Косметика өндірісі мен технологиясына кіріспе


Шын сабынды FDA емес, Тұтыну өнімдерінің



Pdf көрінісі
бет38/1156
Дата14.12.2021
өлшемі16,24 Mb.
#126472
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   1156
Байланысты:
b436ce0a649361871333ff7a454fb4e8 original.17032999

Шын сабынды FDA емес, Тұтыну өнімдерінің 

қауіпсіздігі жөніндегі Комиссия реттейді. 

Мұның себебі, сабын 1938 жылғы Азық-түлік, дәрі-дәрмек және 

косметикалық  құралдар  туралы  заң  болып  табылатын  косметика  туралы  бірінші  регламентке  қосылмаған 

және сол уақыттан бері қосылу талпыныстары байқалмаған. FDA-ның косметикаға арналған анықтамасын 

негізге алсақ, сабын косметикалық құрал болады, себебі ол біздің қолымыз бен денемізді тазалайды;

 

алайда, 



реттеме оны косметика анықтамасынан алып тастайды.

 

Төмендегі кірістірмеде шын сабынның ресми, заңды 



анықтамасын таба аласыз.

30

 FDA-ға сәйкес, нағыз сабын: «(1)



 

Өнімдегі ұшпайтын қосылыстардың негізгі бөлігі 

май қышқылдарының сілтілі тұзынан тұрады, ал өнімнің жуу қасиеттері сілтілі және май қышқылдарының 

қосылыстарынан тұрады; (2)

 

және өнім таңбаланады, сатылады және тек сабын ретінде ұсынылады». 



Бүгінгі  таңда  нарықта  дәстүрлі  түсініктегі  нағыз  сабынның  аз  ғана  саны  бар.  Көптеген  қол  және  дене  жуу 

құралдары  нарықта  шын  мәнінде  синтетикалық  беттік  белсенді  заттектер  болып  табылады  және  FDA 

құзыретіне  жатады. Бұл  беттік  белсенді  тазалау  құралдары  танымал,  себебі  олар  суда  көбікті  оңай  жасап, 

түзілімдер  құрмайды. Осы  синтетикалық  беттік  белсенді  заттардың  кейбіреуі  шын  мәнінде  сабын  түрінде 

сатылады; алайда, олар осы сөздің заңды анықтамасы бойынша шынайы сабын болып табылмайды.

Сабын өндірушілердің мәлімдемесіне келетін болсақ, сабын қарапайым косметикалық емес өнім, косметика 

немесе дәрі ретінде қарастырылуы мүмкін. Егер  сабынға  ол  біздің  қолымыз  бен  денемізді  тазалайды  деген 

мәлімдемеден басқа ешқандай косметикалық, сондай-ақ, дәрілік мәлімдеме жасалмаған болса, сабын құрамында 

дәрі-дәрмек жоқ, ыдыс жууға арналған жуу құралына ұқсас өнім болып саналады. Егер ылғалдандыратын 

немесе дезодорант-сабын сияқты нағыз сабын заттаңбасында косметикалық мәлімдеме болса, сабын косметика 

болып  саналады  және  оны  FDA  реттейді.  Егер  антибактериалды,  антиперспирантты  немесе  безеуге  қарсы 

зат сияқты сабынға арналған дәрілік мәлімдеме болса, сабын рецептісіз дәрілік-косметикалық өнім болып 

саналады және оны FDA реттейді.



33



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   1156




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет