2-БӨЛІМ: АҚШ-ТА САТЫЛАТЫН КОСМЕТИКА ЖӘНЕ РЕЦЕПТІСІЗ ДӘРІЛІК-КОСМЕТИКАЛЫҚ
ҚҰРАЛДАРҒА АРНАЛҒАН ТАҢБАЛАУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚ
ОҚЫТУ МІНДЕТІ
Осы бөлім аяқталған соң, оқырман
1.
келесі терминдерді анықтай алады:
Алфавиттік
тәртіп
Өндіруші ел
Басымдықтың кему тәртібі
Қауіпсіз пайда-
лану жөніндегі
нұсқаулық
Дәрілерге ар-
налған ақпарат-
тық қорапша
Қолданылу
мерзімінің
аяқталу күні
Тауарларды
буып-түю мен
таңбалауда
ақиқатты көрсе-
ту туралы заң
Сәйкестікті
бекіту
Тұтыну қапта-
масы
КИХН
КИХН бойын-
ша атаулар
Ақпараттық па-
нель
Ингредиенттер
декларациясы
Заттаңба
Таңбалау
Сыйым-
дылықтың таза
мөлшері
Сыртқы орама
Негізгі дисплей
панелі
Бөлшек сату
Ескерту жазба-
сы
2.
АҚШ-та косметикалық өнімдерді таңбалау мен буып-түюді реттейтін нормаларды атай алады;
3.
қаптама мен заттаңбаны ажырата алады;
4.
сыртқы және ішкі ораманы ажырата алады;
5.
заттаңбаны және таңбалауды ажырата алады;
6.
негізгі дисплей панелі мен ақпараттық панельді ажырата алады;
7.
АҚШ-та негізгі дисплей панелінде косметикалық өнім туралы қандай ақпарат болуы керек екенін атай;
АҚШ-та ақпараттық панельде косметикалық өнім туралы қандай ақпарат болуы керек екенін атай алады;
8.
хош иісті қоспалар мен хош иісті заттар косметикалық өнімнің заттаңбасында қалай көрсетіле
алатынын түсіндіре алады;
9.
АҚШ-та негізгі дисплей панелінде рецептісіз косметикалық-дәрілік құралдар туралы қандай ақпарат
болуы керек екенін атай алады;
10.
АҚШ-та ақпараттық панельде рецептісіз косметикалық-дәрілік құралдар туралы қандай ақпарат болуы
керек екенін атай алады;
11.
АҚШ-та сатылатын косметикалық өнімді таңбалау үшін ресми тілді атай алады;
12.
косметикалық өнім және рецептісіз дәрілік-косметикалық құралдар жағдайында ингредиент
декларациясына қойылатын талаптарды қысқаша талқылай алады;
13.
тегін негізде таратылатын косметикалық өнім, мысалы, шаштаразда сусабынның тегін үлгісі туралы
ингредиент декларациясының ресми ережесін түсіндіре алады;
14.
АҚШ-қа импортталатын косметикалық өнім таңбалаудың қандай
ережелеріне сәйкес келуі тиіс екенін түсіндіре алады;
15.
«КИХН» қысқартуы дегеніміз не және КИХН бойынша атаулар қалай анықталатынын түсіндіре
алады;
16.
АҚШ-та тұтынушылар косметикалық өнімнің немесе рецептісіз косметикалық-дәрілік өнімнің дәл
құрамын білетіндігін қысқаша талқылай алады.
|