Косметика өндірісі мен технологиясына кіріспе



Pdf көрінісі
бет839/1156
Дата14.12.2021
өлшемі16,24 Mb.
#126472
1   ...   835   836   837   838   839   840   841   842   ...   1156
Байланысты:
b436ce0a649361871333ff7a454fb4e8 original.17032999
Grammar Biulding
СІЗ БІЛЕСІЗ БЕ?

«Этникалық шаш күтімі» дәстүрлі түрде қатты, бұйра немесе дудар шаштары 

бар афроамерикалық тұтынушыларға арналған өнімдерге жатады.

Шашты сәндеуге арналған құралдар, әдетте, тері мен шаш үшін қауіпсіз және көптеген артықшылықтарға 

ие  болуы  мүмкін.  Алайда,  тұтынушылар  шаш  сәндеуге  арналған  құралдарын  өздеріне  қажет  болғанынан 

көбірек көлемде пайдаланады немесе шаштарын сәндеу құралдарының тиісті түрін пайдаланбайды. Уақытша 

және перманентті бұйралау және шашты түзету – бұл әдетте қолданылатын шаш сәндеудің әдістері, олар тек 

абайлап қолданған, тұтынушының шаш түріне сәйкес таңдап, өндірушінің нұсқауларын орындаған жағдайда 

ғана  қауіпсіз  деп  саналады.  Тіпті  бұйралауға  арналған  қысқыштар  сияқты  қарапайым  құралдар  дұрыс 

пайдаланбағанда, шаштың елеулі және қайтымсыз зақымдануына әкелуі мүмкін.

11

. Шашты сәндеуге арналған 



құралдарды және/немесе шашты сәндеуге арналған процедуралар мен керек-жарақтарды шамадан тыс және 

дұрыс қолданбау шаштың сыртқы көрінісіне теріс әсер беруі мүмкін. Міне, шаш пен бас терісіне арналған 

өнімдер мен құралдардың негізгі теріс әсерлерін, сондай-ақ шаштың табиғи көрінісін өзгертпес бұрын ескеру 

қажет болатын негізгі факторлардың қысқаша баяндалуы.

■ 

Пленка құрағыш полимерлер негізіндегі шашты сәндеуге арналған құралдарды шамадан тыс пайдалану 



шашқа ауырлау әсерін беріп, жылтырлықты азайтып, немесе тіпті ақ 

қабыршақтардың

 пайда болуына 

келтіруі  мүмкін.  Қабыршақтар  қайызғаққа  ұқсайтын,  шаш  талшықтарынан  қатпарланып  түскен 

кішкентай полимерлік бөлшектер.

■ 

Шашты  сәндеуге  арналған  жұмсартқыш  құралдарды  шамадан  тыс  пайдалану  пайдаланушылар  қол 



жеткізгісі келгенге тырысатынға қарама-қарсы әсерге әкеп соғып, шашты 

майлы, ауыр

 етіп көрсетеді.




399

■ 

Шашты сәндеуге арналған құралдарды тұрақты және дұрыс кетіру маңызды, өйткені бұл өнімдер шаш 



талшықтарына 

жинақталып

, қосымша шаң мен кірді қамтамасыз етеді. Мұның бәрі шашты күңгірт әрі 

майлы етіп көрсетеді.

■ 

Сусабындар  мен  кондиционерлер  сияқты,  шашты  сәндеуге  арналған  өнімдер  салдарынан  болатын 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   835   836   837   838   839   840   841   842   ...   1156




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет