Ерін бояуға арналған өнімдердің қапталуы
Ерін бояуға арналған өінмдерді қаптау үшін ең жиі қолданылатындарға мыналар кіреді:
■
Далап сауыттары
: Ерін далабы мен бальзамдарға арналған классикалық қаптама сондай-ақ түтік деп
аталады. Түтіктердің далапты ішіндегі цилиндрден көтеретін айналатын, бұралатын немесе қысыммен
итеріп шығаратын негіздері болады. Далаптар қалыпқа құйылып, суытылғаннан кейін сауыттарына
орнатылады, ал ерінге арналған бальзамдар тікелей түтіктерге құйылады.
■
Ерін жылтырларына арналған түтіктер
: Ерінге арналған жылтырларды әдетте мөлдір шыны немесе
пластик түтіктерге салып, оларды түбіне аппликаторы бар таяқша орнатылған қақпақтармен жабады.
Тұтқырлығы төмен болған өнімдер, мысалы ерінге арналған жылтырларды корпусына айналатын шарик
орнатылған жұмсақ түтіктерге құяды. Таяқша түрінде қатпайтын, тұтқырлығы орташа болған өнімдерді,
мысалы бөлме температурасында жұмсаратын ерін бальзамдарын қиғаш ұштығы бар жұмсақ түтіктерге
қаптайды.
■
Құтылар мен құмыралар
: Балама ретінде ерінге арналған жылтырлар мен бальзамдар кейін оларды
саусақпен алып жағуға болатынтай кішкентай құтыларға, құмыраларға немесе жіңішке металл қораптарға
салынуы мүмкін.
■
Қарындаш сауыты
: Ерінге арналған лайнерлер мен кейбір жылтырларды ағаш не пластик сауыттарға
қаптайды. Пластик сауыттар далапқа арналған сауыттарға ұқсайды, оларды пайдаланған кезде бұрап
шығаруға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |