Көшпенділер



Pdf көрінісі
бет164/316
Дата30.11.2023
өлшемі2,53 Mb.
#194198
1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   ...   316
Әдеби KZ
 
 
үйлер, зәулім үлкен кірпіш қоралар... Осы жан шошырлық күйреген қаланың 
ортасында тек басында сары жезден крес орнатқан жасыл күмбезді мәнерлеп 
салған ағаш үй көрінеді. Үйдің жанында бау-бақша. Бақша толы кілең ишан, қожа, 
ақ сәлделі, көк сәлделі молда, мәзін, кәри, мүриттер. Хан келісімен ортада тұрған 
мінбеге ақ сәлделі молда шықты. Таңертеңгі салқыннан әбден мұздап қалған екі 
бала енді әлгі мінбенің жанындағы дарды көрді. Дар қасында екі қолы артына 
байланған, шашы өсіп кеткен, ақ сақалы бүкіл кеудесін жапқан, үстінде тізесіне 
түсетін ақ кенеп көйлегі бар келісті біреу тұр. Сырт пішіні, түр келбеті мұсылманға 
ұқсамайды. Ат жақты, көк көзді, ақ сары адам. 
Мінбеге шыққан әлгі молда екі қолын жоғары көтеріп, Уайс ханға қарап: 
— Ісләм дінінің қорғаны, ұлы мәртебелі Уайс хан сіздің мүбәрәк қолыңыз 
қойылып, алтын мөріңіз басылған әділетті жарлығыңызды орындауға рұқсат 
етіңіз! — деген. 
Хан басын изеген: 
— Рұқсат!.. 
Қызыл шырайлы молда енді қолы байлаулы кісіге қараған: 
—Мұхаммед пайғамбардың үмбеті, ұлы Моғолстанның ұл-қызын өз дініне 
өткізіп, дозаққа түсірмек әрекетімен шіркеу ұстап, күнәкар болғаның үшін 
Сүлеймен пайғамбардай әділетті, Ғазірет Ғалидай айбарлы, ұлы мәртебелі Уайс
хан, аллатағаланың кәпір пендесі Дәниел, сені дарға асып өлтіру жазасына 
бұйырды. Ажал алдында қандай өтінішің бар? 
Ұзын сақалды, дудар шашты адам басын шайқаған. 
— Діні басқа пұсырмандардан еш өтінішім жоқ. Дінім үшін құрбан болуға 
бармын! Тезірек дарларыңа тарта беріңдер! 
Молда ханға қараған. Хан басын тағы изеген. Қолы байлаулы адамның 
жанындағы екі жендетке молда: 
— Аллатағаланың жазмышы осылай. Құдайдың шоқынды құлы Дәниелді дарға 
асыңдар! — деген. 


177 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   ...   316




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет