау алды. 
— Құс ұша түзеледі, бетің жаңа жөнделді, Қазтуғаным, —деді ол, — сен 
бастаған әуенді мен ұлғайта түсейін... 
Ашына сарнаған қобыз үніне қосылып, қарт жырау енді бір алуан уақиғаларды 
бастап кетті... 
Шыңғысхан тағына Күйік отырған кезде Батудың қарамағында монғолдың бар 
болғаны төрт мың ғана жауынгері қалған. Бүкіл Шығыс Европаны жаулап алған 
айбынды әскері өзіне бағынышты елдердің дені Дәшті Қыпшақ жігіттерінен 
құрылған-ды. Бұндай әскермен қарамағындағы жұртты билеу де қиын және 
бұның өлімін күтіп отырған, жүз мың қолы бар Күйікпен бетпе-бет келу де оңай 
емес. Сондықтан Бату сенімді одақтас іздеді. Бұл — Алтын Орда ханының сол 
кездегі көкейтесті арманының бірі еді. Міне, осы тұста Новгород князьдары 
Александр мен Андрейдің әкесі Ярослав, бұрыннан уәделесіп келген Күйіктің 
ордасына келісім сөзге барған жерінде монғолдардың қолынан қаза табады. 
Батудың көктен сұрағаны жерден табылады. Новгород князьдары Александр мен 
Андрей Күйіктен ат құйрығын шарт кесіп бөлінеді де, Батумен бітімге келеді. 
Новгород князы Александр Батуға алым-салық төлеп, оның баласы Сартақпен өле-
өлгенше соғыспай өтуге ант береді. Осы күннен бастап Алтын Орда хандары мен 
Новгородтың ұлы князьдарының арасында ғасырға таяу созылған келісім 
басталады. 


78 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   316




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет