Косметика өндірісі мен технологиясына кіріспе


ШАШТЫ КҮТУГЕ АРНАЛҒАН ӨНІМДЕР



Pdf көрінісі
бет754/1156
Дата14.12.2021
өлшемі16,24 Mb.
#126472
1   ...   750   751   752   753   754   755   756   757   ...   1156
Байланысты:
b436ce0a649361871333ff7a454fb4e8 original.17032999

5

ШАШТЫ КҮТУГЕ АРНАЛҒАН ӨНІМДЕР

КІРІСПЕ

Шашты күтуге арналған өнімдер нарығы дүние жүзіндегі жеке күтім жасау нарықтарының ең үлкені. 

Шаш пен бас терісін жуу әмбебап тәжірибеге айналды. Бұрын шашқа күтім жасауға арналған өнімдерді 

пайдаланудың  басты  мақсаты  қоқыс  пен  кірден  тазалау  болатын.  Қазіргі  уақытта  шашты  күтуге  арналған 

өнімдер шашты сәндеу, пайдалану оңайлығы немесе зақымдалған шашты қалпына келтіру сияқты қосымша 

артықшылықтарды қамтамасыз етуді көздейді. Шашты күтуге арналған негізгі құралдарға қосымша қайызғақ 

сияқты  белгілі  бір  шаш  проблемаларын  емдеуге  арналған  арнайы  өнімдер  бар.  Шашты  күтуге  арналған 

өнімдер  нарығының  зәулім  бөлігі  шашты  сәндеуге  арналған  құралдарға  көңіл  бөледі,  олар  бекіткіштерді, 

бояғыш қосындыларды, сондай-ақ шашты түзету және бұйралау құралы ретінде белгілі шаш талшығының 

қалыпты физикалық және/немесе химиялық табиғатын өзгертетін өнімдерді қамтиды. Шаш жеке көріністегі 

өте  маңызды  фактор,  сондықтан  оған  тиісті  күтімді  қамтамасыз  ету  қажет.  Өзінің  керемет  мықтылығына 

қарамастан, шаш атмосфералық әсерлерден, химиялық әсерлерден, ыстық және уытудан зақымдануға бейім; 

осылайша, жақсы нәтижелерге жету үшін тиісті өнімдер пайдаланылуы тиіс.

Шаш күтімі, түсі мен стилі адамдардың физикалық бейнесі мен өзін-өзі сезінуінде маңызды рөл атқарады. 

Шаш адамның жынысын, жасын, жыныстық қатынасын және әлеуметтік мәртебесін айқындайды. Әйел не 

ер азамат болса да, адам нәсіліне қарамастан шаш фолликулының саны бойынша айырмашылығы болмайды.

Бұл тарауда адам шашының құрылымы және оның негізгі функциялары, сондай-ақ шашқа жағылатын әр 

түрлі өнімдер жөнінде негізгі түсінік беріледі. Оларға шаштан кірді кетіруге және шаш сәндеуге арналған 

өнімдер, шаш сапасын жақсарту және/немесе олардың пішіні мен түсін уақытша не тұрақты түрде өзгерту 

үшін пайдаланылатын өнімдер жатады. Сонымен бірге бұл жерде шаш тазалауға арналған өнімдерінің, шаш 

кондиционерлерінің, шашты сәндеу өнімдері мен шашты бояуға арналған өнімдердің негізгі сипаттамалары 

беріледі, ингредиенттері, жасалу технологиясы, сынау әдістері олар үшін қолданылатын қаптау құралдары 

сипатталады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   750   751   752   753   754   755   756   757   ...   1156




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет