Косметика өндірісі мен технологиясына кіріспе


Бетке арналған косметиканы пайдалану тарихы



Pdf көрінісі
бет671/1156
Дата14.12.2021
өлшемі16,24 Mb.
#126472
1   ...   667   668   669   670   671   672   673   674   ...   1156
Байланысты:
b436ce0a649361871333ff7a454fb4e8 original.17032999

Бетке арналған косметиканы пайдалану тарихы

Бетке  арналған  косметиканы  дайындау  тарихы  тарихтан  бұрынғы  замандарға  жатады.  Ежелгі 

Месопотамиядағы әйелдер б. з. д. 3000-да «талак» деп аталатын («тальк» сөзінен шыққан) заттың негізінде 

минералды пигменттер қоспасынан тұратын косметиканы пайдаланған. Жалпы, әйелдердің терісі ақ болуы, 

бет терісінің проблемалары, мысалы, ақаулары, болмауы тиіс, себебі бұл артықшылықты, жұмыс істемей өмір 

сүрудің белгісі болатын. Замандар бойы ақ құба болу жиі бос уақыт белгісі деп саналған, ал күнге күйген 

тері ашық ауада өмір сүргенді көрсететін. Адамдар өз терісіне жағып, кемшіліктерін жасыру үшін көбі өте 

улы  және  тіпті  өлімге  апаратындай  болған  түрлі  химиялық  заттарды  пайдаланатын.  Ежелгі  Мысырда  дін 

қызметкерлері гипс (ақ ұнтақты) беттерін ағарту үшін пайдаланған. Ежелгі Мысырда қолданылатын қосымша 

ингредиенттерге бор, қалайы оксиді, інжу және қорғасын карбонаты кіретін. Сондай-ақ, беттің ақ күңгірт түсі 

Ежелгі Грецияда да, Римде де тазалықты бейнелейді. Әдетте ол Мысырда қолданылған гипс, бор, каолин және 

қорғасын карбонаты сияқты ингредиенттер арқылы жасалған.

Ортағасырлық  Еуропада  беттің  бозғылт  терісі  денсаулық  белгісі  болған.  Алтыншы  ғасырда  әйелдер 

осындай  түрге  қол  жеткізу  үшін  қан  жіберу  сияқты  шаралар  да  қолданған.  Италиядағы  Ренессанс  кезінде 

бетті ағарту үшін қорғасын бояуы қолданылатын, бұл иесінің терісіне өте зиянды болған. Елизавета патшайым 

кезіндегі  Англияда  косметика  денсаулыққа  қауіпті  болып  саналатын,  бірақ  әйелдер  бетті  жылтырату  үшін 

жұмыртқа  ақуыздарын  шайқап,  жағатын.  Қорғасынды  сіркесумен  бірге  араластырып,  ақ  опа  деп  аталатын 

пастаны жасаған. Ақ 

   қорғасын жиі шаштың түсіп қалуына әкеп соқтыратын, 

оның көп қолданылуы сол 

кездегі кең маңдайлардың себебі болған.

1

 Франциядағы реставрация кезінде 18-ші ғасырда қызыл бет далабы



мен ерін далабы дені сау, көтеріңкі көңіл-күйді көрсету үшін пайдаланылған. Регенттік дәуірінде (1810-

1820 жылдар) бет далабы көпшілік қолданылған ең маңызды элемент болды. Жұмыссыз еркін өмірдің дәлелі 

ретінде беттің бозғылт түсін сақтау үшін әйелдер шляпалар киген, қолшатыр алып жүрген, денесінің барлық 

көрінетін бөліктеріне ағартқыштар мен дақ шығарғыштар жаққан. Өкінішке орай, осы құралдардың көбі өлімге 

ұшырататын. Викториандықтар макияжды жек көріп, оны пайдалануды жезөкшелермен және актрисалармен 

байланыстырды.

Нақты эволюция 1910 жылдары басталды. 1914 жылы Макс Фактор компаниясы өзінің pancake макияжын 

ұсынды. Стеарат, ланолин және құрғақ ұнтақтар қоспасынан тұратын Pancake макияжын жағу оңай болмайтын. 

Осыдан  кейін  көп  ұзамай  престелген  ұнтақ  болды.  Әйелдер  косметика  пайдалануға  бейім  болғанына 

қарамастан, макияж күнделікті өмірдің бір бөлігіне айналмады. 1950 жылдары нарыққа шығарылған өнімдер 

саны нағыз шу шығарды. Шағын косметика крем негізінде қолжетімді түрде болды; негізі ретінде сұйық крем 

қолданылатын. Қазіргі заман үрдістері өткен стильдермен араласып, табиғи түрге қайтып келген сияқты.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   667   668   669   670   671   672   673   674   ...   1156




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет