Көшпенділер



Pdf көрінісі
бет237/316
Дата30.11.2023
өлшемі2,53 Mb.
#194198
1   ...   233   234   235   236   237   238   239   240   ...   316
Әдеби KZ
 
 
Отырғандар бір ауыздан дұрыс деп мақұлдасты. Хан төлеңгітінің бір зергер 
жігіті қолына балға мен тескіш алып Қаратұздың күңгірт нұрасына жалау белгісін 
түсірді. 
— Жер аймағының айналасы алты айлық, — деді Асан Қайғы сәл жұмылып 
кеткен көзін ашып. — От ортасында қалың Арғын елі... Арғынатаның белгісі 
көздесем көңілім көншігер. 
Отырғандар бір дауыстан тағы да дұрыс деді. Шебер тағы да қолына бал- 
ғасы мен тескішін алды. 
Халқымызға жау тисе ең алдыменен атқа қонған жау жүрек Қыпшаққа 
айбалтаны таңба етелік — деді қарт жырау. 
Осылай дәлелдермен Асан Қайғы қазақтың сол кездегі басты қырық руына 
таңба үлестірді. Бұл қырық таңба сол күні Нұраның Қаратұзының жарына түсірілді. 
Халық бұл жерді сол күннен бастап Нұраның таңбалығы деп атады. Асан Қайғы 
батасын беріп, ертеңіне Жәнібекті боз биенің сүтіне шомылдырып, ақ кигізге 
көтеріп, қайтадан бар қазаққа хан сайлады. Содан кейін барып келесі жаз шыға, 
қалың қол жинап Орысханның кезінде Ақ Орданың астанасы болған Сығанақтан 
бастап бүкіл Түркістан жерін жаулап алмақ болып, уәделесіп, ру бастықтары 
тарасты. «Басымыз бірігіп ел болдық, хан көтердік» деген ру біткеннің игі 
жақсылары, қараша адамдары мәз-мейрам еді. Тек Алшын адамдарын басқарып 
келген Темір би ғана қабағын ашпады. Оның қабағы өле-өлгенше ашылмай кетті. 
Ол соңынан Жәнібектің үшінші баласы Қасым хан бүкіл Дәшті Қыпшақ жерін алып, 
Еділ, Жайық бойындағы Кіші жүздің бар руларын өзіне ақылмен бағындырғанын 
көзімен көре алмады. Бұл кезде Темір би дүние салған. Бірақ тірісінде де қарсы 
күресуге дәрмені жетпеді, өйткені бар қазақ ел болып бас қосуды тілеген. 
Үш күннен кейін Хан Ордасы Шу, Сарысу бойындағы қыстауына қарай көшті. 
Бұрындық сұлтан Талас етегіндегі қыстауына келіп қонған күні, Тоқтар-Бегімді 
алып Қарашың батырдың аға-інілері келді. 


256 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   233   234   235   236   237   238   239   240   ...   316




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет