482
Тиогликоляттар
Бұған дейін айтылғандай тиогликоляттар химиялық депиляторлардың негізгі
ингредиенттері болып табылады. Олар сондай-ақ басқа химиялық ортада шашты ұзақ уақытқа бұйралау
немесе тегістеу өнімдерінде пайдаланылады (5-тараудың 3-бөлімін қараңыз). Химиялық депиляторлар
құрамындағы тиогликоляттар түкті пластик қалақшамен оңай қырып алуға болатындай құрамындағы кератинді
жұмсақ массаға айналдырады. Химиялық депиляторардан болатын көп кездесетін жағымсыз әсерлерге терінің
күюі, күлдіреудің пайда болуы, ашуы, қышитын бөртпенің пайда болуы және терінің қабыршақтануы жатады.
Тиогликоляттарды, соның ішінде кальций, калий және натрий тиогликолятын және тиогликоль қышқылын
Косметикалық ингредиенттердің сапасын қадағалау (CIR) жөніндегі комиссия қарап, ұсынылған талаптарды
сақтағанда құрамы теріні тітіркендірмесе химиялық депиляторларда пайдалану зиянсыз деп санаған.
36
FDA
тұтынушыларға өнім этикеткаларында берілген өндірушілердің нұсқауларын сақтауға, сонымен қатар өнімді
қолданар алдында оның аллергиялық реакция беру-бермеуін және тітіркенгіштікті сынауға кеңес береді.
23
Пропелленттер
Пропелленттер аэрозольді құралдардың, соның ішінде қырынуға арналған кремдер мен
гельдердің негізгі ингредиенті. Олар қалада смог түзу арқылы адам денсаулығына кері әсер ететін ұшқыш
органикалық қосылыстар (ҰОҚ) болуы мүмкін. Сондықтан олар түкті жою құралдарында басқа аэрозольді
өнімдер сияқты, нормативтік шектеулер нысанына айналды. Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі агенттіктің
қазіргі кезде пропелленттерді қырынуға арналған кремдерде қолдануға берген шектеуі 5% құрайды, бұл
Калифорниядағымен бірдей. Гельдерге қатысты федералдық реттеу 7% ҰОҚ-ға рұқсат берген, ал Калифорнияда
шетеу 4% құрайды
37
,
38
Достарыңызбен бөлісу: