242
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындағы қор», 2004
Әдеби KZ
Өз жарлығың өзіңе
Жөн ойладың, а ханым!»
деп Жошының өлгенін естіртеді. Сонда жаратылғалы
көзінен жас шықпаған
Шыңғысхан еңкілдеп жылап:
Құлын алған құландай
Құлынымнан айрылдым!
Айырылышқан аққудай
Ер ұлымнан айрылдым!»
деп теріс қарап, бүк түсіп жатып алады.
Қарт Қотан бұл жырды сонау Ұлы Жыршы мен әлем әміршісі Шыңғысханның
дәл сол күндегі күйін отырғандардың көз алдына елестеттіргендей, кәрі қобызын
боздата,
кәрі даусын қарлықтыра шығарып, зар жылап отырып айтты. Жырау
өнері жұрттың
көңілін бөлгені соншалық, отырған адамдар ана жақта болғалы
тұрған ұрысты ұмытып та кетті.
Қотан қарт енді жыр үстіне жырды тоғытты. Ол
бір мезет Орақ толғауын
бастады.
«Артуда арту тау келсе,
Атан да тартар бүгіліп.
Алыстан қара көрінсе,
Қарақұла жатар үңіліп...»
Орақ толғауының адамның құйқа тамырын шымырлатып, өн бойыңды дірілдетіп
алып кететін қасқырдың ұлығаны тәрізді өзіне дербес бір ескі әуені бар. Осы
243
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындағы қор», 2004
Достарыңызбен бөлісу: