Көшпенділер



Pdf көрінісі
бет271/316
Дата30.11.2023
өлшемі2,53 Mb.
#194198
1   ...   267   268   269   270   271   272   273   274   ...   316
Әдеби KZ
 
 
— Пешпентіңді шешіп таста, денеңді жел аймаласын, — деді, сөйтті де қымыз 
құйып отырған бәйбішесіне, — шам жағасың ба, қайтесің, — деп көз қиығын 
аударды. 
Сонау Жанбике оқиғасынан кейін үш жыл өтсе де, Жаған бәлендей өзгере 
қоймаған-ды. Сәл толығайын деген тәрізді, әйтпесе сол баяғы көл жағасына 
шығып таранған аққу-қаздай сәнді қалпы. Жасы қырықтан асып кеткенін есіне 
тұтып, баласының көзінше орнынан ілтипатпен тұрып, жайшылықтағы еріне деген 
қылтың-сылтың мінез көрсетпей, әдеппен сәндене майыса, керегеге ілулі қытай 
шамын жағуға кірісті. 
Жәнібек аспай-саспай, алдындағы алтын кеседен уыз қымызды бір ұрттап 
қойып әңгімесін бастады: 
— Бүгін Алмалықтан Жұныс ханнан кісі келді, — деді ол. — Кеше Сауран хакімі 
Құлмұхамед-тархан мен Сайрам хакімі Қатта бектен жеткен хабарды естіген 
шығарсың?... 
— Еміс-еміс қана... 
— Құлмұхамед-тархан әлі өр көкіректігіне салып, — деп келе жатты да, кенет 
тоқтай қалды. Дәл осы сәтте есік жанындағы қоржыннан шақпақ тас алуға бара 
жатқан Жаған Қасымды әлденеден қорғай «алла» деп дауыстап жіберді де, жерге 
шалқалай келіп гүрс құлады. Жәнібектің көргені ашық есік алдында қараң етіп 
пайда болған қара далбағайлы жат кісінің кенет найзағайдай жарқ еткізіп 
лақтырған болат қанжары болды. 
Жәнібек атып тұрып есік алдына барғанша, қоюланып келе жатқан түн 
қараңғысынан аруақтай пайда болған түсі суық адам, сып етіп үйді айнала беріп, 
сиқыршы жандай жоғалып кетті. 
Жәнібек тек: 
— Ұстаңдар! — деуге ғана шамасы келді. 
Сірә есік алдында кенет елең еткен жат бейнені күзетшілердің де көзі шалып 
қалған тәрізді, енді олардың су жағасындағы қамысқа қарай жүгіріп бара жатқан 


291 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   267   268   269   270   271   272   273   274   ...   316




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет