Косметика өндірісі мен технологиясына кіріспе


■  Химиялық  күннен  қорғау  өнімдері



Pdf көрінісі
бет492/1156
Дата14.12.2021
өлшемі16,24 Mb.
#126472
1   ...   488   489   490   491   492   493   494   495   ...   1156
Байланысты:
b436ce0a649361871333ff7a454fb4e8 original.17032999

■ 

Химиялық  күннен  қорғау  өнімдері

,  әйтпесе  органикалық  УК  сүзгілер  ретінде  белгілі,  әдетте  хош 

иісті қосылыстар болып табылады. Олардың молекулалық құрылымы УК энергиясын сіңіруге жауапты. 

Органикалық сүзгілер УК сәулелерді сіңіреді, бұл күннен қорғау өнімінің химиялық заттарын жоғары 

энергия күйіне келтіруді тудырады. Содан кейін олар негізгі күйіне оралып, сіңірілген энергияны ұзын, 

төменгі энергия толқын ұзындығына (жылу) айналдырады (3.25, ә-сурет).

72

 Қазіргі уақытта АҚШ-та 15 



органикалық күннен қорғау ингредиенті мақұлданды. 

Мысалы 


органикалық УКВ-ны жұтатын сүзгілерге 

октиноксат, октисалат және падимат О жатады. УКА сүзгілеріне мысал ретінде авобензон, оксибензон 

және  мерадимат  келеді.  Органикалық  сүзгілер  көбінесе  қалаған  кең-ауқымды  қорғауды  қамтамасыз 

ету  үшін  бір-бірімен  құрамдастырылады. Күннен  қорғау  өнімдері  туралы  Рецептісіз  дәрілер  туралы 

фармакопеялық құжатына сәйкес, күннен қорғау өнімі кемінде 2-ге көбейтілген аралас қолданылатын 

белсенді күннен қорғау ингредиенттер санынан кем емес SPF болуы керек.

Органикалық күннен қорғау өнімдері олардың липофильді табиғатына байланысты теріге енуі мүмкін, бұл 



237

қауіпсіздік  мәселелерін  тудыра  алады.

73

  Көптеген органикалық күннен қорғау өнімдерінің мәселесі олардың 



фото-тұрақтылығы болып табылады. УК сәулелену әсеріне ұшыраған жағдайда УК сүзгілерінің құрылымы теріс 

әсер етуі және/немесе бұзылуы мүмкін. Нәтижесінде, негізгі қалпына қайтудың орнына, олар сіңіру қабілетінен 

айырылады. Сондықтан, көптеген құрамдастар фототұарқтандырғыштарды  қамтиды (басқа ингредиенттердың 

астында қосымша ақпаратты қараңыз).

   Жоғарыда аталып өткендей, бейорганикалық және органикалық УК сүзгілер оңтайлы фотоқорғанысты 

қамтамасыз ету үшін біріктіріледі. Бейорганикалық УК сүзгілері күн сәулесінің әсеріне тұрақты болады.

Алайда, бұл металл оксидтері УК сәулеленуден кейін еркін радикалдарды шығаруы мүмкін, бұл органикалық 

сүзгілерді жоя алады. Сондықтан, органикалық және бейорганикалық сүзгілерді біріктіргенде, беті өңделген 

бейорганикалық сүзгілерді, мысалы, кремний, алюминий немесе кремнезем қабаты бар TiO

2

 немесе ZnO-ні 



қолданған жөн.

74



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   488   489   490   491   492   493   494   495   ...   1156




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет