Косметика өндірісі мен технологиясына кіріспе


Тері ылғалдандырғыштары теріге қалай әсер етуі мүмкін?



Pdf көрінісі
бет355/1156
Дата14.12.2021
өлшемі16,24 Mb.
#126472
1   ...   351   352   353   354   355   356   357   358   ...   1156
Байланысты:
b436ce0a649361871333ff7a454fb4e8 original.17032999

Тері ылғалдандырғыштары теріге қалай әсер етуі мүмкін?

Тері ылғалдағыштарын қолданудың негізгі себебі – терінің бүтіндігін және оның қорғаныс функцияларын 

сақтау.  Бұрын  талқыланғандай,  теріні  тазартатын  өнімдерде  беттік  белсенді  заттардың  терімен  өзара 

әрекеттесуінің күрделі салдары болуы мүмкін. Жуу құралдары және сумен қайталанатын және шамадан тыс 

қатынасқа  түсу,  немесе  төмен  температура,  жел  және  дымқыл

 

ауа,  теріні  құрғатып,  тітіркендіреді. Екінші 



жағынан, теріні ылғалдандырғыштарды пайдалана отырып, жұмсағырақ жуу құралдарымен шектеулі қатынас 

теріні  жақсы  күйде  ұстап  тұруға  көмектеседі. Ылғалдандыру  құралдарын  пайдаланудың  пайдалы  әсерлері 

келесідей.

■ 

Ылғалдандыру құралдар құрамында теріні 



ылғалдай

 алатын, корнеоциттердегі жоғалған ТЫФ орнын 

баса алатын, жасушааралық липидтермен толықтырып, тері үстіндегі қорғаныс қабатын қалыптастыра алатын 

ингредиенттер бар. Мұндай құрамалардың негізгі артықшылығы, олар қолданылатын ингредиенттердің типі 

мен санын өзгерте отырып, терінің барлық түрлерінің ылғалдануын сақтай алады. Көптеген тұтынушылар, 

симптомдар терінің құрғақтығын көрсетпесе, өнімдерді олардың терісіне, арқа мен кеудеге, әсіресе аяққа жағу 

мағынасыз деп санайды. Бұл дұрыс емес, себебі терінің барлық типтері ылғалдануды қажет етеді. Құрғақтық 

–  тері  көзбен  құрғақ  көрінетін  кезең.  Тұтынушылар  ылғалдандыру  құралдарын  жақпай,  құрғақтық  айқын 

болғанға дейін күтпеуі керек.

■ 

Бүгін 



күннің

 ықтимал зиянды әсері мен оның қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді салдарлары, мысалы 

күйіктер,  қартаю  және  тері  обырының  дамуы  жөнінде  алаңдаушылық  артуда.    Сондықтан  көптеген 

бетке  арналған  ылғалдандыратын  кремдер  теріге  жететін  УК  сәулесін  химиялық  немесе  физикалық 

сүзуге және осы теріс әсерлерді болдырмауды қамтамасыз ететін күннен қорғайтын құралдарды (бетке 

арналған негіздерге ұқсас) қамтиды.

■ 

Көбіне-көп  ылғалдайтын  құралдар  құрамында 



қартаюмен

  күресетін  ингредиенттер  бар.  Ең  жиі 

қолданылатын ингредиенттердің бірі – АГҚ. Олар 20 ғасырдың соңында нарықта ұсынылған өте тиімді 

қартаюға  қарсы  алғашқы  ингредиенттер  болды.  Қосымша  ингредиенттер  осы  тараудың  4  бөлімінде 

талқыланады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   351   352   353   354   355   356   357   358   ...   1156




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет