Қабаққа арналған бояулар
Қабаққа арналған бояулар престелген және сусымалы ұнтақтар, крем,
таяқашалар және қарындаштар түрінде қолжетімді.
Қабаққа арналған бояулар
Сусымалы және престелген ұнтақта түріндегі қабаққа арналған бояулар осы
өнім категориясының көпшілік қолданатын түрі. Олар әдетте жұмсақ ұшы бар аппликатор немесе қылқалам
арқылы үстіңгі қабақтың терісіне жеңіл қимылдармен жағылады. Престелген ұнтақтар сусымалы ұнтақтардың
«пайдалануға дайын» түрі болып табылады. Ингредиенттері бойынша бір-біріне ұқсас болса да, өнімнің
екі түрінің арасында нақты бір айрмашылығы бар: престелген ұнтақтар құрамында ұнтақтың бөлшектерін
престелген күйінде бірге ұстап тұруға арналған байланыстырғыш заттектер бар. Қалған ингредиенттер өте
ұқсас болады; сондықтан олар басқа бөлімде талқыланады.
Престелген ұнтақтар да, сусымалы ұнтақтар да көбінесе толтырғыштар, пигменттер және тана бөлшектері
сияқты ұнтақталған ингредиенттерден тұрады.
Достарыңызбен бөлісу: |