Буып-түю және таңбалау
Косметика
Өнімдер тұтынушыларға болжамды пайдалану, ингредиенттер, қауіпсіздік мәселелері және
заңмен талап етілетін басқа да маңызды фактілер туралы ақпарат беру үшін нарыққа келіп түскенше дейін
буып-түйілуі және таңбалануы тиіс. Өндірушілер сақтауы тиіс таңбалаудың белгілі бір ережелері бар.
Жалпы косметикалық өнімдер мен рецептісіз дәрі-дәрмектердің таңбалары анық, түсінікті және шынайы
(яғни жаңылыстырмайтын) болуы тиіс). Косметикалық өнімдерді таңбалау және буып-түю Азық-түлік, дәрі-
дәрмек және косметикалық құралдар туралы заңға және 1967 жылғы Тауарларды буып-түю мен таңбалауда
ақиқатты көрсету туралы заңға сәйкес реттеледі, ал рецептісіз препараттар үшін осындай заңдар Федералдық
қағидалар жинағында (CFR) баяндалған.
19
Өнімнің екі түрін де таңбалау туралы норма егжей-тегжейлі,
сондай-ақ мемлекетаралық саудадағы барлық тұтыну тауарлары адал және ақпараттық таңбалануды талап
етеді. FDA-ның өз веб-сайтында косметиканы таңбалауға қойылатын талаптар туралы ақпаратты қамтитын
таңбалау нұсқаулығы бар. Нұсқаулықтың бір бөлігі ретінде, ол өндірушілер мен дистрибьюторларға үлгілердің
көмегімен таңбалау бойынша сұрақтарға жауап беруге көмектесетін таңбалау нұсқаулығын қамтиды.
Барлық косметикалық өнімдер, кәсіби пайдалануға арналған өнімдер (мысалы, мамандар клиенттер үшін
жұмыс орны бойынша қолданатын препараттар) немесе бөлшек сауда үшін таратылмайтын өнімдерден (мысалы,
тегін өнім үлгілерден) басқа, Тауарларды буып-түю мен таңбалауда ақиқатты көрсету туралы заңның әрекетіне
жатады.
Сондықтан қонақ үйлерден алынған тегін өнімдер туралы тек шектеулі ақпаратты табуға болады
(Таңбалау ережелері туралы ақпаратты осы тараудың 2-бөлімінен қараңыз).
Тиісті таңбалау нормаларын сақтауды қамтамасыз ету шеңберінде, FDA
Достарыңызбен бөлісу: |