Ванна мен душқа арналған өнімдер
Ванна мен душқа арналған өнімдер кесек сабын, ваннаға арналған
тұздар, ваннаға арналған бомбалар мен түйіршіктер (яғни капсулалар) сияқты қатты дәрілік түрлерден бастап,
душқа арналған гельдер мен кремдерді қоса алғанда жартылай қатты түрлерге, ваннаға арналған көбік пен
майлар сияқты сұйықтықтарға дейінгі әртүрлі құрамаларды қамтиды.
Бет тазалау сияқты,
сабын
кесегі
дәстүрлі дене тазалау құралы ретінде қолданылды. Олардың құрамында
табиғи сабын, яғни майлы қышқылдардың сілтілі тұздары бар. Алдыңғы бөлімде айтылған кемшіліктерге
және синтетикалық жуғыш заттардың пайда болуына байланысты соңғы онжылдықта кесек сабынды
пайдалану айтарлықтай қысқарды. Ванналарда пайдалану кезінде табиғи беттік белсенді заттардың қосымша
кемшілігі – олар қатты су болған кезде ванналардың қабырғасында қақ пен сақиналарды қалыптастырады.
Сабын сақиналары оңай шайылмайды. Сонымен қатар, олар, әдетте, киімде көрінетін қабат түзеді және
маталарды қатты етеді. Денені тазалауға арналған синтетикалық жуғыш заттар бетке арналған тазалау
заттарына ұқсас. Олардың құрамында теріге нәзік синтетикалық беттік белсенді заттар бар.
Достарыңызбен бөлісу: |