Косметика өндірісі мен технологиясына кіріспе



Pdf көрінісі
бет1098/1156
Дата14.12.2021
өлшемі16,24 Mb.
#126472
1   ...   1094   1095   1096   1097   1098   1099   1100   1101   ...   1156
Байланысты:
b436ce0a649361871333ff7a454fb4e8 original.17032999

Қауіпсіздік  мәселелері

 



Құрамында  ДГК  бар  күнсіз  күйдірту  өнімдері  шамамен  30  жыл  бойы 



пайдаланылып келеді және жалпы қауіпсіз деп танылған. 

Аллергия мен контактілі дерматиттің бірнеше 

жағдайлары туралы ғана айтылды.31 Олар негізінен хош иістендіргіштер, жұмсартқыш құралдар, консерванттар 

сияқты қосымша ингредиенттермен байланысты, бірақ бояғыш агент ДГК-нің бұған қатысы жоқ.32 Жағымсыз 

реакциялар аллергия емес, тітіркену салдарынан жиі туындайды.

ДКГ-ге қатысты негізгі мәселе – бұл өнімді солярийде немесе аэрография әдісімен теріге жаққан кезде дем 

алғанда оның ықтимал жұтылуы. Солярийде клиенттер аэрозольдік тұманда бірнеше секунд тұрады. Әдетте, 

оларға көз бен ауызды жабық ұстау немесе процедура кезінде көз бен мұрынға қорғау құралдарын пайдалану 

ұсынылады. бірақ кездейсоқ жұтылу орын алуы мүмкін. Әсер бір рет болуы (айына бір реттен аз солярияны 

пайдаланатын клиенттерде) немесе қайталануы мүмкін (айына бірнеше рет пайдаланған жағдайда, мысалы, әр 

апта сайын). Тұтынушылардың қауіпсіздігі жөніндегі ғылыми комитет (SCCS, 2-тараудың 3-бөлімін қараңыз) 

тұтынушылардың  денсаулығы  үшін  қандай  да  бір  қауіп  тудырмау  үшін  авто  күнге  күйдіру  өнімі  ретінде 

бүріккіш  кабиналарда  пайдаланған  кезде,  ДГК  көлемі  14%-ға  дейін  болуын  ұсынады.33  АҚШ-та  бұл 

ингредиент  тек  сыртқы  бояғыш  қоспа  ретінде  мақұлданған,  оның  ерінге,  көзге  және  басқа  да  шырышты 

қабықпен жабылған дене беттеріне қолдануға болмайды. FDА оларды осындай қолдану жолдарында пайдалану 

үшін, соның ішінде күнсіз күйдірткен кездегі «тозаңдатуды» қоса алғанда, мақұлдау мәселесін қарастыруы 

үшін өнеркәсіп агенттікке қауіпсіздік бойынша деректерді ұсынбады. Сонымен қатар, сала да FDA-ның оларды 

көз айналасына қолдануды мақұлдау мәселесін қарастыруы үшін агенттікке қауіпсіздік бойынша деректерді 

ұсынбады.34



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   1094   1095   1096   1097   1098   1099   1100   1101   ...   1156




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет