Косметика өндірісі мен технологиясына кіріспе


  Пигменттерді алдын ала үгіту



Pdf көрінісі
бет599/1156
Дата14.12.2021
өлшемі16,24 Mb.
#126472
1   ...   595   596   597   598   599   600   601   602   ...   1156
Байланысты:
b436ce0a649361871333ff7a454fb4e8 original.17032999
Grammar Biulding
1. 

Пигменттерді алдын ала үгіту

 деген бұл бір түсті ұнтақтың кесектерін жарып, үгетін кезең. Біртекті, 

тегіс және жалтыр ерін далабының түсін қамтамасыз ету үшін пигменттер жақсылап ұнтақталуы тиіс. 

Бұл кезең барысында әдетте кастор майы сияқты майды пайдаланып, үш білікті диірмен, шарлы диірмен 

немесе осы сияқты кәдімгі диірмен арқылы немесе зертханалық масштабта келіге салып «пигментті 

ұнтақты»  дайындайды.  Бүгінгі  таңда  осындай  ұнтақтауды  талап  етпейтін  алдын  ала  микрондалған 

пигменттер бар; бірақ жабысып қалған бөлшектерді ажырату үшін біраз күш салу керек. Сонымен қатар сұйық 

пигменттер ерітінділері жиі  пайдаланылады. Оларды алдын ала өңдемей-ақ майларға немесе балауыздарға 

қосуға болады.

 

Атап өту керек, тана пигменттері сияқты арнайы әсер беретін пигменттерді ешқашан 



ұнтақтауға  болмайды.  Осындай  бөлшектер  өзегіне  кемінде  бір  қабат  метал  оксидтерін  жағу  арқылы 

алынады.Үгіткен кезде олардың жабыны зақымдалуы немесе жойылуы мүмкін, бұл жылтырдың жоғалуы 

мен түсінің өзгеруіне әкеп соқтырады. Далап жасауға арналған қоспа толығымен араластырылған кезде, 

оларды абайлап қана араластыруға болады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   595   596   597   598   599   600   601   602   ...   1156




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет