Дәрі ме, әлде косметика ма?
Қартаюға қарсы құралдар дәрі не косметика бола алады. FDA сәйкес, «әжімді жоюға арналған өнімнің
дәрі немесе косметикалық зат ретінде реттелуі өндірушінің өнімге қоятын талаптарына байланысты». АҚШ-
тағы дәрі мен косметиканың анықтамасына қайтып келгенде (1-тараудың 1-бөлімі), осы екі категориялардың
арасындағы негізгі айырмашылық өнімдерді мақсатты пайдалану болып табылады. Өндірушілер олардың
мәлімдемелерінде және / немесе өнімдерінде пайдаланылған ингредиенттерінде өнім ережелер негізінде дәрі
деп саналатыны және соған сәйкес әрекет ететіні туралы шешім үшін жауап береді.
16
Қартаюға қарсы құрамаларда пайдаланылатын кейбір ингредиенттер белгілі бір концентрацияларда теріге
арналған қорғаныс құралдары ретінде рецептісіз дәрілер жөніндегі фармакопеялық құжатта көрсетілген.
17
Мысалдар алдыңғы бөлімдерде талқыланды. Егер олар аталған концентрациялардағы қартаюға қарсы
құрамаларға енгізілсе, өнімдер дәрілік заттар болып саналады.
Бұрын талқыланғандай, қартаюға қарсы құралдар жиі космецевтика ретінде жарнамаланады және «қарапайым
косметикамен» салыстырғанда қосымша артықшылықтар ұсынады деп мәлімденеді (яғни, космецевтика емес).
Алайда, қартаюға қарсы көптеген құралдар косметика ретінде сатылады, ал өндірушілер заттаңбаларда «белсенді
ингредиент» терминін пайдалана алмайды. Сондықтан негізгі ингредиенттерді жиі «биологиялық белсенді»
ингредиенттер деп атайды (немесе функционалдық ингредиенттер). Бұл құрамалардың көбісінде қартаюдың
алғашқы белгілерінің пайда болуын баяулатуға және / немесе осы белгілерді жоюға бағытталған бір немесе
бірнеше ингредиенттер бар болғандықтан, қосымша артықшылықтарды талап етуге негіз бар. Бұл термин
косметикалық жарнамада ғана емес, сонымен қатар мерзімді басылымдар мен жарнамалық материалдарда
кеңінен қолданылады.
Алайда, 1-тараудың 1-бөлімінде талқыланғандай, АҚШ заңнамасы оны мақұлдамайды.
Жаңа қартаюға қарсы ингредиенттер үнемі өңделіп, синтезделеді, ол қол жетімді ингредиенттер санының
артуына әкеледі.
Олардың әрекет ету механизмі, алайда, барлық жағдайларда түсінікті бола бермейді.
Демек,
өндіруші өнімнен дәрілік әсерлерді талап етпесе де, оны косметикалық зат ретінде сатқанымен, ол адам
терісінің құрылымына және / немесе функциясына әсер етуі мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |