Косметика өндірісі мен технологиясына кіріспе


■  Бейтараптаушы заттар



Pdf көрінісі
бет1016/1156
Дата14.12.2021
өлшемі16,24 Mb.
#126472
1   ...   1012   1013   1014   1015   1016   1017   1018   1019   ...   1156
Байланысты:
b436ce0a649361871333ff7a454fb4e8 original.17032999

■ 

Бейтараптаушы заттар 

өнімнің рН деңгейін реттейді, себебі теріде қалатын қабат терінің рН деңгейіне 

сәйкес болуы тиіс.

• 

Мысалы, триэтаноламин және калий гидроксиді.



■ 

Сабын-глицерин-су жүйесі болғандықтан микробиоағзалардың өсуіне жол бермеу үшін 



консерванттарды 

қолдануға кеңес беріледі.

• 

Мысалы, феноксиэтанолдар мен пара-оксибензой қышқылының эфирлері.



■ 

Жұмсартатын  заттар

  терінің  тегістеу  мен  тыныштандыруды,  сондай-ақ  ылғалдануын  қамтамасыз 

ететін кондициялаушы агент ретінде әрекет етеді

• 

Мысалы, кокос майы мен ши майы; күнбағыс майы, минералды май сияқты майлар; ара балауызы.



■ 

Сонымен  қатар  қабынуға  қарсы,  тыныштандыратын,  сергітетін  және  антисептикалық  әсер  беретін 



табиғи  компоненттер

  де  қырынуға  арналған  кремдердің  құрамына  қосылуы  мүмкін.  Қажет  болса 

иіссулар да қосылуы мүмкін.

• 

Мысалы,  алоэ  вера,  түймедақ  және  дәрілік  жалбызтікен  сығындысы,  жалбыз  майы  және  даршын 



майы.

Щеткасыз  қолданылатын  кремдер.  Щеткасыз  қолданылатын  кремдерді  терісі  құрғақ  және  сезімтал 

тұтынушылар көбіктенетін кремдерге қарағанда көбірек таңдайды. Сыртқы көрінісі бойынша олар қырынуға 

арналған көбік кремдерге ұқсайды; бірақ олар көбік емес. Олардың артықшылығы қолдану кезінде щетканы 

қажет  етпейтіндігінде,  соған  сәйкес  қырынуды  жылдамырақ  және  оңайырақ  етеді,  сонымен  қатар  жоғары 



477

майлау  қабілетіне  байланысты  қырынудан  кейін  жайлы  әсер  қалдырады.  Бұл  кремдердің  негізгі  кемшілігі 

оларды ұстарадан кетіру қиын, құрамында майдың мөлшері жоғары болғандықтан жұмсартқыштық қабілеті 

төмен, сонымен қатар теріде майлылық сезімін қалдыруы мүмкін.

31

 Қырыну кремінің бұл түрі құрамында май 



мен  эмульсиялаушы  заттар  мөлшері  жоғары  эмульсиялар  болып  табылады.  Олардың  құрамында 

ылғалдандырғыштар,  жұмсартқыш  заттар,  су  және  консерванттар  болады.  Қосымша  қасиеттер  беру  үшін 

қосымша  ингредиенттер  ретінде  хош  иістендіргіштер,  өсімдік  сығындылары  және  тұрақтандырғыштар 

қосылуы мүмкін.

Қырыну кремдері әдетте май-су түріндегі эмульсиялар; соған сәйкес олар эмульсиялаушы процесс арқылы 

жасалады.

Дәстүрлі 

қырынуға арналған аэрозольді көбіктер мен гельдер

 негізінен қырынуға арналған көбіктер мен 

гельдер сияқты аэрозольді өнімдермен алмастырылды. Қырынуға арналған аэрозольді көбіктер – негізінен 

көмірсутекті пропеллент көмегімен ыдыстан шығатын сұйылтылған қырынуға арналған кремдер. Қырынуға 

арналған  аэрозольді  кремдердің  құрамына  ыдыстан  шығармас  бұрын  шайқағанда  пропелленттің  біркелкі 

эмульсиялануын  қамтамасыз  ететін  эмульгаторлар  да  болуы  мүмкін.  Жалпы  алғанда  көбіктенетін  кремдер 

және  қырынуға  арналған  кремдер  мен  гельдер  бірдей  қырыну  нәтижелерін  береді.  Алайда  аэрозольдердің 

артықшылығы – оларды қолданудың ыңғайлығы.

Қырынуға арналған аэрозольді көбіктерді дисперсті фазасы пропеллент, ал дисперцияланатын фазасы крем 

болатын  су-май  түріндегі  эмульсия  ретінде  түсіндіруге  болатын  күрделі  жүйе.  Бұл  құрылым  қолдан  және 

беттен ағып кетпейтіндей көбіктің тұрақтылығын қамтамасыз етеді және қырыну процесі барысында бетте 

сақталады. Пропелленттердің көпшілігі суда салыстырмалы ерімейді, соған байланысты су негізінде жасалады. 

Алайда, олар беткі белсенді заттар көмегімен сондай жүйелерге эмульсиялануы мүмкін.

Көбіктену клапанды іске қосқанда түзіле бастайды. Шайқағанда пропелленттің бір бөлігі уақытша кремге 

эмульсияланады.  Клапанды  іске  қосқанда  пропеллент  тереңге  батырылған  түтіктен  концентратты  жоғары 

итеріп, клапаннан шығарады. Атмосфералық қысымға жеткенде эмульсияланған пропеллент үлкейіп, бірден 

тұрақты көбік түзеді. Көбіктерді жасауда көбік тұрақтылығы мен терінің оны қолданғаннан кейінгі сезінуін 

есепке алу керек. Көбіктің тұрақтылығы көбінесе қолданылған сабындар мен эмульгаторлардың мөлшеріне 

байланысты, ал қолданғаннан кейінгі терінің сезілуі пропеллент мөлшеріне байланысты. Пропеллент мөлшері 

тым  төмен  болса,  көбік  сулы  болады,  ал  тым  жоғары  болса,  созылмалы  құрғақ  көбіктің  түзілуіне  әкеледі. 

Сабын, беткі белсенді заттар және жұмсартқыш заттар да қырынудан кейінгі терінің сезілуінде маңызды рөл 

атқарады. 7.3-суретте кәдімгі аэрозольді ыдыс пен қырынуға арналған гельге қолданылатын ыдыс көрсетілген.

Қырынуға  арналған  аэрозольді  кремдер  негізінен  сұйылтылған  көбіктенетін  кремдер  болғандықтан, 

олардың ингредиенттері өте ұқсас (алдыңғы бөлімді қараңыз). Қырыну көбіктері мен гельдеріне қосылатын 

қосымша ингредиенттерге төмендегілер жатады:



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   1012   1013   1014   1015   1016   1017   1018   1019   ...   1156




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет