Косметика өндірісі мен технологиясына кіріспе


Тырнаққа күтім жасау құралдарын пайдалану тарихы



Pdf көрінісі
бет712/1156
Дата14.12.2021
өлшемі16,24 Mb.
#126472
1   ...   708   709   710   711   712   713   714   715   ...   1156
Байланысты:
b436ce0a649361871333ff7a454fb4e8 original.17032999

Тырнаққа күтім жасау құралдарын пайдалану тарихы

Тырнақ косметикасын пайдалануы ежелгі тарих заманынан басталады. Тырнаққа арналған лакты қашан 

ойлап тапқаны жөнінде нақты мәліметтер жоқ; алайда ол Қытайда шамамен б.з.д. 3000 жылдары пайда болды 

деп саналады. Тырнаққа арналған бірінші лак жұмыртқа ақуызынан, ара балауызынан, өсімдік бояғыштарынан, 

желатиннен және кейде ара шайырынан жасалған. Б. з.д. шамамен 600 жылдары патшалар алтын мен күміс 

түстерін артық көретін; кейінірек олардың сүйікті түстері қызыл және қара болды.

14

 Ежелгі мысырлықтар мен 



үндістер тырнақ бояу үшін қына мен басқа да табиғи өсімдік бояғыштарын пайдаланған. Мысырда ақсүйектер 

үшін ашық қызыл рұқсат етілген, ал төмен дәрежелі әйелдер тек бозғылт реңкті пайдалана алатын. Қытайда 

Мин династиясы кезінде (14-17 ғасырлар) жоғары класстағы әйелдер мәртебенің символы ретінде өте ұзын 

жасанды тырнақтар салатын, бұл қарапайым халыққа қарағанда олардың қара жұмыспен айналыспайтынын 

көрсететін. Тазалық пен гигиена  викториан дәуірінде маңызды болды; таза тырнақтар заман қажеттілігіне 

айналды. Маникюрдің ең танымал түрі қарапайым болатын, тырнақтарды жай ғана тегістеп, қызыл маймен 

бояп қоятын.

19 ғасырда және 20 ғасырдың басында «тырнаққа арналған лак» деген боялған май немесе ұнтақ болды. 

Оны тырнақты сүрту және жылтырату үшін пайдаланып, бір уақытта тырнақты тегістеп, бояйтын.

15

 Жазбалар 



бойынша қазіргі уақытта өзіміз білетін түрдегі тырнаққа арналған лакты 1920 жылдары француз визажисты 

Мишель Менар ойлап тапқан.  Менар Чарльз Ревсон және оның ағасы ашқан компанияда жұмыс істеді. Менар 

өз шабытын автомобиль бояуға арналған эмальдардан алған, ол тырнақ әшекейлеу үшін ойлап тапқан құрылым 

сол эмальдерге өте ұқсас болатын. Ол сол нитроцеллюлозадан жасалған, еріткіште ерітілген, автомобильдерде 

пайдаланылған заманға сай лакты жасай алды (тек дәл сондай беріктікке қол жеткізе алмады) .

16

 Шарль Ревзон 



компаниясы Revlon болып аталды (атауының ортасында химик болған басқа қосалқы құрылтайшысы үшін 

«

L



»  қосылды).  Revlon  компаниясының  алғашқы  тырнаққа  арналған  лагы  1932  жылы  сатылды.  Голливуд 

тырнаққа  арналған  жаңа  лакты  танымал  қылды.  Бұл  айтарлықтай  арзан  болды.  Боялған  тырнақ  пен  оған 

сәйкес ерін далабын пайдалану аздап голливудтық гламур беретін. Тырнаққа арналған лак формуласы Мишель 

Менар ойлап тапқан формулаға ұқсас болып қалды. Оған ұзаққа сақталуы және жылдам құрғауы үшін шағын 

түзетулер енгізілді; алайда, шын мәнінде, бұл сол күйінде қалды.

Акрилді тырнақ өсіру үшін материал ретінде пайдалану кездейсоқтықпен басталды. Оны 1950 жылдары 

ойлап тапқан Фред Слэк, Филадельфиядағы стоматолог. Ол жұмыс істеп жатқан кезде тырнағын сындырып 

алды. Ол өз клиникасында болған алюминий фольга мен тіске арналған акрил сияқты материалдарды қолданды. 

Бұндай нәтижеге дәрігердің өзі таң қалды: тырнақтың табиғи көрінісі сақталып, ауырғаны да басылды. Ол әр 

түрлі акрил мономерлерімен және полимерлермен эксперименттер жасап, көп ұзамай өнертабысты патенттеді. 

Ол ойлап тапқан өнім тырнақты нығайтуға, сондай-ақ ұзартуға көмектеседі. Бұл әлі күнге дейін өте танымал әдіс 

болды. Сдэк отбасы бүгінгі күні барлық дәстүрлі акрил жүйелерінде пайдаланылатын бірінші сарғаймайтын, 

құрылымдалған  құрамдарды  әзірлеуді  жалғастыруда.  Олар  шыныталшықпен  нығайтылған,  ультракүлгін 

сәулелермен  қатырылатын,  жарықпен  белсендірілген  сұйық  және  ұнтақты  акрил  гельдерді,  сондай-ақ  ауа 

мен және жылу арқылы белсендіретін жылтырататын герметиктерді ұсынды. Бүгінде Фред Слэк, зерттеулер 

мен әзірлемелер жөніндегі директор және оның ұлы Рик Слэк, Президент, бүкіл әлем бойынша таратылатын 

инновациялық өнімдерге деген қажеттілікті үнемі қанағаттандырып отыру үшін NSI (Nail Systems International) 

басқарады.

17

Бүгін тырнаққа арналған лак өнімдері ойға сыйымды болатын кез келген реңктерде қолжетімді. Тырнақ 



ьояуға қоса, көптеген адамдар тырнақты безендіру өнерімен немесе түрлі -түсті тырнаққа арналған лактарды 


342

пайдалана  отырып,  тырнаққа  күрделі  сурет  салу  арқылы  алға  тағы  бір  қадам  жасайды.  Кейбіреулер  тіпті 

кішкентай моншақтар, жылтыр және басқа да әшекейлер сияқты тырнақтарға 3

D

 элементтерді қосады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   708   709   710   711   712   713   714   715   ...   1156




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет