Косымша материал. Дидактикалық ойын түрлері


Көрнекіліктер шартты түрде екіге бөлінеді



бет2/2
Дата08.02.2022
өлшемі76,76 Kb.
#122610
1   2
Байланысты:
Сергазина-ПН

Көрнекіліктер шартты түрде екіге бөлінеді:
- көру көрнекіліктері
- есту көрнекіліктері.
Көру көрнекіліктеріне сызба, үлестірмелі кесте қағаздар, оқулық, кітаптар, буклеттер, экранды және техникалық құралдар жатады.Есту көрнекіліктеріне техникалық құрал түрлері, қосымша материалдардан алынған әңгімелеу жатады. Көрнекі құралардың қолдану тиімділігі жоғары болғаны жөн. Ол тек сабақты сырт түрлендіру рөлін атқармай, мұғалімнің беретін ақпаратын еселеп, көрнекі түрде жеткізе алатын тірек болуға тиіс. Мектепте көрнекілікті қолданудың өз тәртібі бар. Алдымен, көрнекілік оқушыға эстетикалық әсерлілігі, мазмұндылығы тұрғысынан ықпал ету керек. Көрнекілік сыныптағы оқушылардың қай қатарда отырса да, бәріне бірдей айқын көрінетіндей болғаны жөн. Әр сабақта көрнекілікті пайдаланудың реті, көлемі сақталуға тиіс. Бір тақырыпқа бірнеше көрнекілік түрін үстемелей қолдану, оқушыларға олардың бәрін түсінікті ете бермейді. Көрнекілік оқушылардың жаңадан танысуға тиісті тақырыбына тың ақпарат, көрнекілік тұрғысында қабылдауына әсер ету керек. Көрнекілік түрін мұғалім сабақтың нақты мақсатына сай әзірлеп, оны сабақтың тиісті бөлігінде қолданып отырады. Оқушы көрнекілік арқылы сол пәннің қоршаған ортамен байланыстылығы туралы, өтіліп жатқан материал жөнінде жанжақты мағлұмат алады.
Заттық, образдық, графикалық Көркемсөз шеберлерінің өмір жолын, шығармашылығын оқыту үстінде қолданылатын заттар, бейнелі суреттер (портреттер) шығармашылығы, өмір жолының сандық тізбектері Мұхтар Әуезов, Ғабит Мүсіреповтың өмірі, шығармашылығы туралы баяндалғанда соларға байланысты бейнелі, тарихи мәні бар суреттері, туған жердің сұлу табиғаты, ақын-жазушылар жүрген жағрафиялық аймақтары, музейі, ескерткіштері, жерсу, мекендердің аттарын тиімді пайдалану.
Синтетикалық, синхроникалық кестелер
• Арнайы ақын-жазушылардың шығармаларына тақырыптық бейнеде
• Образды бейнеде берілетін кестелер.
Буклеттер, альбомдар
• Ақын-жазушылардың өміржолына арналып жасалатын бейнелі суреттер.
Тірек сигналдары
• Тірек конспектісі – негізгі материалдан ең негізгілерін бөліп алу керек.
• Тірек плакаты – ақынжазушылардың даталы, тарихи оқиғалары мен шығармаларының аты қай жылы жазылған анықтамасының көрсеткіші.
Кеспе, үлестірмелі қағаздар
• Жеке ақын-жазушылардың көркем шығармалары бойынша жасалады.
• Оқушының өзіндік, шығармашылық жұмыстарды орындау мақсатында пайдаланады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет